Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК



бет1/286
Дата22.08.2017
өлшемі29,41 Mb.
#24263
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   286





С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ БИОСТАТИСТИКА МОДУЛІ

ПОӘК




Силлабус

пән Математика. 1- бөлім - Mat 1211


мамандығы 05В074800- «Фармациялық өндірістің технологиясы»


Курс

-

бірінші

Семестр I













Барлығы

-

3 кредит (135 сағат)
















Дәрістер

-

15 сағат
















Практикалық сабақтар

-

30 сағат
















СОБЖӨЖ

-

21 сағат
















Барлық аудиториялық

-

66 сағат
















СӨЖ

-

69 сағат
















Бақылау түрі

-

Емтихан




Алматы, 2012

Силлабус ҚР МЖМБС6.08.029-2009 сәйкес С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Университеті медициналық биофизика және биостатистика модулінің доценті Аймаханова А.Ш., аға оқытушы Раманқұлова А.А. құрастырған.
Силлабус модуль отырысында талқыланған

«___»_____________2012ж., № ___ хаттама

Модуль жетекшісінің м.а., профессор ________________________Нұрмағанбетова М.О.

ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

ЖОО аты

-

С.Ж. Асфендияров ат.Қазақ Ұлттық Медицина университеті

Модуль

-

Медициналық биофизика және биостатистика

Пән

-

«Математика.1 бөлім» - Mat 1211

Мамандығы

-

05В074800- «Фармациялық өндірістің технологиясы»

Оқу сағатының көлемі

-

3 кредит (135 сағ)

Курс және оқу семестрі

-

1 курс, 1 семестр


Модуль оқытушылары туралы мәліметтер:


Аймаханова Айзат Шалхаровна

-

доцент

Раманкулова Алима Абдрамбековна

-

аға оқытушы


Байланыс ақпараты:

Медициналық биофизика және биостатистика модуліңің мекен жайы: Алматы қ., Богенбай батыр көшесі 151, № 2 оқу корпусы, 2- қабат (оң қанат), тел.2-92-69-86 ішкі 219,190.


Пәннің саясаты

Студент міндетті:



  • дәрістерге, практикалық сабақтарға кешікпей және халатпен келу;

  • себепсіз сабақ жібермеу, себепті жағдайда сабақ жібергенде, мысалға, ауырып қалған жағдайда жіберілген сабақтарды өтеуге деканат тарапынан рұқсат алып келу;

  • жіберілген сабақтар оқытушы тағайындаған белгілі уақытта өтелуі тиіс;

  • практикалық сабақтардың тапсырмалары талапқа сәйкес орындалуы және безендірілуі қажет;

  • жұмыстың барлық түрлері тағайындалған мерзімде тапсырылуы керек;

  • тағайындалған мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар қарастырылмайды;

  • аралық бақылауларды және бақылау жұмыстарын тапсырмағандар, семестр бойы 30 балл (50%) жинамаған студентер емтиханға жіберілмейді.




  1. БАҒДАРЛАМА

    1. КІРІСПЕ

Заманауи ғылым мен техникада зерттеу мен жобалаудың математикалық әдістері күннен-күнге маңызды роль атқарып келеді. Нақты есептерді шешуде математиканың табысты қолданылуын кеңейтуге мүмкіндік беретін есептеу техникасы кеңінен енгізілуде. Барлық есептерді шешу үшін стандартты қалыпты ғана игерген мамандарды дайындау қазіргі таңда жеткіліксіз. Заманауи технологтардың математикалық білімдеріне қойылатын жаңа талаптар математиканы оқыту үрдісіне бірінші кезекке төмендегідей міндеттерді жүктейді: фундаментальды математикалық дайындықтың деңгейін жоғарылату; жоғары математика курсының қолданбалы бағытын күшейту; студенттерді математикалық әдістерді қолданбалы есептерде шешкенде қолдануға бағыттау. Жоғары математиканы оқып үйрену кезінде студенттер медицина, фармация, физика, биология және химияның теориялық және практикалық есептерін шешу құралдары болып табылатын заманауи математикалық аппараттармен танысады.

    1. МАҚСАТЫ

Математиканы оқыту мақсаты студенттерде қолданбалы есептерге математикалық талдау жүргізе алу іскерлігін және осындай есептерді негізгі математикалық әдістермен зерттей алу дағдыларын меңгеруді қалыптастыруды көздейді.

  • Математикалық анализ, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың негізгі ұғымдары білімін қалыптастыру.

  • Физика, химия, фармацияның теориялық және практикалық есептерін шешу әдістеріне үйрету.

  • Кәсіптік әдебиеттермен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

  • Жекеаралық қатынас дағдыларын, командада жұмыс істей алу іскерліктерін жетілдіру.


2.3. МІНДЕТІ

«Математика» пәнінің негізгі міндеттері:



  • логикалық және алгоритмдік ойлауды дамыту;

  • қолданбалы сипаттағы есептерді шешу және зерттеу әдістерін игеру;

  • математикалық мәдениетке және кітаппен жұмыс істеуге тәрбиелеу.




    1. ОҚЫТУДЫҢ СОҢҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

студент білуі тиіс:

  • математика әдістері, оның басқа ғылымдардың дамуындағы рөлі;

  • математикалық әдістердің негізгі анықтамалары, теоремалары, ережелері және оның практикада қолданылуы.

игеруі тиіс

  • математикалық есептерді практикада қолданыс табатындай дәрежеде шығару;

  • арнайы әдебиеттерде келтірілген математикалық аппараттарды өз бетінше талдау;

  • шешу барысында қажетті есептеу әдістері мен құрал–жабдықтарды таңдау және қолдану

(компьютерлер, анықтамалар, кестелер).
БАСҚА ПӘНДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ:

    1. Алдыңғы реквизиттер: «Элементарлық математика».

    2. Кейінгі реквизиттер: «Информатика», «Статистика», «Экология», «Физика».


2.7. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Сызықтық алгебра негіздері және аналитикалық геометрия элементтері. Математикалық анализге кіріспе. Дифференциалдық есептеулер. Интегралдық есептеулер.


2.8. ДӘРІСТЕРДІҢ, ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР, СОБЖӨЖ, СӨЖ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

1-БӨЛІМ

ДӘРІСТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ апта

Тақырыбы

Өткізу түрі



Сағат бойынша ұзақтылығы

1

Матрицалар. Анықтауыштар.

Матрицаларға қолданылатын амалдар. Азғындалмаған матрица. Кері матрица. Матрица рангісі. Анықтауыштар. Минорлар және алгебралық толықтауыштар.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

2

Сызықтық теңдеулер жүйелері.

Сызықтық теңдеулер. Квадратты матрицалы сызықтық теңдеулер жүйелері. Біртекті сызықтық теңдеулер жүйелері. Теңдеулер жүйесінің үйлесімділігі. Кронекер-Капелли теоремасы. Крамер формулалары. Сызықты теңдеулер жүйелерін Гаусс әдісімен шешу. Сызықты теңдеулер жүйелерін матрицалық әдіспен шешу.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

3

Векторлар кеңістігі.

Векторларға қолданылатын сызықтық амалдар. Сызықтық тәуелді және сызықтық тәуелсіз векторлардың жүйелері. Векторлар жүйесінің базисі мен рангісі. Меншікті векторлар және сызықты оператордың меншікті мәндері.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

4

Жазықтықтағы аналитикалық геометрия.

Декарттық координаталар жүйесі.Аналитикалық геометрияның қарапайым есептері. Жазықтықтағы түзу



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

5

Кеңістіктегі жазықтық пен түзу.

Жазықтық. Кеңістіктегі түзу. Кеңістіктегі жазықтық пен түзуге негізгі есептер.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

6

Функционалдық тәуелділік ұғымы.

Функцияның анықтамасы. Функцияның берілу тәсілдері. Функцияның негізгі сипаттамалары. Негізгі қарапайым функциялар және олардың графиктері.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

7

Функцияның шегі.

Тізбектер және олардың шектері. Шексіз аз және шексіз көп шамалар. Шектер туралы негізгі теоремалар және олардың қолданылуы.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

8

Функцияның үзіліссіздігі.

Функцияның үзіліссіздігі. Функцияның үзіліс нүктелері. Үзіліссіз функцияға қолданылатын амалдар. Қарапайым функциялардың үзіліссіздігі.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

9

Функцияның туындысы.

Бір айнымалы функцияның туындысы ұғымы. Туындының механикалық және геометриялық мағынасы. Функцияны дифференциалдау ережелері және қарапайым функциялардың туындылары. Күрделі және айқын берілмеген функцияны дифференциалдау.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

10

Функцияның дифференциалы .

Бір айнымалы функцияның дифференциалы ұғымы. Жоғары ретті туындылар мен дифференциалдар.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

11

Функцияның аралықтағы өзгерісі.

Функцияның монотондылық белгілері. Функцияның экстремумдары. Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері. Екінші туындының қолданылуы. Иілу нүктелері.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

12

Функцияны зерттеу схемасы.

Лопиталь ережесі. Сызықтың асимптоталары. Функцияны зерттеудің жалпы схемасы.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

13

Анықталмаған интеграл.

Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Интегралдаудың қарапайым ережелері. Бөліктеп интегралдау және айнымалыны алмастыру. Рационалды, иррационалды және тригонометриялық функцияларды интегралдау.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

14

Анықталған интеграл.

Анықталған интеграл. Ньютон – Лейбниц формуласы. Анықталған интегралдарды есептеу тәсілдері. Меншіксіз интегралдар.



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

15

Интегралдық есептеудің қолданылуы.

Геометрияның кейбір есептері (фигураның ауданы, дененің көлемі, доғаның ұзындығы). Интегралды қолданылудың жалпы схемасы (есеп шығару схемасы, айналу бетінің ауданы, айналу денелерінің көлемі, ыдыс қабырғаларына сұйықтың қысымы)



Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама



1

Барлығы:_____15_сағат___ПРАКТИКАЛЫҚ_САБАҚТАРДЫҢ'>Барлығы:




15 сағат


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ апта

Тақырыбы

Өткізу түрі



Сағат бойынша ұзақтылығы

1

Матрицалар.

Матрицалар түрлері. Матрицаларға қолданылатын сызықтық амалдар. Матрицаны транспонирлеу. Анықтауыштар. Анықтауыштардың қасиеттері.



Тесттік бақылау.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

2

Сызықтық теңдеулер жүйелері.

Теңдеулер жүйесінің үйлесімділігі. Кронекер-Капелли теоремасы. n белгісізді n теңдеулер жүйесін Крамер ережес бойынша табу. Сызықты теңдеулер жүйелерін матрицалық әдіспен шешу.



Бақылау жұмысы.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

3

Векторлар.

Векторлар кеңістігі. Векторларға қолданылатын сызықтық амалдар. Векторлардың скалярлы көбейтіндісі. Векторлардың сызықты тәуелділігі.



Тесттік бақылау.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

4

Жазықтықтағы сызықтың теңдеуі.

Сызықтың әр түрлі теңдеулері. Екі түзудің арасындағы бұрыш. Түзулердің параллельдік және перпендикулярдық шарттары. Нүктеден түзуге дейінгі ара қашықтық.



Тесттік бақылау.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

5

Жазықтықтың жалпы теңдеуі.

Кеңістіктегі жазықтықтың жалпы теңдеуі және оның дербес жағдайлары. Минивикторина.



Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

1

6

«Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия» тарауы бойынша аралық бақылау (№1коллоквиум).




1

7

Функционалдық тәуелділік ұғымы.

Негізгі қарапайым функциялар және олардың графиктері. Түрлендіру әдісімен күрделі функциялардың графиктерін тұрғызу.



Тесттік бақылау.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

8

Функцияның шегі.

Функция ұғымы және берілу тәсілдері. Функция шегі, біржақты шектер.



Тесттік бақылау.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

9

Функцияның үзіліссіздігі.

Үзіліссіз функциялардың қасиеттері. Функцияның үзіліс нүктелері және оларды топтастыру.



Бақылау жұмысы

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

10

Функцияның туындысы.

Бір айнымалы функцияның туындысы ұғымы. Туындының механикалық және геометриялық мағынасы. Функцияны дифференциалдау ережелері және қарапаыйм функциялардың туындылары.



Тесттік бақылау.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

11

Функцияның дифференциалы .

Бір айнымалы функцияның дифференциалы ұғымы. Жоғары ретті туындылар мен дифференциалдар.



Тесттік бақылау.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

12

Функцияның монотондылық белгілері.

Функцияның экстремумдары. Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері.



Ситуациялық тапсырма.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

13

Функцияны зерттеу және графигін тұрғызу.

Функция графигінің асимптоталары. Функцияны зерттеудің жалпы схемасы.



Бақылау жұмысы

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

14

Анықталмаған интегралды интегралдау әдістері.

Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интегралдың қасиеттері. Интегралдар кестесі. Интегралдаудың негізгі әдістері: айнымалыны алмастыру және бөліктеп интегралдау.



Ситуациялық есептерді шешу.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

15

Анықталған интеграл.

Ньютон – Лейбниц формуласы.



Бақылау жұмысы

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

16

Анықталған интегралдың қолданылуы.

Анықталған интегралдың қасиеттері. Геометрияның кейбір есептері (фигура ауданы, дененің көлемі, доғаның ұзындығы).



Минивикторина.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

1

17

«Функционалдық тәуелділік», «Дифференциалдық және интегралдық есептеулер» тараулары бойынша аралық бақылау (№2 коллоквиум).




1

Барлығы




30сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   286




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет