Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК


Бақылау: Студент реферат бойынша оқытушы ұсынған сұрақтарға жауап бере алуы тиіс. №5 тақырып. Екіфакторлы дисперсиялық талдау



бет40/58
Дата04.09.2022
өлшемі1,07 Mb.
#148683
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58
Байланысты:
УМКД БС ОМ каз 2012-13

Бақылау:
Студент реферат бойынша оқытушы ұсынған сұрақтарға жауап бере алуы тиіс.
5 тақырып. Екіфакторлы дисперсиялық талдау.


Мақсаты: Екіфакторлы дисперсиялық талдау әдісін қолдануды үйрену. Екіфакторлы дисперсиялық талдауды қолдануда айырмашылықтарды айқындау дағдыларын қалыптастыру.
Тапсырмалар: Студент келесі сұрақтарды талдап, қарастыруы керек:

  1. Екі факторлық дисперсиялық талдаудың қолдану шекарасы.

  2. Екі факторлық дисперсиялық талдаудың иерархиялық үлгісі.

  3. Дисперсияның негізгі фактор, бағыну факторларының есептеу формулалары.

  4. Екі факторлық дисперсиялық талдаудың иерархиялық үлгісінің нөлдік және балама жорамалдары.

  5. Екі факторлық дисперсиялық талдаудың қиылысу үлгісі, оның ерешеліктері.



Орындау формасы: реферат жазу.


Орындау критерийі: Рефератты орындау мен безендіруге қойылатын талаптар:

  • реферат көлемі 4-5 баспа беттен аспауы керек. (қосымша жұмыстар реферат көлеміне кірмейді);

  • рефератты дайындағанда 8-10түрлі әдебиет көзі пайдалануы керек;

  • реферат сауатты орындалуы қажет, мазмұндау мәдениетін ұстану қажет;

  • мазмұнын баяндау барысында қолданылған әдебиетке сілтеме болуы керек;

  • библиографияны дұрыс жазу.

Реферат құрылымы: титулдық парақ, атауы, мазмұны (басталатын беттің көрсетілуімен реферат бөлімдерін біртіндеп жазу), кіріспе (зерттелетін мәселенің мәні, мақсаты, міндеті айтылуы керек), негізгі бөлім (бұл бөліктің әр бөлімі дәлелді түрде мәселенің мағынасын ашады, бұл бөлімде кестелер, сызбалар, графиктер келтірілуі мүмкін), қорытынды (реферат тақырыбы бойынша жалпыланған қорытынды беріледі, ұсыныстар айтылады), әдебиет тізімдері.
Өткізу мерзімі: циклдың соңғы сабағында.
Егер реферат барлық қойылған талаптарға сай жазылса, онда студент оны орындағаны үшін ең жоғары балл 100 балл алады. Егер рефератта аздаған кемшіліктер орын алса, мәселен, әдебиет саны аз, кейбір сұрақтар толық ашылмаған болса, онда студент 75-99 балл алады. Егер оқытушы тақырып жартылай ғана ашылған, бірақ негізгі сұрақтар қарастырылған, бір немесе екі ғана әдебиет пайдаланылған деп шешсе, онда студент 50-74 балл алады. Егер реферат тақырыбы ашылмаған болса, әдебиеттерге сілтеме болмаса, реферат сұрақтарына жауап болмаса, онда жұмыс үшін балл қойылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет