Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК



бет14/14
Дата18.05.2017
өлшемі3,05 Mb.
#16291
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Нұсқау. шартты варианталарына көшу керек.

8. Phenacodus primaveus қазып алынған сүтқоректі жануарлардың бірінші молярлы X және екінші молярлы Y тістерінің ұзындықтары төмендегідей болды (мм):

Х 10,7 10,6 10,1 11,2 12,1 12,0 12,3 12,9 12,8 13,3 13,4 12,5 13.6 13,8

У 11.2 10,5 9.6 11,2 12,2 11,7 11,0 13,0 12,2 12.6 12,0 11,4 13.6 12,3

Алынған деректерге корреляция-регрессиялық талдау жүргізіңдер.



9. Теңіз алабұғасының басының ұзындығы X және кеуде жалбырының ұзындығы өлшенген Y:

Х 66 61 67 73 51 59 48 47 58 44 41 54 52 47 51 45

У 38 31 36 43 29 33 28 25 36 26 2! 30 28 27 28 26

Алынған деректерге корреляция-регрессиялық талдау жүргізіңдер.



10. Drosophila funebris шыбынының басының биіктігі Х мен мұртшасының 3-мүшелігінің ұзындығы арасында корреляцияның бар-жоғын анықтау қажет болды. Ол үшін окуляр-микрометрдің көмегімен Х пен У бойынша келесі деректер алынды (окуляр-микрометрдің бөлікшелерінде):

Х 15 16 15 16 17 18 17 17 15 16 15 17 13 14 17 16 15 16 16 15 18 17 14 15

У 29 31 33 32 33 36 35 35 35 33 31 35 30 31 35 33 32 33 33 30 34 34 31 33

Алынған деректерге корреляция-регрессиялық талдау жүргізіңдер.



11. Шиншилла текті үй қоянының әр түрлі өлшемдегі қиларындағы жүктіліктің ұзақтығы жөнінде деректер алынған (қидағы үй қояны ұрықтарының саны X және жүктілік күндерінің ұзақтығы Y):

Х 1 8 3 5 7 8 4 3 4 8 5 6 6 7 8 10 6 5 9 8 9 5 4 7 8 5

У 33 30 31 31 31 32 31 32 33 31 31 30 31 31 32 31 32 31 31 31 31 31 31 30 31 32

Қи өлшемі мен жүктіліктің ұзактығы арасында корреляция бар ма?



12. Күміс-қара ұрғашы түлкінің ұрықшылдығы Х мен олардың қыздарының ұрықшылдығы Y ескерілген:

Х 6 7 5 6 5 5 4 5 5 4 6 7 8 6 8 5 6 6 7 5 6 6 7 3 6 7 4

У 4 5 4 4 6 2 3 3 2 6 6 9 7 7 6 2 4 7 5 6 8 10 4 5 5 4 2

Аналарының ұрықшылдығы мен қыздарының ұрықшылдығы арасында корреляция бар ма?



13. Қойлардың (жалғызлікті) салмағы У (кг) және олардың әкелерінің салмағы Х (кг) туралы деректер алынды;

Х 76,6 67,0 63,3 65,4 63,1 62,5 60,2 60,0 59,5 58,0 57,6 57,0 55,4 53,8 52,0 51,0 48,5

У 4,56 4,49 4,59 4,32 4,29 4,20 4,70 3,80 3,76 4,61 4,30 4,0 4,12 4,16 4,12 4,31 4,03

Қойлардың салмағы мен олардың әкелерінің салмағы арасында корреляция бар ма?


14. Күміс-қара түлкілердің денелерінің ұзындықтары Х (см) және құйрықтарының ұзындықтары Y (см) жөнінде төмендегідей деректер алынған:

Х 70 65 66 65 71 68 64 57 66 65 67 62 67 62 63 57 64 66 69 58

У 40 40 40 40 40 42 39 38 41 43 39 45 43 38 40 40 41 45 43 37

Түлкілердің дене ұзындықтары мен құрықтарының ұзындықтары арасында корреляция бар ма?



15. Күміс-қара түлкілердің салмақтары Х кг және денелерінің ұзындықтары Y (см) жөнінде төмендегідей деректер алынған:

Х 4,7 5,2 5,3 4,6 5,8 4,5 5,0 4,7 4,6 5,5 4 8 6,0 5,2 4,5 5,0 5,5 5,2 5,7

У 70 69 66 65 69 57 65 71 69 62 57 64 68 69 63 74 67 65

Түлкілердің дене салмақтары мен дене ұзындықтарының арасында корреляция бар ма? Егер корреляция коэффициенті ақиқат болса, сенім аралығын анықтаңыз (P=0,05)



16. Жүректің сол жақ камерасының салмағы Х (г) және ядролардың ұзындығы У () туралы деректер алынған:

Х 207 221 256 262 273 289 291 292 304 328 372 397 460 632

У 16,6 18,0 15,9 20,7 19,4 19,8 11,7 21,0 23,0 13,6 19,6 22,9 19,4 28,4

Варианталардың кенет ассиметриялық таралуына байланысты х қатары бойынша байланыс орнату үшін рангілік корреляция әдісін қолданыңыз.



17. 20 ересек ер адамдардың бойы (дене ұзындығы) Х (см) және салмағы У (кг) өлшенді:

Х 165 176 175 168 567 172 175 180 179 173 166 178 169 169 170 176 180 169 177 176

У 56 75 70 61 61 63 72 80 76 68 58 76 60 64 63 71 78 63 75 71

Алынған деректерге корреляция-регрессиялық талдау жүргізіңдер. Қорытынды жасаңыз.



18. Қырқылған жүн мөлшері У мен саулықтардың тірі салмағы Х арасында тәуелділік бар деп ұйғарылады. 10 саулық үшін келесі деректер алынды (кг):

Х 50 55 60 50 65 60 50 55 50 65

У 4,0 4,2 4,1 4,2 4,5 4,3 4,1 4,4 4,0 4,2

Алынған деректерге корреляция-регрессиялық талдау жүргізіңдер. Қорытынды жасаңыз.



19. Теңіз алабұғасының кеуде жалбырының X және қарынша жалбырының Y ұзындықтары өлшенген:

Х 38 31 36 43 29 33 28 25 36 26 21 30 27 27 26 30 23 24 32 25 24 33

У 40 34 38 42 26 33 29 26 36 27 22 32 28 31 26 29 24 24 32 25 25 33

Алынған деректерге корреляция-регрессиялық талдау жүргізіңдер.



  1. 15-күндік 10 леггорн кораздарының дене салмағы Х (г) мен айдарының салмағы У (мг) туралы деректер алынды:

Х 83 72 69 90 90 95 95 91 75 70

У 56 42 18 84 56 107 90 68 31 48

Деректерді графикте бейнелеп, У-тің Х бойынша регрессия сызығын тұрғызыңыз. Регрессия теңдеуін құрыңыз.



21. Өрістен апта сайын сынама алу әдісімен соя өсімдігінің биіктігі У (см) мен олардың жасының Х (апта) өзгеруі зерттелді:

Х 1 2 3 4 5 6 7

У 5 13 16 23 33 38 40

Деректерді графикте бейнелеп, У-тің Х бойынша регрессия сызығын тұрғызыңыз. Регрессия теңдеуін құрыңыз.



22. Топырақтағы фосфор құрамы Х және дақылды өсімдіктердегі фосфор құрамы У арасында байланысты анықтау үшін келесі нәтижелі 9 сараптама жүргізілді:

Х 1 4 5 9 13 11 23 23 28

У 64 71 54 81 93 76 77 95 109

Регрессия теңдеуін құрыңыз және b ақиқаттылығын тексеріңіз.



23. Ақ егеуқұйрықтарда сыртқы орта температурасы Х (градус) мен жұтылатын оттегі мөлшері У (5 мл/г салмақ) арасындағы келесі тәуелділік көрсетілген:

Х 0 5 10 15 20 25 28 29 30 31 32 33 34 35 40

У 3,83 3,35 2.60 2,02 1.69 1,42 1,39 1.38 1,29 1,39 1.39 1,45 165 1,61 2,40

Х бойынша У регрессия сызығын тұрғызыңыз, тура регрессияның теңдеуін тұрғызыңыз, b ақиқаттығын анықтаңыз.

24. Аmpropeltis polyzona жыланы ұрғашысының құйрығының ұзындығы Х (мм) мен денелерінің ұзындығы У туралы келесі деректер бойынша:

Х 37 50 53 68 93 130 137 142 142 146 149 155 156 187
У 284 353 418  510  683 1056 986 1086 1086 1078 1122 1254 1202 1387
регрессия теңдеуін құрыңыз және b ақиқаттылығын тексеріңіз.

25. Қой ұрғашыларының жасы Х (жыл) мен олардың жүктілік мерзімдері У (күн) арасында келесідей тәуелділік байқалды:

Х 2 3 4 5 6 7

У 149.5 149,3 150.0 150,9 150,5 151,4

Регрессия сызығын тұрғызыңыз және сызықты регрессия теңдеуін құрыңыз.



26. 10 бұзаудың кеуде қуысының тереңдігі (см) және тірі салмағы (кг) туралы келесі деректер алынған:

Х 91 86 94 95 104 93 98 84 96 99

У 62 43 60 73 87 65 79 52 65 68

Алынған деректерге корреляция-регрессиялық талдау жүргізіңдер. Қорытынды жасаңыз.



27. Жаңа туылған 10 бұқашықтың салмағы (кг) және тәуліктік салмақ қосымы (г) туралы деректер алынған:

Х 38,5 46,0 43,0 43,0 40,5 44,0 38,0 35,0 40,5 54,0

У 694 901 736 1005 841 743 896 863 855 830

Алынған деректерге корреляция-регрессиялық талдау жүргізіңдер. Қорытынды жасаңыз.



дифференциалданған сынақ сұрақтарының тізімі

  1. Биологиялық статистика ғылым ретінде.

  2. Биологиялық статистика ұғымы.

  3. Биологиялық статистика пәні, мақсаты және мәселелері.

  4. «Айнымалы» терминінің ұғымы.

  5. Деректер түрлері.

  6. Сапалы деректер,түрлері және олардың сипаттамасы.

  7. Сандық деректер,түрлері және олардың сипаттамасы.

  8. Өлшеуіш шкалаларының негізгі түрлері және олардың сипаттамалары.

  9. Деректерді бейнелеудің графиктік әдісін қолдану қажеттілігі.

  10. Дискретті деректерді бейнелейтін негізгі графиктер.

  11. Үздіксіз деректерді бейнелейтін негізгі графиктер.

  12. Статистикалық жиынтықтың анықтамасы.

  13. Бас жиынтықтың, таңдама жиынтықтың анықтамасы.

  14. Таңдама тәсіл ұғымы.

  15. Таңдама жиынтық немесе таңдаманың анықтамасы.

  16. Таңдамаға қойылатын негізгі талаптар. Репрезентативтілік ұғымы.

  17. Деректерді таңдау тәсілдерінің негізгі түрлері.

  18. Жиынтық көлемі, варианта, жиілік және салыстырмалы жиілік ұғымдары, олардың белгіленулері.

  19. Вариациялық қатар анықтамасы

  20. Дискретті және интервалдық статистикалық таралулардың анықтамалары.

  21. Жиіліктің және салыстырмалы жиіліктің полигоны, гистограммасы ұғымдары.

  22. Жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер гистограммаларындағы дербес тіктөртбұрыштардың аудандарының қосындысы неге тең:

  23. Жиілік полигонының ең жоғарғы нүктесі қандай параметрге сәйкес келеді

  24. Таңдама орта. Белгіленуі, есептеу формуласы.

  25. Орта квадраттық ауытқу анықтамасы, белгіленуі және есептеу формуласы.

  26. Вариациялық қатардың сандық сипаттамалары. Мода және медиана, олардың белгіленуі және табу тәсілдері.

  27. Таңдама дисперсия ұғымы, есептеу формуласы.

  28. Таңдаманы зерттегенде жіберілетін қателіктер түрлері.

  29. Қалыпты таралу; графигі; қалыпты таралуды сипаттайтын параметрлер.

  30. Қалыпты таралудың негізгі сипаттамалары.

  31. Таралу параметрлерінің нүктелік және аралық бағалары.

  32. Бас жиынтық параметрлерін бағалау.

  33. Сенім аралығы.

  34. Интервалдар (топ) санын, интервал қадамын, құлашты табу формулалары.

  35. Жорамалдарды тексерудің процедура ретінде анықтамасы.

  36. Жорамалдарды статистикалық тексеру мәселелері.

  37. Статистикалық жорамалдың анықтамасы, мысалдар.

  38. Параметрлік және параметрлік емес критерийлер.

  39. Нөлдік және балама жорамалдар, жай және күрделі жорамалдардың анықтамасы.

  40. Жай және күрделі жорамалдар анықтамалары.

  41. Жорамалдарды тексерудің статистикалық критерийі ұғымы, критерий статистикалары.

  42. Жорамалды тексерудің негізгі принципі.

  43. Бірінші және екінші текті қателер.

  44. Критерийдің мәнділік деңгейі, қуаттылығы ұғымдары, олардың сандық мәндері.

  45. Жорамалдарды тексеру методикасы.

  46. Сәйкестік критерийінің анықтамасы.

  47. Сәйкестік критерийлерінің түрлері.

  48. Стьюдеттің жұптаспаған критерийі. Анықтамасы, қолданылуы, қолдану аясы, есептеу формуласы.

  49. Пирсонның χ2 (хи-квадрат) келісім критерийі. Анықтамасы, қолданылуы, қолдану аясы, есептеу формуласы.

  50. Колмогорова-Смирнов келісім критерийі. Анықтамасы, қолданылуы, қолдану аясы, есептеу формуласы.

  51. Критикалық аймақ, жорамалды қабылдау аймағы, критерийдің сыни нүктелері.

  52. Фактор , фактор деңгейі, жауап ұғымдары.

  53. Дисперсиялық талдау,оның түрлері, қолданылу аймағы.

  54. Квадраттардың факторлық, қалдық және жалпы қосындыларын есептеу формулалары мен анықтамалары.

  55. Факторлық, қалдық және жалпы дисперсияларды есептеу формулалары мен анықтамалары.

  56. Топішілік және топаралық дисперсиялар ұғымы.

  57. Дисперсиялық талдауды жүргізу әдістемесі.

  58. Жорамалдарды тексеру әдістемесі.

  59. Келісім критерийінің анықтамасы.

  60. Келісім критерийлерінің түрлері.

  61. Стьюдент критерийі. Анықтамасы, қолданылуы, қолданылу аясы, tбақ., tсын. мәндерін есептеу формулалары.

  62. Пирсонның χ2 (хи- квадрат) сәйкестік критерийі. Формуласы, анықтамасы, қолданылу аясы.

  63. Колмогоров-Смирновтың сәйкестік критерийі. Анықтамасы, формуласы, қолданылуы, қолданылу аясы.

  64. Критикалық аймақ, жорамалды қабылдау аймағы,критерийдің сындық нүктесі ұғымдары.

  65. Фактор , фактор деңгейі, жауап ұғымдары.

  66. Дисперсиялық талдау,оның түрлері, қолданылу аймағы.

  67. Квадраттардың факторлық, қалдық және жалпы қосындыларын есептеу формулалары мен анықтамалары.

  68. Факторлық, қалдық және жалпы дисперсияларды есептеу формулалары мен анықтамалары.

  69. Топішілік және топаралық дисперсиялар ұғымы.

  70. Дисперсиялық талдауды жүргізу әдістемесі.

  71. Цензурирленген және толық деректер ұғымы.

  72. Статистикадағы өмір уақытының анықтамасы.

  73. Өміршеңдікті зерттеуге қойылатын талаптар.

  74. Өміршеңдікті талдау әдісінің анықтамасы.

  75. Өміршеңдік функциясының анықтамасы және қасиеттері.

  76. Өміршеңдік қисығы және оның ерекшеліктері.

  77. Өміршеңдік медианасы анықтамасы.

  78. Цензурирленген деректерді зерттеудің сипаттама әдістері.

  79. Өмір уақыты кестесін құру тәсілдері, оларды қолдану ерекшеліктері.

  80. Зерттелетін нысандар саны, зерттелетіндер үлесі,тірі қалғандар үлесі,тірі қалғандардың кумулятивтік үлесі ұғымдары.

  81. Өміршеңдіктің стандарттық қатесі ұғымы, формуласы.

  82. Өміршеңдік функциясы үшін сенім аралықтарын есептеу формуласы.

  83. Статистикалық, корреляциялық тәуелділіктер ұғымы.

  84. Корреляциялық тәуелділікті сипаттайтын теңдеу.

  85. Таңдама регрессия және регрессия сызығы.

  86. Регрессия коэффициентін және бос мүшені ең кіші квадраттар әдісі бойынша бағалау.

  87. Регрессия түрлері, оларды регрессия коэффициенті бойынша анықтау.

  88. Регрессия коэффициентінің мәнділігін анықтау үшін Фишер критерийінің F статистикасы.

  89. Детерминация коэффициенті ұғымы, формуласы.

  90. Регрессия коэффициенті, корреляция коэффициенті көмегімен берілген сызықты регрессияның таңдама теңдеуі

  91. Регрессиялық талдау міндеттері.

  92. Корреляциялық талдау міндеттері.

  93. Пирсонның сызықтық корреляция коэффициенті,оның қасиеттері.

  94. Корреляциялық байланыстың сипаты мен күші.

  95. Корреляция коэффициенті мәнділігі критерийінің t-статистикасы.

  96. Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті.

  97. Деректерді өңдеу үшін статистикалық әдістерді қолдану операциясының тізбегі.

  98. Медицина-биологиялық тәжірибені жүргізу кезеңдері.

  99. Медицина-биологиялық тәжірибені жоспарлау мәселесі.

  100. Медицина-биологиялық тәжірибені жүргізу.

  101. Медицина-биологиялық тәжірибені талдау.

  102. Медицина-биологиялық тәжірибені статистикалық талдау.

  103. Медицина-биологиялық тәжірибенің қорытындылары.

  104. Клиникалық зерттеулерді жоспарлау түрлері және олардың қолданылу шекаралары.

Практикалық дағдылар тізімі

  1. Таңдаманың сандық сипаттамаларын табу: орта мән, орта квадраттық ауытқу.

  2. Мода, медиана, ассиметрия және эксцесс сандық сипаттамаларын табу.

  3. Бас жиынтық парамтерлерін бағалау.

  4. Сенім аралығын табу.

  5. Деректерді графикалық бейнелеу.

  6. Жиіліктер полигоны мен гистограммасын тұрғызу.

  7. Таралу түрі жөніндегі жорамалды қадаммен тексеру.

  8. Орта мәндердің теңдігі жөніндегі жорамалды қадаммен тексеру.

  9. Статистикалық критерийді таңдау.

  10. Дисперсиялық талдау жүргізу.

  11. Өміршеңдік кестесін толтыру.

  12. Өміршеңдік қисығын тұрғызу.

  13. Өміршеңдік қисығы үшін сенім аралығын тұрғызу.

  14. Ең кіші квадраттар әдісі бойынша регрессия параметрлерін бағалау.

  15. Сызықтық регерссия моделін тұрғызу.

  16. Сызықтық регрессия коэффициентінің мәнділігін тексеру.

  17. Корреляциялық тәуелділіктің сипаты мен күшін анықтау.

  18. Корреляция коэффициентінің мәнділігін тексеру.

  19. Тәжірибе жүргізу жоспарын тұрғызу.

  20. Деректерді ДК статистикалық талдау.



беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет