Медициналық биология


ХХ ғасырдың аяғында молекулалық биологияның жетістіктері



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі35,75 Kb.
#118103
1   2   3   4
Байланысты:
1,2,3 сұрақ
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР, этика, ұлттық экономика, жеке кукык, кукык коргау орган, ондиру экон мадениети, ондиру экон мадениети, жана экон багыт, ұлттық экономика, 1 RP 46625 MU 2
ХХ ғасырдың аяғында молекулалық биологияның жетістіктері.
Қазақстанда молекулалық биологияның дамуы
ХХ ғасырдың 70- ші жылдардың аяғы мен 80-ші жылдарында молекулярлық биология өзінің шарықтап даму сатысына өтеді. Осы уақытта сплайсингмеханиздері ашылды,(В. Келлер және бас.), РНК- ферменттері (рибозимдер) ашылады және аутосплайсинг құбылысы түсіндіріледі (Т. Чек), генетикалық рекомбинация механизмдері және қозғалғыш генетикалық элементтер өте белсенді түрде зертеле басталады (Д.Хогнесс, Г. П. Георгиев), ферменттер мен биологиялық мембраналарды зерттеу жаңа деңгейге көтеріледі (Ю. А. Овчинников), жоғарғы организмдердіңгеномдарының құрылысын анықтау жұмыстары басталады (оның ішінде адам геномыда кіреді), жаңа (гендік- инженерлік) биотехнологияның негізі жасалынады, жаңадан катализдік активті антитела (абзимдер) табылған және синтезделген, белоктар инженериясы саласы пайда болған.ХХ-ғасырдың 80-жылдарындағы молекулалық биологияның шарықтап дамуы жаңа ғылым – биоинформатиканы (есептеу биологиясы, компьютерлық генетика), қалыптастырды. Ол молекулалық генетика мен информатиканың тоғысқан аймағынан пайда болды. Оның пайда болуына 1975-1976 ж. Ф. Сангер мен А. Коулсон, сонымен қатар А. Максам және У. Гильберт жасаған ДНҚ-ның нуклеотид тік қатарын анықтаудың жылдам тәсілдері себеп болған. 1982 ж. нуклеотидтік қатарлардың банклері жасалған, онда әртүрлі организмдер ДНҚ-ныңнуклеотидтік қатарлары туралы информация жинақталған. ХХ-ғасырдың аяғындағы әртүрлі организдерДНҚ-ныңнуклеотидтік қатарларын анықтау (секвендеу) саласындағы жетістіктер (бірінші рет толық бактериялық геном 1995 ж. секвенделген, 1997 ж. — ашытқы геномы, 1998 ж. — нематодгеномы, 2000 ж. — дрозофилла шыбыны геномы және толықтайға жақын адам геномы-секвенделген),ол геномиканы қалыптастырды. Геномика - бұл берілген организмнің гендер жиынтығын бір тұтас күйінде зерттейтін ғылым саласы. Онымен біруақытта кез-келген организмнің әртүрлі даму сатыларындағы функциялық қызмет атқаратын белоктардың толық жинағын зерттейтін протеомика деген ғылым саласы пайда болды.
XX ғасырдың 90 жылдары жоғары сатылы диплоидты ағзаларды клондау тәжірибелері сәтті аяқталып, 1997 ж. Ұлыбританияда «Долли» атты қозы, 1998 ж. торай, ал 1999 ж. маймыл баласы дүниеге келді.
2001-2003 жылдары «Адам геномы» атты халықаралық ғылыми бағдарлама толық аяқталып, 2001 жылдан кейін адамзат постгеномдық дәуірге аяқ басты.Молекулалық биологияның дамуына көптеген орыс және қазақ ғалымдары ат салысты, олардың арасынан А.А.Баев, А.Н.Белозерский, А.С.Спирин, В.А.Энгельгард, А.П.Георгиев, Т. Дарханбаев, М.А. Айтхожин, Х.Жуматов т.б. есімдерді атауға болады. Біздің отандас академик М.Ә.Айтхожин өзінің ұстазы А.А. Спиринмен бірлесіп 1964 жылы информасоманы-РНҚ және белоктардың ерекше формасынан тұратын жасушалық субмикроскопиялық бөлшектерді ашты. Осы ашылған жаңалықтар үшін ғалымдар Лениндік сыйлық ( 1976) иегерлері болды. Мұрат Әбенұлы Айтхожин дүниеден ерте озды ( 1987), алайда Қазақстанда біздің ұлы отандасымыздың атындағы молекулалық биология және биохимия институтында зерттеулер жалғасуда.
1983 жылы құрылған Молекулалық биология және биохимия институты үлкен ғылыми орталыққа айналып, елімізде алғаш рет клеткалық және гендік инженерия, өсімдік геномы зерттеле бастады. Алматы мен Астанада биотехнологиялық орталықтар құрылды.

3. Жасуша - тіршіліктің ең маңызды құрылымдық - қызметтік бірлігі .


Жасуша — тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.
Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Жасушасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде – 1014 Жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет