Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу үшін негіздер. Куәландыру (қайта куәландыру), сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) кезінде МӘС-ке жолдау тәртібі



бет3/25
Дата01.10.2024
өлшемі189,39 Kb.
#205488
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
иөж Адия 1

21) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "МОДБ" ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

  • 21) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "МОДБ" ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
  • 22) мүгедектік – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығының бұзылуы салдарынан адамның тіршілік-тынысының шектелу дәрежесі;
  • 23) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;
  • 24) оңалту әлеуеті – мүгедектігі бар адамдардың организмінің бұзылған функциялары мен қабілеттерін медициналық, психологиялық және әлеуметтік факторларды талдау негізінде қалпына келтірудің нақты мүмкіндіктерінің көрсеткіші;
  • 25) оңалту болжамы – оңалту әлеуетін іске асырудың болжамды мүмкіндігі және мүгедектігі бар адамдарды қоғамға кіріктірудің болжамды деңгейі;
  • 26) оңалту-сараптамалық диагностика – оңалту әлеуетінің, оңалту болжамының бағасы;
  • 27) "Оңалтудың техникалық құралдары" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ОТҚ АЖ) – ОЖБ-ға сәйкес мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын іріктеу процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

2-тарау. МӘС жүргізу тәртібі 1-параграф. МӘС жүргізу үшін негіздер

  • 4. Медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасы:
  • 1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;
  • 2) қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.
  • 5. Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері бар адамдарды, 21-хромосома бойынша трисомиямен (Даун синдромы), организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын паллиативті көмек алатын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.
  • Мүгедектігі бар адамдардың мүгедектікке әкелген аурулары бойынша денсаулығы нашарлаған кезде уақытша жұмысқа жарамсыздық күнінен немесе балалар мен жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген күннен бастап екі айдан кейін, МӘС-ға жіберіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет