«Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12733 болып тіркелген) бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне кірмейтін шамалы білінетін организм функцияларының бұзылуымен кәсіптік аурулар кезінде медициналық оңалтуды жүргізу үшін көрсетілімдер болмаған кезде куәландырылатын адам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі есепке алынбастан КЕА дәрежесін белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберіледі.

6. Медициналық ұйымдар қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды қайта куәландыруға (қайтадан куәландыруға) жібереді.
7. Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.
2-параграф. Куәландыру (қайта куәландыру) тәртібі
8. Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға МӘС оның тұрақты тіркелген жері бойынша медициналық ұйымның ДКК жолдамасына сәйкес:
9. Сырттай проактивті куәландыруды (қайта куәландыруды) қоспағанда, куәландыру (қайта куәландыру) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӘС жүргізуге арналған өтінішке (бұдан әрі - өтініш) сәйкес куәландырылатын адамның, өтініш берген кезде заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып және «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алынатын мәліметтер негізінде жүргізіледі: