Кейсті орындау бойынша тапсырмалар: 1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 3 желтоқсаны № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен бекітілген «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларымен» танысып медициналық қызмет сапасына сараптама жасау негіздері мен тәртібін анықтаныздар.
3. ҚР Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 3 желтоқсаны № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен бекітілген «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларымен» танысып медициналық қызмет сапасына сараптама жасау негіздері мен тәртібін анықтаныздар.
4. Тізе асты артерияның окклюзиясын емдеу тәртібін белгілейтін клиникалық хаттамасымен танысып, пациентке жүргізілген емнің дұрыс жүргізілгенің анықтаңыздар.
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Талапкер Светлана Кунның емдеуге кеткен шығындарды өтеу туралы талабы негізделген бе?
2.Медициналық қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында экспертиза қандай құжатқа сүйене отырып жүргізілу керек?
3. Дәрігерлер диагностиканы дұрыс жүргізген ба?
4. Тізе асты артерияның окклюзиясын емдеу тәртібін белгілейтін клиникалық хаттаманың талаптары сақталған ба?
4. Сотта Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына байланысты қандай шешім қабылдануы мүмкін?
Кейс 3 Азаматша Р. «Вита» стомотологиялық клиникасынан 500562 теңге сомасында материалдық залалды өтеу (Медициналық қызмет, сараптамаға кеткен шығын) және сапасыз стоматологиялық көмек келтірген 2000000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу туралы талап қойды.
Талапкер өзінің талаптарын сотталушының протездеу жұмыстарын дұрыс орындамағаны, яғни орнатылған протездер тұрақты ауырсынуды тудыратын және дұрыс тамақтануға мүмкіндік бермейтінің негіздеп, сапасыз қызмет атқарғаның алға тартты.
Нәтижесінде талапкер басқа стоматологиялық клиникадан көмек сұрап, протездерді ауыстыруға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта азаматша Р. протездеу сапасы бойынша шағымдары жоқ.
Сот ақылы медициналық көмек көрсету (емдеу және протездеу) туралы шарттың талаптарына қарамастан, талапкер алдын ала диагнозбен және емдеу жоспарымен таныспағанын, амбулаториялық картада тиісті белгілер жоқ екенін анықтады. Сонымен қатар, сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, "Вита" стомотологиялық клиникасында талапкердің ортопедиялық емі көптеген ақаулармен жүргізілген. Алынбайтын металл-керамикалық протездерді орнату протездің конструкциясын таңдаудың заманауи ережелеріне сәйкес келмейді. Пациенттің жағдайында 6-шы тіске консоль протезін орнату медициналық көрсеткіштер бойынша протездеудегі дұрыс шешім болып табылмады, себебі шайнау белсенділігінің ең үлкен коэффициенті осы тіске келіп түседі, ал протездеу жағдайында 6-шы тісті шамадан тыс жүктеуге болмайды.
Сот талапкердің материалдық залалды өтеу туралы талабын толық көлемде қанағаттандырды. Моральдық зиянды өтеу 200000 теңге сомасында тағайындалды.