Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ


Кейсті орындау бойынша тапсырмалар



бет18/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)

Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР заңнамасының нормаларын зерделеу негізінде (ҚР АК, Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы ҚР Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілде N 9 Нормативтік қаулысы.) денсаулыққа келтірілген залалды өндіріп алу негіздерімен танысыныздар.
3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы соттардың қарау практикасы туралы ҚР Жоғарғы Сотының 1996 жылғы 25 шілде N 7 Нормативтік қаулысымен танысыңыздар.
4. ҚР Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 3 желтоқсаны № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен бекітілген «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларымен» танысып медициналық қызмет сапасына сараптама жасау негіздері мен тәртібін анықтаныздар.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Талапкер Л.Лыкованың емдеуге кеткен шығындарды өтеу туралы талабы негізделген бе?
2.Медициналық қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында экспертиза қандай құжатқа сүйене отырып жүргізілу керек?
3. Дәрігерлер диагностиканы дұрыс жүргізген ба?
4. Сотта Оңалту орталықты азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тарту бойынша қандай шешім қабылдауы мүмкін?


Кейс 2.
2018 жылдың желтоқсан айында Алматы облысының тұрғыны Светлана Кун дәрігерлік қателігінен бір аяғынсыз қалды. Бұған дейін ол Кіші станицаядағы Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жатқызылды. Оған тізе асты артерияның окклюзиясы диагнозы қойылды. Әйелдің айтуынша, 20 күн бойы ауруханада консервативті ем алған. Ем алу кезінде пациентте гангрена дамыған. Аурухана пациентті Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығына жіберді. Хирургия ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері бірден аяқты ампутациялау қажет деген шешімге келеді. Дәрігерлердін қортындысына сай ампутация жасамаған жағдайда пациентте 12 сағат өмір сүру уақыты қалған. Нәтижесінде пациентке хирургиялық ота жасалды. Қазіргі уақытта С.Кун көпсалалы аурухананың дәрігерлерін медициналық қызметті немқұрайылықпен атқарды деп айыптады. «Дәрігерлердін немқұрайлығы пациенттін аяғынан айрылуына себеп болды»- деп, пациент Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасынан 5 млн.теңге талап етіп отыр. Өз кезегінде клиникада дәрігерлер клиникалық хаттама аясында қатаң әрекет етті деп сендірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет