Емдеу-алдын-алу мекемелердің негізгі түрлері
Қазақстанда емдеу мекемелерінің 80%-ы мемлекеттік меншік иелігінде, олардың 20%-ы жеке меншік, яғни мемлекет медицина мәселелерінде басты рөлді сомдайды деген сөз. Халық саны 17 миллионнан аса адамды қамтыған жағдайда Қазақстанның медициналық нарығының аумағы 500 миллион АҚШ доллары сомасына бағаланады. Орта есеппен республика аумағында 54,8 мың дәрігер мен 117 мың орта медициналық персонал қызмет етуде.
Медициналық көмекті қамтамасыз ететін мекемемелер емдік-профилактикалық мекеме деп аталады (ЕАМ). ЕАМ халықтық пункттердің бекітілген генералды жоспарлары мен жоспарлану жобаларына сәйкес орнату қажет.
Топырағында органикалық, химиялық, радиациялық зақымдануы бар бұрынғы қоқыс қоймасы, мәйіттер, мал сою алаңдары, ассенизация орындары болған аумаққа Мекеме салуға болмайды. ЕАМ-ді құрылыстың қызыл жолағынан 30м, тұрғын және қоғамдық үйлерден 50м алшақ орнатып, теміржол, әуежай, жол трассалары мен басқа да күшті физикалық факторлардан алып орнығуы қажет. ЕПМ аумағы науқастардың тынығуы мақсатында кішігірім сәулеттік құрылыстармен жайландырылуы керек.
ЕАМ аумағында қуаттылығы 110 кВт аспайтын электр тасымалдау желілерінің өтуіне болмайды, сондай-ақ қалалық (ауылдық) инженерлік коммуникациялар (су, жылу, кәріз құбырлары) магистральдары да өтпеуі тиіс. Көгалдандыру көлемі аурухана, диспансер, сационар аумағының 40%-ынан кем белмауы керек.
ЕАМ екі түрі ажыратылады: амбулаторлық және стационарлық. Амбулаторлық медициналық көмекті науқастардың - 80%-ы, ал сационарлық көмекті - 20%-ы қабылдайды.
2.1 Еам амбулаторлық түрі
Келіп-кететін және үйдегі науқастарға емдік көмек көрсететін емдеу мекемесі. Амбулаторлық түрдегі мекемелерге: емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, медициналық-санитарлық бөлімшелер, жедел жәрдем станциялары жатады.
Емхана – аймақтық-учаскелік типте қызмет ететін кең профильді емдік-профилактикалық мекеме. Емханаға бекітілген аймақ белгілі үлкен жастағы адамдар мен балалар санын қамтитын учаскелерге бөлінген. Әрбір учаскеге дәрігер мен мейірбикелер бекітіледі. ЕПМ қызметін учаскелік дәрігер ұйымдастырып, мейірбикелерге нұсқау беріп, түрлі профильді мамандарды тартады. Емхана халыққа мамандандырылған және үй жағдайында қаралу мен емделуін қамтамасыз етеді.
Емхана науқастарды қарау мен емдеуге арналған арнайы техникалық құралдармен жабдықталады. Барлық амбулаторлық-емханалық мекемелер үш бөлікке бөлінеді: іркелу мен дәрігер қарауын күту бөлмесі, емдік және диагностикалық бөлмелер, қызметтік және тұрмыстық мақсаттағы бөлмелер. Емханада түрлі профильді дәрігерлер қабылдау жүргізеді (терапевт, хирург, окулист, ЛОР-дәрігер, эндокринолог, кардиолог және т.б.). Емханада негізгі диагностикалық кабинеттер орналасады: рентген, ультрадыбыстық зерттеу, функциональды диагностикалау, клиникалық және биохимиялық лабораториялар және де дәрігер тағайындауларын орындау кабинеттері немесе бөлімшесі (ем-шаралық, таңу, физиотерапия бөлімі, емдік дене шынықтыру кабинеті және т.б.).
Тіркеу бөлімін шығаберіске жақын орналастырады. Кабинеттер нөмірі мен дәрігерлердің қабылдау уақытының кестесі де осында. Емхана дәлізінде ауруларды алдын-алу туралы әдебиет (брошюралар) қойылған үстелдер болады. Күту залынан науқас дәрігер кабинетіне немесе ем-шара, таңу бөлмелеріне өтеді. Дәрігер кабинетінде оның қызметіне қажеттінің барлығы болуы тиіс: дәрігер мен мейірбикенің жазу үстелі, орындықтар, кушетка, суық және ыстық су, сүлгі, халат, тонометр, фонендоскоп, рецепт бланктері және т.б.
Амбулатория — учаскелік-аумақтық белгілері бойынша қала типіндегі ауыл, өнер-кәсіп мекемесі немесе ауылдық участкіге көмек көрсету үшін қызмет жасайтын емдік профилактикалық мекеме. Амбулаторияда тек негізгі мамандықтар бойынша дәрігерлер қабылдау жасайды: терапевт, хирург, тіс дәргері. Амбулатория штатында дәрігерден басқа фельдшер, акушер, мейірбикелер және санитарлар бар. Кабинеттері: дәрігерге дейінгі қабылдау, электрокардиографиялық тексеру, егу бөлмесі. Жұмыс принципі емхана секілді.
Достарыңызбен бөлісу: |