Стационарлық типтегі мекемелер
Ауруханалық мекеме түріне аурухана, клиника, госпиталь, перзентхана, сауықтыру орталығы, хоспис, күндізгі аурухана жатады.
Ауруханалық мекеме ауруханалық шартта емдеуге арналған. Ауруханалық көмек (лат. stationaris –тұратын, қозғалмайтын) - квалификациялық, мамандандырылған, жоғары мандандырылыған, тәулік бойына медициналық қадағалаумен, көмек көрсету формасы.
Аурухана- емдеу мекемесі, дәрігерлік күтімді, қадағалауды, қарауды қажет ететін науқастар жатқызылған. Бұл жерде кідіріссіз медициналық көмек, сонымен қатар емханалық жағдайда қиындық туғызатын немесе болмайтын үнемі медициналық күтімді және емдеу әдістерін қолдануды қажет ететін науқастар жатқызу қызметтері атқарылады (ота жасау, жиі көк тамырға, бұлшық етке егу жасау және басқа да манипуляциялар)
Ауруханалар бөлінеді:
бірсалалы, бір ғана аурудың түрін емдеуге арналған мекеме (туберкулездік, психоневрологиялық, жұқпалы және т.б)
көпсалалы, әр түрлі ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған бөлімшелері бар (терапия, хирургия, неврология, ЛОР және басқа да бөлімдер)
Көмек көрсету аймағына байланысты;
аудандық
қалалық
облыстық
республикалық
Клиника - бұл аурухана, науқастарды тек ауруханалық емдеу ғана емес, білімгерлерді оқыту және ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Клиникаларда дәрігерлік жоғары мамандандырылған штаттар болуы керек және науқастарды диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы қажет.
Госпиталь – жұмыс жасайтын және қызметте болған әскери қызметкерлерге, ардагерлерге, соғыс мүгедектеріне, сонымен қатар соғыс әрекеттерінде зардап шеккен адамдарға емдік-диагностикалық көмек көрсетуге арналған мамандандырылған емдік-алдын-алу мекеме.
Госпиталь түрлері:
орталық;
қарулы күштер түрі;
аймақтық;
гарнизондық;
Соғыс уақытында ұйымдастырылатын госпитальдар:
жазықтық жылжымалы;
эвакуациялық;
армияға көмек беретін әскери бөлімдер.
Достарыңызбен бөлісу: |