Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері. Медициналық мекемелер жүйесі



бет6/8
Дата23.06.2022
өлшемі38,24 Kb.
#146991
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МІН 3 теория

Денсаулық пункті - әдетте емхана немесе медициналық-сантиарлық бөлім құрамына кіріп, жеке емдік профилактикалық мекеме болып табылмайды. Денсаулық пункті жұмыс немесе құрылыс участкесіне жақын аймақтағы ірі цехтерде ұйымдастырылады. Дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық пунктерін ажыратады.
Денсаулық пунктінің медицина қызметкелреініңнегізгі қызметі (дәрігер, фельдшер, мейірбике) – өндіріс орынының жұмысшылары жарақат алғанда, уланғанда, жедел жағдайларда дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, сонымен қатар емхана немесе медициналық-санитарлық бөлім дәрігері тағайындаған ем шараларын, егуді, диспансерлеу және санитарлы ағарту жұмыстарын іске асыру.
Диспансер – диспансерлік әдіс (нақты сырқаттар бойынша науқастарға көмек көрсету) бойынша барлық жұмысты іске асыратын амбулаторлы типті ерекше мамандандырылған мекеме. Психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венорологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық, кардиоревматологиялық, эндокринологиялық диспансерлер жұмыс жасайды.
Диспансердің негізгі қызметі – шығу тегі бір әр-түрлі аурулардың алдын алу және емду. Мысалы, туберкулезді диспансер туберкулезбен ауыратын науқастарды емдейді, науқастың үйіндегі, жұмыста бірге қызмет жасайтын адамдарда туберкулездің алдын алу, туберкулездің ерте формаларын анықтау үшін тұрғындарды жаппай тексеру, туберкулездің алдын алу үшін егу жасау және т.б. Осыған сәйкес онкологиялық диспансер қатерлі ісіктердің алдын - алу және емдеудің және т.б. іске асырады.
Медициналық жедел жәрдем станциясы – тәулік бойы науқастардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда (жарақат, травма, улану, қан кету, инсульт, т.б.) ауруханаға дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсететін емдік мекеме.
Мамандандырылған медициналық көмекті бригаданы басқаратын дәрігер, медициналық көмекті үйде немесе науқасты тасымалдауда дәрігерге көмектесетін фельдшер (мейірбике) іске асырады.
Медициналық жедел жәрдем станциясы медициналық жедел жәрдем подстанцияларымен, ауруханалармен, медициналық-санитарлық бөлімнің өрт сөндіру қызметімен, полиция және аппатты газбен тікелей оперативті байланыспен қамтамасыз етілуі керек. Диспетчер-эвокуаторлар линияда орналасқан санитарлық тасымалдау құралдарымен радио байланыспен қамтамасыз етілуі керек.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет