Медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты 1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМБС) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық мамандықтар бойынша білім алушылардың техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ) оқыту бағдарламаларының мазмұнына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, дайындық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
МЖМБС-нда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) базалық құзырет (бұдан әрі – БҚ) – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
2) біліктілік – алынған мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;
3) білім беру бағдарламасы – пәндер тізімі арқылы білім беру жүйесінің белгілі бір кезеңін білім беру мазмұнын анықтайтын құжат және оларды зерделеу мақсатын, оқу мерзімінің көлемін қамтиды;
4) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) - денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіптік ғылыми-педагогикалық, медициналық және фармацевтикалық кадрлар даярлауды, біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды іске асыратын білім беру ұйымы;
5) кәсіптік құзырет (бұдан әрі – КҚ) – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
6) кәсіби практика – кәсіптік білім беру және білікті техникалық және қызмет көрсету саласының қызметкерлерін жұмыс істеуге оқытудың тиімді нысанының білім беру процесінің ажырамас бөлігі;
7) кәсіби үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні бойынша меңгерілуге тиіс білім, іскерлік және дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
8) құзыреттілік – кәсіби әрекет және білім, дағды және кәсіби тәжірибе бірлігі негізінде маманның кәсіби міндеттердің нақты жиынтығын шеше білу қабілеттілігі;
9) нормативтік оқу мерзімі – нақты оқу нысаны бойынша кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;
10) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
11) оқу жұмыс бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – білім беру ұйымының басшысы бекітетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде нақты оқу жұмыс жоспарына арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;
12) оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының инварианттық негізгі құрылымдық құрамын бейнелейтін оқу жоспарын сипаттайтын нысан;
13) орталықтанған науқас – кәсіби қызметтің пациенттің өмірі мен оны қоршағандарға бағытталуы;
14) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандықтар мен біліктіліктерге, оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;
15) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің жиынтығы.
2. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 2007 жылғы 27 шілдедегі 14-бабының 9-тармағына сәйкес ТжКБ медициналық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, тиісті мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізуге лицензиясы бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандарды даярлауды:
1) осы МЖМБС, ҮОБ және ҮОЖ бойынша;
2) ОЖБ;
3) академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырады.
4. ТжКБ беру медициналық мамандықтар бойынша таңдаған мамандығы мен базалық біліміне байланысты оқу мерзімі 10 айдан 3 жыл 10 айға дейінгі уақытты құрайды.
5. ТжКБ беру медициналық мамандықтар бойынша оқу күндізгі және кешкі нысан бойынша жүзеге асырылады.
6. Білім беру бағдарламасын игергісі келетіндерге арналған талап базалық білімінің деңгейі - негізгі орта немесе жалпы орта білім.
7. МЖМБС қолдану мынадай мақсаттарға қол жеткізу үшін бағытталған:
1) білім беру ұйымдарының білім алушыларды даярлау деңгейі мен оқыту үшін міндетті талаптар ұсыну есебінен білім беру сапасын қамтамасыз ету;
2) білім беру қызметі субъектілерінің құқықтарын реттеу;
3) білім алушыларды дайындауда бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын және білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру;
4) Қазақстан Республикасының бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
8. ТжКБ беруде медициналық мамандықтар бойынша ҮОЖ-лары білім беру бағдарламаларының құрылымын, көлемін және мазмұнын, оқытудың нормативті мерзімі мен білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын анықтайды.
2-бөлім. Білім алушылардың даярлық деңгейіне
қойылатын талаптар
9. МЖМБС модульдік оқыту шеңберінде жүзеге асырылатын құзыреттілік тәсілін қолдануды көздейді.
10. Білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі әртүрлі бақылау түрлерімен қамтамасыз етіледі: аралық аттестация (сынақ, сараланған сынақ, емтихан), қорытынды аттестаттау.
11. Білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10348 болып тіркелген) тиісті мамандық бойынша біліктілік және Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
3-бөлім. Үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасының
мазмұнына қойылатын талаптар
12. Мазмұнының білім беру құрылымы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес есептеу-өлшегіш құралдарына қойылатын талаптармен: оқу жоспары және бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне байланысты анықталады (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар).
13. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады. Оқу жоспарлары ҮОЖ және ОЖЖ болып бөлінеді. ОЖЖ жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып ҮОЖ негізінде әзірленеді.
14. ТжКБ беру медициналық мамандықтар бойынша ОҮБ – ның мазмұнында: жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, осы МЖМБС-ке 1-14-қосымшаларына сәйкес арнайы пәндер қарастырылған.
15. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқыту пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады:
1) жалпы гуманитарлық пәндер;
2) әлеуметтік-экономикалық пәндер;
3) жалпы кәсіптік пәндер;
4) арнайы пәндер;
5) өндірістік оқыту;
6) кәсіптік практика.
16. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі және көлемі ТжКБ медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасына 15-28 қосымшаларына сәйкес ҮОЖ айқындайды
17. Білім беретін оқу бағдарламасы міндетті пәндерді, білім беру ұйымы айқындайтын пәндерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды. Консультациялар мен факультативтік сабақтар жеке білім алушылардың қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
18. ҮОЖ-да әрбір оқу пәнінің міндетті компонентінің күрделілігі, академиялық сағаттардағы әрбір оқу қызметінің түрі және қорытынды бақылау нысандары анықталады.
19. ООЖ мамандықтың ҮОЖ негізінде әзірленеді және Үлгілік қағидаларға сәйкес педагогикалық кеңестің шешімінің негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
20. Білім беру бағдарламаларын іске асыру мамандық және пәндердің оқыту-әдістемелік кешендерінің негізінде жүзеге асырылады. Мамандықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу нысанын, құрылымы мен тәртібін Үлгілік қағидаларға сәйкес білім беру ұйымдары анықтайды.
21. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру кезінде білім беру ұйымдары:
1) Кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының жиынтық көлемін сақтай отырып, пәндер мен циклдер үшін оқыту уақытының көлемін 30 %-ға дейін өзгертеді;
2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін таңдайды.
22. Медициналық мамандықтар бойынша ТжКБ беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Үштілдік білім беру бағдарламасын енгізу кезінде оқу үш тілде жүргізіледі: мемлекеттік, орыс және ағылшын.
23. ТжКБ берудің медициналық мамандықтар бойынша оқу бағдарламасын іске асыру ғылыми-педагогикалық, базалық жоғары (оның ішінде жоғары мейіргер ісі бойынша білімі бар болған жағдайда), сондай-ақ орта медициналық білімі бар (жоғары педагогикалық білімі бар болған жағдайда), оқытылатын пән бейініне сәйкес және жүйелі түрде педагогикалық, ғылыми-әдістемелік немесе денсаулық сақтау саласында тәжірибемен айналысатын кадрлармен қамтамасыз етіледі.
24. Бейінді пәндерді оқытуға жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар практикалық денсаулық сақтаудың жоғары білікті мамандары тартылады.
25. Кәсіби даярлықты ұйымдастыру төмендегілерді қамтиды:
1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар;
2) өндірістік оқыту;
3) кәсіби практика.
26. Практикалық сабақтардың, өндірістік оқыту және кәсіби практиканың оқу бағдарламаларының мазмұны мен мерзімдері ҮОБ, ОЖЖ бойынша және біліктілік талаптарына сәйкес анықталады.
27. Кәсіптік практика медициналық ұйымдарда жұмыс берушілермен шарт негізінде, оның ішінде дуалді оқыту тұжырымдамасы шеңберінде, білікті мамандардың басшылық етуімен жүргізіледі және оқыту процесінде алынған білімін игеру және бекітуге, Үлгілік қағидаларға сәйкес практикалық дағдыларды игеру және кәсіби құзіреттіліктерді меңгеру бағытталған. "Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының тиісті білім беру деңгейін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - № 1080 қаулы) техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес арнайы пәндер бойынша практикалық сабақтардың көлемін, өндірістік оқыту және кәсіптік практиканы қамтитын кәсіптік даярлау міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40%-ын құрауы тиіс.
28. Білім беру бағдарламасын іске асыру аудиториялық қор, арнайы кабинеттер және зертханалар, манекендерді, тренажерларды, симуляциялық жабдықтар, кітапхана қорын, оқу әдебиеттерін және оқу-әдістемелік құралдар, соның ішінде: электрондық оқу құралдары, аудио және бейне материалдар, әдістемелік көрнекі құралдар және пәндер бойынша ұсынымдар, кәсіптік практикалар, инновациялық және ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданумен жобалық жұмыстардың болуымен қамтамасыз етіледі.
29. Оқытудың кешкі нысаны үшін міндетті оқу сабақтарын оқу уақытының көлемі № 1080 қаулыға сәйкес күндізгі оқу нысаны үшін қарастырылған оқу уақытының тиісті көлемінің 70%-ын құрайды.
4 Бөлім. Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлеміне
қойылатын талаптар
30. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әр пән бойынша оқу жылы ішінде игеретін академиялық сағатпен өлшенеді.
31. Профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
32. Білім алушылардың оқу жүктемесінің жоғары көлемі аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмысының барлық түрлерін қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.
33. Күндізгі оқыту нысанында оқу жүктемесінің жалпы көлемі міндетті оқу жүктемесі есебінен кемінде аптасына 36 сағат (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).
34. Білім беру ұйымы білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін анықтау кезінде:
1) мамандығы бойынша оқу бағдарламаларына дербес пәндерді, қосымша тақырыптар мен бөлімдерді енгізу жолымен теориялық және практикалық дайындықты кеңейтеді, тереңдетеді, кәсіби практиканың оқу уақытының көлемін ұлғайтады;
2) жұмыс берушілердің кәсіби саладағы талаптарын қанағаттандыруға бағытталған қажетті пәнді енгізеді (білім беру ұйымымен анықталатын пәндер 10%-ға дейін).
35. Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады және оқу үрдісін ұйымдастыруға тәуелді мамандықтың ерекшелігіне байланысты аяқталады. Демалыс уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде қысқы мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды.
Факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде қарастырылады.
Оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде қарастырылады. Консультациялар емтихан түрінде аралық және қорытынды аттестация қарастырылған пәндер бойынша, сондай-ақ кәсіби даярлық деңгейін бағалауды жүргізу мен біліктілік тағайындау жоспарланады.
36. Емтихандар саны жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша білім алушы меңгерген білім, білік және құзырлық деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
37. Бір оқу жылының ішінде емтихандық сессияның жалпы ұзақтығы 4 аптадан аспайды.
38. Сынақтар мен дифференциалдық сынақтар, осы пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты есебінен жүргізіліп 5 балдық жүйемен бағаланады.
Емтихандар аралық аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
Кәсіби білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін білім алушының даярлық деңгейін бағалау үшін қорытынды аттестаттау өткізіледі.
39. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау :
1) білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды;
2) кәсіби даярлық деңгейін бағалау мен біліктілікті беруді қамтиды.
40. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.
Білім беру бағдарламасының оқытуды аяқтау қорытындысы бойынша аттестаттау түрі – мамандық бойынша екі кезеңнен тұратын кешенді емтихан тапсыру:
1) теориялық кезең (арнайы пәндер бойынша тестілеу);
2) практикалық кезең (біліктілік деңгейі бойынша практикалық тапсырмаларды орындау).
41. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау екі аптадан аспайды.
42. Даярлық деңгейін бағалауды ұйымдастыру және жүргізуге арналған оқу уақытының көлемі және біліктілік беру ҮОЖ көрсетілген.
43. Мамандықтар бойынша практикалық емтихандар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11644 болып тіркелген) медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативіне сәйкес білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерінде, оқу-жаттықтыру орталықтарында, қажетті құралдармен жабдықталған медициналық ұйымдардың базасында жүргізіледі.
44. Кәсіптік практиканы өткізуге берілетін уақыт 10 аптадан аспайды.
45. Оқу пәндерін зерделеудің бірізділігін белгілеу, оқу уақытын бөлу олардың әрқайсысы бойынша курстар мен семестрлер бойынша пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.
46. "Дене тәрбиесі" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына 4 сағаттан аспайтындай (мамандыққа байланысты) жоспарланады, олардың екі сағаты екінші курстан бастап спорт секцияларында сабақ өткізуге бөлінеді.
47. Базалық, кәсіби құзыреттілік және практикалық дағдыларды жетілдіру және бекіту мақсатында: арнайы пәндер бойынша практикалық сабақтар, клиникалық базаларда өндірістік оқыту және кәсіптік практика сағаттары енгізілген. Арнайы пәндер бойынша практикалық сабақтарды өткізу кезінде білім алушылардың саны 8-12 адамнан тұратын, жалпы кәсіптік пәндер бойынша – 13 адамнан артық емес кіші топтарға бөлінеді.
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 661 бұйрығына
9-қосымша
|
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 647 бұйрығына
5-3-қосымша
|
Фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты
1 .Бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМБС) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және фармацевтикалық мамандықтар бойынша білім алушылардың техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ) оқыту бағдарламаларының мазмұнына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, дайындық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
МЖМБС-нда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) базалық құзырет (бұдан әрі – БҚ) – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
2) біліктілік – алынған мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;
3) білім беру бағдарламасы – пәндер тізімі арқылы білім беру жүйесінің белгілі бір кезеңін білім беру мазмұнын анықтайтын құжат және оларды зерделеу мақсатын, оқу мерзімінің көлемін қамтиды;
4) кәсіби үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні бойынша меңгерілуге тиіс білім, іскерлік және дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
5) кәсіби практика – кәсіптік білім беру және білікті техникалық және қызмет көрсету саласының қызметкерлерін жұмыс істеуге оқытудың тиімді нысанының білім беру процесінің ажырамас бөлігі;
6) кәсіптік құзырет (бұдан әрі – КҚ) – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
7) құзыреттілік – кәсіби әрекет және білім, дағды және кәсіби тәжірибе бірлігі негізінде маманның кәсіби міндеттердің нақты жиынтығын шеше білу қабілеттілігі;
8) нормативтік оқу мерзімі – нақты оқу нысаны (күндізгі) бойынша кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;
9) оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының инварианттық негізгі құрылымдық құрамын бейнелейтін оқу жоспарын сипаттайтын нысан;
10) оқу жұмыс бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – білім беру ұйымының басшысы бекітетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде нақты оқу жұмыс жоспарына арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;
11) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
12) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандықтар мен біліктіліктерге, оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;
13) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің жиынтығы.
2. Фармацевтикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 14-бабының 9-тармағына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан тиісті мамандық бойынша білім беру қызметін жүргізуге лицензиясы бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары 0306000 – "Фармация" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауды:
1) МЖМБС, ҮОБ және мамандықтардың ҮОЖ;
2) ОЖЖ;
3) академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырады.
4. 0306000 – "Фармация" мамандығы бойынша оқу мерзімі 2 жыл 10 айға дейінгі уақытты құрайды.
5. 0306000 – "Фармация" мамандығы бойынша оқу нысаны тек күндізгі бойынша жүзеге асырылады.
6. Білім беру бағдарламасын игергісі келетіндерге арналған талап етілетін қажетті алдыңғы білімінің деңгейі - жалпы орта білім.
7. МЖМБС қолдану мынадай мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:
1) білім беру сапасының кепілдігін қамтамасыз ету білім алушылардың дайындық деңгейіне және білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын міндетті талаптар арқылы жүзеге асады;
2) білім беру қызметі субъектілерінің құқықтарын реттеу;
3) білім алушылардың дайындық және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;
4) Қазақстанда білім беру кеңістігінің бірыңғай жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
8. 0306000 – "Фармация" мамандығы бойынша ҮОЖ-лары МЖМБС сәйкес білім беру бағдарламаларының құрылымын, көлемін және мазмұнын, оқытудың нормативті мерзімі мен білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |