"Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы"



бет3/36
Дата17.02.2017
өлшемі7,4 Mb.
#9667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
.


      24. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.


      Оқу жоспарлары Үлгілік қағидалардың 43-тармағына сәйкес ҮОБ, ЖОЖ және басқа да ОЖЖ-ға бөлінеді.


      25. ҮОЖ осы МЖМБС негізінде 5B110300 – "Фармация" мамандығы бойынша әзірленеді.


      ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбекті қажетсінуін және әрбір оқу қызметінің түрі (практика, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты жазу және қорғау) кредитпен айқындалады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.


      26. Жоғарғы оқу орны ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау компонентіндегі барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК) әзірлейді. ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК студенттерге элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.


      27. 5B110300 – "Фармация" мамандығы бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде студент эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір студенттің жеке білім алу траекториясын айқындайды.


      ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері және оқу қызметінің түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау компоненті пәндері кіреді.


      28. 5B110300 – "Фармация" мамандығы бойынша ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен студенттердің ЖОЖ-ы негізінде әзірленеді және оны ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.


      ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен еңбекті қажетсінуі, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері мен бақылау нысандары, практика түрлері, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау айқындалады.


      29. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен (бұдан әрі – Ереже) бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерінің 15,16 және 19-тармақтарына сәйкес ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу орны өзі айқындайды.


      30. Ереженің 10-тармағына сәйкес үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.


      31. Барлық оқу пәндерінің мазмұны ҮОЖ және ЖОБ айқындалады.


      32. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі шеңберінде алынған білім деңгейі бақылаудың әртүрлі түрлері арқылы қамтамасыз етіледі.


      33. Ереженің 64-тармағына сәйкес студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) Тіркеу (бөлім, сектор) кеңсесі ұйымдастырады және бақылау мен бағалау оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс.


      34. Тіркеу кеңсесі білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алады, ол Ереженің 2-қосымшасына сәйкес студенттердің белгіленген үлгідегі транскриптінде көрсетіледі.


      Транскрипт білім алушыға білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.


      35. Бітірушілердің білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.


      36. Жоғары оқу орны бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жоспарларында көзделген мерзімде өткізіледі.


      37. Үлгілік қағидаларының 84-тармағына сәйкес қорытынды аттестаттаудың мақсаты бітірушінің теориялық деңгейін, қалыптасқан кәсіби құзыреттерін, кәсіптік мәселелерді шешуге дайындығын және оның дайындығының білім беру бағдарламасына сәйкестігін бағалау болып табылады.


      38. Қорытынды аттестаттау мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау түрінде немесе мамандық бойынша және қосымша екі бейіндеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру түрінде жүзеге асырылады.


      Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмысты (жобаны) жазудан және қорғау рәсімінен тұрады. Бұл ретте дипломдық жұмыстың (жобаның) мақсаты – бітірушінің талдау және зерттеу қабілеттіліктерін анықтау және бағалау.


      39. Жоғары оқу орны білім алушылардың теориялық дайындығының, оқу жетістіктерінің деңгейін, оқу нәтижелерін және зерттеу-талдау қабілеттерін ескере отырып, олардың қорытынды аттестаттау нысанын дербес айқындайды: мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау немесе мамандық бойынша және қосымша екі бейіндеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру.


      40. Білім беру мазмұнын жоспарлауды, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу тәсілін жоғары оқу орны кредиттік оқыту технологиясы негізінде өз бетінше жүзеге асырады.


      41. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны осы МЖМББС-ға 4-қосымшаға сәйкес "Фармация" мамандығы бойынша бакалавриаттың білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.


      42. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын айқындайтын оқу жұмыстарының түрлерінен қалыптастырылады.


      43. Білім беру бағдарламасы:


      1) жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқытуды;


      2) оқытудың қосымша түрлері – кәсіптік практиканың түрлерін, дене шынықтыруды, әскери дайындықты;


      3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.


      Бұл ретте білім беру бағдарламалары модульді оқыту қағидаты бойынша құрылады.


      44. Оқу жұмысының еңбекті қажетсінуін есепке алу оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады және оқытудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті студенттер мен оқытушылардың еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.


      Кредиттер білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерінің және (немесе) модульдерінің (элементтерінің) шартты "бағасын" көрсетеді. Жалпы еңбекті қажетсіну ұғымына лекциялық, практикалық (семинарлық), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар (жобалар), кәсіптік практиканың, тағылымдамалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту кіреді.


      45. Теориялық оқытудың жалпы еңбекті қажетсінуі оқытылатын оқу пәндерінің тізбесімен анықталады.


      46. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде үш кредит көлемімен бағаланады.Ерекше жағдайда пәнді екі кредитпен бағалауға жол беріледі.


      47. Әрбір оқу пәні қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс.


      48. Білім алушылар әрбір оқу пәнін бір академиялық кезеңде меңгеріп, оны аяқтаған соң емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады. Кәсіби практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар) бойынша қорытынды бақылау білім алушылардың оқу жұмысының аталған түрлерін қорғау түрінде өткізіліп, белгіленген бағалар шкаласы бойынша бағаланады.


      49. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларына қолданыстағы заңнаманың нормаларын іске асыратын пәндерді енгізу ұсынылады.


      50. "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (әрі қарай – № 1080 қаулы) 64-тармағына сәйкес "Фармация" мамандығы бойынша бакалавриатта жоғары арнаулы білім беру – 5 жылды құрайды.


      51. Ереженің 2-қосымшасына сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды бітірген адамдарға "Фармацевт" дәрежесі және/немесе біліктілік және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

4-бөлім. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне


қойылатын талаптар


      52. Студенттің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әрбір оқу пәні бойынша меңгеретін кредит санымен өлшенеді.


      53. Профессорлық-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау оқытушының студентпен байланыс жұмыс уақытын көрсететін студенттің оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыстарының аудиториялық оқу сабақтарының кестесі бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша кредитпен немесе академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.


      54. Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Зертханалық, сондай-ақ дене шынықтыру сабақтары бұдан өзгеше, онда бір академиялық сағат зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минутқа тең.


      Практиканың, студенттерді қорытынды аттестаттаудың барлық түрлері үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең.


      55. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:


      1) семестр түріндегі академиялық кезең бойында студенттің аудиториялық жұмысының;


      2) кәсіптік практика кезеңіндегі студенттің оқытушымен жұмысының;


      3) студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша жұмысының;


      4) студенттің 5B110300 – "Фармация" мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен оны тапсыру бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.


      56. Студенттің оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) анықталады.


      Студенттің аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті СӨЖ сағаттарының санымен толығады, осылайша бір кредитке студенттің семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.


      Дәрістермен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі студенттің оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.


      Дене шынықтыру сабақтары қосымша СӨЖ сағаттарымен қамтылмайды. Дене шынықтыру бойынша қорытынды аттестациялау мен сабақтардың жалпы көлемі (сағат бойынша) студенттің орташа апталық жүктемесіне кірмейді.


      Практиканың әрбір академиялық сағаты (оқу практикасынан басқа) студенттіңқосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен толықтырылады.


      Қорытынды аттестаттаудыңәр академиялық сағаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша студенттің оқытушымен байланыс жұмысының немесе мемлекеттік емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша студенттің оқытушымен жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Студентті қорытынды аттестаттаудыңәрбір академиялық сағаты 6 сағаттық СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.


      57. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практикалардан, тағылымдамалармен каникулдан тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады.


      58. Оқу жылының жалпы ұзақтығы 36 аптадан кем болмауы тиіс.


      59. Академиялық кезеңұзақтығы 15 апта болатын семестрден, немесе ұзақтығы 10 апта болатын триместрден, немесе ұзақтығы 7-8 апта болатын тоқсаннан тұрады.


      Жоғары оқу орны академиялық кезеңнің нысанын және оған қоса оны ұйымдастырудың біріктірілген нысанын да дербес анықтайды.


      60. Әрбір академиялық кезең ұзақтығы 1 аптадан кем болмайтын студенттерді аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады.


      61. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау жүргізіліп, ағымдағы үлгерім бағалары (ағымдағы және межелік бақылаулар нәтижелері бойынша орташа арифметикалық бағалар) ескеріле отырып, пәндер бойынша қорытынды бағалар шығарылады.


      № 1080 қаулының 75 – тармағына сәйкес пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.


      62. Бітіруші курсты қоспағанда, студенттерге оқу жылы ішінде кемінде екі рет жалпы ұзақтығы кемінде жеті аптаны құрайтын каникул беріледі.


      63. Кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік, дипломалды болып бөлінеді. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-кредиттен кем болмауы тиіс. Бұл ретте, жоғары арнаулы білімнің барлық мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит көлемінде, ал өндірістік практика 4 кредиттен кем жоспарланбайды, егер мамандық бойынша ТОЖ-да дипломалды практика көрсетілмесе, қажет жағдайда ЖОО өз бетінше жоспарлай алады.


      Практикалардың ұзақтығы студенттің практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмысын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемі тиісті практика түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек қажетсінуіне көбейтіледі және студенттің апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлінеді.


      Практиканың 1 кредитінің еңбекті қажетсінуі оқу практикасы үшін 15 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде оқу практикасы үшін 0,5 аптаны, өндірістік практика, тағылымдамалар үшін 2,5 аптаны құрайды.


      64. Студенттерді қорытынды аттестаттауды аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең студенттің апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде СӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) қарай анықталады.


      Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағатқа тең, яғни 2 апта. Олардың ішінде 15 сағаты студент пен оқытушының байланыстағы жұмысына, ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады.


      5B110300 – "Фармация" мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және оны тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.


      Дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит, яғни тиісінше 4 апта бөлінеді. Бұл ретте 2 кредитке дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеу мен қорғау кіреді. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау процесінің өзі алдын ала кәсіптік практика барысында және теориялық оқытудың соңғы кезеңінде жүзеге асырылады.


      65. № 152 бұйрықтың 35-4 тармағына сәйкес білім алушылардың (бітіруші курсты қоспағанда) қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық қарызды немесе айырмашылықты жою үшін, игерген кредиттерін өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта тапсыра отырып басқа жоғары оқу орнында оқу пәндерін оқып-үйрену, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін, 5B110300 – "Фармация" мамандығын меңгеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр енгізілуі мүмкін.


      Бұл ретте академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою және қосымша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.


      Жазғы семестр, оқытудың қосымша түрлері (әскери даярлық) каникул есебінен немесе жеке академиялық календар бойынша жоспарланады.


      66. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жылдамдатылған оқу мерзіміндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен білім алушылар үшін кредиттер саны мен білім беру бағдарламасының қажетті көлемін жоғары оқу орны білім туралы құжат иегерінің алдыңғы білім деңгейінің бейінін, негізгі және кәсіби құзыреттерін ескере отырып дербес анықтайды.


      67. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жылдамдатылған оқу мерзіміндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы:


      1) жоғары оқу орны есептеп, транскриптіне міндетті түрде енгізетін алдыңғы білімде меңгерген пререквизиттеріне қарай өзінің жеке оқу жоспарын құрастырады;


      2) 5B110300 – "Фармация" мамандығы бойынша, бірақ алдыңғы білім деңгейін ескере отырып, қолданыстағы білім беру бағдарламасы негізінде жоғары оқу орны дербес анықтайтын жеке оқу мерзіміне және білім беру бағдарламасының көлеміне ие болады.


      68. Жоғары оқу орны әрбір студентті 5В110300 – "Фармация" мамандығының бейініне сәйкес кәсіптік практика базаларымен қамтамасыз етеді.


      69. Жоғары оқу орнын кадрлық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарынде, жәнеоларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде айқындалған.


      70. Студенттердің зерттеу жұмыстары оқу процесінің жалғасы және тереңдетілуі болып табылады және тікелей кафедраларда, зертханаларда, ғылыми, конструкторлық және жоғары оқу орындарының жобалық бөлімшелерінде, студенттердің ғылыми-техникалық бірлестіктерінде (конструкторлық және өзге де бюролар, орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары) ұйымдастырылады.

 

Фармацевтикалық мамандық
бойынша бакалавриаттың
мемлекеттік жалпыға бірдей
міндетті стандартына
1-қосымша

Бакалавриаттың "фармация" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын
меңгеруге ынталы тұлғалардың алдыңғы білімінің деңгейіне қойылатын талаптар


Мамандық



Талап етілетін білім деңгейі



5В110300 "Фармация"



Толық орта білім







 

Фармацевтикалық мамандық

 

бойынша бакалавриаттың
мемлекеттік жалпыға бірдей
міндетті стандартына
2-қосымша

Міндетті компонент пәндері циклінің мазмұны


Пән атаулары және қызмет түрлері



Кредит көлемі



Жалпы білім беру пәндері



28



Міндетті компонент



21



Қазақстанның қазіргі заман тарихы


"Қазақстанның қазіргі заман тарихы" курсының пәні, мақсаты және міндеттері. Қазіргі кездегі "Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы" пәні туралы түсінік. Тарих, жеке тұлға, мемлекет. Тарих және өркенит. Отан тарихының қызметі мен қағидаттары. Қазақстанның қазіргі заман тарихы дүниежүзілік тарих контекстінде. Ұлттық тарихтың құндылықтары. "Қазақстан Республикасында тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы" (1995 жыл). Бүгінгі Қазақстанның тарихын кезеңдерге бөлу. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын зерттеудегі жаңа концептуалдық ұстанымдар. "Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы" пәні бойынша деректер мен әдебиеттер. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазіргі замандағы Қазақстанның бүгінгі таңдағы ұлттық тарихының проблемаларын өзектендіру.



3



Философия


Мәдениет контекстіндегі философиянын тарихи үлгілері. Ежелгі үнді философиясы шығыс мәдениетінің феномені ретінде. Қытай мәдениетінің гулдену кезіндегі ежелгі Қытай философиясы. Ежелгі мәдениеттегі философия. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Ислам мәдениеті контекстіндегі араб-мұсылман философиясы. Батыс еуропа орта ғасырлық мәдениетіндегі философия және дін феномені. Ренессанс және реформация мәдениетіндегі философия. Жаңа Заман мәдениетіндегі Батыс Еуропа философиясы. 19 ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеттегі Батыс Еуропа философиясы. Орыс философиясы 19-20 ғасырдағы ресей мәдениетінің феномені ретінде. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. 20 ғасыр мәдениетіндегі Кеңес философиясы. 21 ғасырдың алдындағы 20 ғасырдың мәдениеті контекстіндегі батыс философиясы. Тұрмыс философиясы. Философиялык антропология. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Махаббат философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Білім философиясы. Диалектика теориясының проблемалары. Эпистемология. Жаһандық проблемалар философиясы.



3



Шет тілі


Оқылатын шет тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық нормалары. Фонетика: шет тілінің айту және ырғақты интонациялық ерекшеліктері, сөйлеудің дыбыстық жүйесінің рецепциясы және репродукциясы. Орфография: тілдің дыбыстық-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық қағидалар. Лексика: сөз құрау үлгілері; базалық тілдің 2500 бірлігі көлеміндегі, сондай-ақ мамандық бейініне сәйкес келетін терминдердің лексикалық минимумы; қолдану салалары бойынша лексикалық екшеленуі. Грамматика: сөйлеудің негізгі бөліктері – зат есім, сын есім, үстеу, етістік, артикль, есімдік, демеулік жай және күрделі сөйлемнің құрылымы; сөз жасамның негізгі үлгілері. Оқу: танысу, іздену, зерделеу және қарап шығып оқу дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу: оқылатын тақырыптар шегінде диалогтық және монологтық сөйлеу дағдылары. Жазу: жеке және іскери сипаттағы шығармалар мен хаттарды жазу кезінде ақпараттарды біртіндеп жазу дағдыларын дамыту. Мамандық бойынша тілдік нормаларға сәйкес мәтіндерді шет тілінен қазақ (орыс) тіліне аудару. Аудирлеу: тұрмыстық, ақпараттық, және кәсіптік сипаттағы хабарламаларды естіп қабылдау.



6



Қазақ (орыс) тілі


Қазіргі қазақ (орыс) тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары. Лексикологияның, фразеологияның, морфологияның, синтаксистің негізгі түсініктері. Сөйлем деңгейінде: жай және күрделі сөйлем құрылымындағы субъектілі баяндауышты қатынастар, жай, салалас құрмалас, бағыныңқы құрмалас сөйлемдердегі объектілі, анықтауыш, пысықтауыш сөйлемшелер. Жалғаулықсыз сөйлемдегі салалас және бағыныңқы қатынастарағы сөйлемшелер. Мәтін деңгейінде: мәтіндердің құрылымы және әртүрлі үлгілерінің байланысу құралы, қазіргі қазақ тілінің әртүрлі стильдерінің ерекшеліктері (публицистік, көркем, ресми-іскерлік), сөйлеудің ғылыми стилінің ерекшеліктері: ғылыми баяндаманың, рецензияның, аннотацияның, резюменің құрылымы. Сөйлеу қызметінің деңгейінде: мәтіннің мазмұнын оқу, түсіндіру, компрессия, айту. Рефераттардың, резюмелердің, аннотациялардың, рецензиялардың әртүрлі үлгідегі жоспарын дайындау және жазу. Монологтардың, диалогтардың, полилогтардың, сөйлеу мәдениетінің әртүрлі үлгілерін құрастыру.



6



Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Есептік жүйелердің архитектурасы. Компьютерлік архитектураның дамуы. Жоғары өндіруші есептік жүйелер. Мобилді тұғырнаманың шолуы. Операциялық жүйелерге кіріспе. Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруға шолу. Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Графикалық редакторлар. Ақпараттар базасын басқару жүйесі (бұдан әрі – АББЖ). АББЖ анықтамасы және функциясы. АББЖ негізгі архитектуралық шешімі. АББЖ ақпараттар моделдері. Динамикалық және статикалық парақтар. Адам-машина қарым-қатынасы. Қолданушылық интерфейс. Жүйелік технологиялар және телекоммуникация. ????? Ақпараттық қауіпсіздік және оның құрауыштары. Ақпарат қауіпсіздігінің каупі және олардың жіктеуіші. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттар және құралдар. Ақпаратты қорғау шаралары мен құралдары. Антивирустық бағдарламалар. Архиваторлар. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері. Кәсіби саладағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Ақпараттық ресурстардың қорғалуы. Ақпараттық жүйелер. Мультимедиялық технологиялар. Мультимедияның негізгі түсініктері. Индустриалды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Компоненттер мен жүйелердің жаңа буыны. Алдыңғы қатарлы бағдарламалау. Электрондық үкімет. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Электрондық оқыту. Smart технологиялар. Жасанды интеллект жүйесінің даму перспективалары. Робототехника. Ақылды үй, ақылды қала. Сурет салу құралдары. Мәтін үшін құралдар.



3



Таңдау компоненті



7



Негізгі пәндер



90



Міндетті компонент



24



Кәсіби бағдарланған шет тілі


Кәсіби бағдарланған шет тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе. Кәсіби бағдарланған шет тілі адами қызметтің белгілі бір саласына (мамандық ерекшелігін есепке алғанда) қызмет ететін пәндік феномен сияқты. Пәндік-тілдік материалды меңгеруді қалыптастыру негіздері. Шет тілдік мәндегі базалық санаттық-ұғымдық аппарат. Кәсіби шет тіл терминологиясы. Арнайы кәсіби бағдарланған материал және оны берілген кәсіби жағдаяттарда пайдалану. Мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының шет тілдегі сипаттамасы. Кәсіби құзырет: шет тіліндегі мәтіндерге бағдарлану, кәсіптік мазмұнда монологтық пікір айту және т.б. Кәсіби бағдарланған шет тілінің пәндерімен байланысы. Кәсіби бағдарланған шет тілін трансформациялау және саралау.



2



Кәсіптік қазақ (орыс) тілі


Кәсіби қазақ (орыс) терминологиясы. Арнайы кәсіби бағдарланған материал және оны берілген кәсіби бағдарланған жағдайларда пайдалану. Мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының қазақ (орыс) тілдеріндегі сипаттамасы. Кәсіби құзырет: қазақ (орыс) тілдеріндегі мәтіндерге бағдарлану. Кәсіби бағдарланған қазақ (орыс) тілдерінің бейінді пәндермен байланысы.



2



Органикалық химия


Органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы, құрылымдық изомериясы. Химиялық байланыс және органикалық қосылыстардың молекулаларындағы атомдардың өзара әсері. Органикалық қосылыстардың кеңістік құрылысы. Органикалық қосылыстардың қышқылдық және негіздік қасиеттері. Алкандар. Циклоалкандар. Алкендер, диендер, алкиндер. Моноядролы арендер. Конденсирленген арендер. Галогенкөмірсутектер. Көмірсутектердің гидрокситуындылары және олардың тиоаналогтары. Жай эфирлер және сульфидтер. Аминдер. Диазо қосылыстар. Азобояғыштар. Альдегидтер және кетондар. Карбон қышқылдары. Карбон қышқылдарының функционалдық туындылары. Дикарбон қышқылы. Көмір қышқылының туындылары. Гетерофункционалды органикалық қосылыстар. Галоген-, гидрокси- және оксоқышқылдар. Аминоқышқылдар, пептиндер, ақуыздар. Моносахаридтер. Олигосахаридтер және полисахаридтер. Бір және екі гетероатомдары бар алты мүшелі гетероциклдер. Конденсирленген гетероциклдер. Алкалоидтар. Липидтер. Сабындалатын липидтер. Триацилглицеридтер, фосфоглицеридтер. Сабындалмайтын липидтер. Терпеноидтер. Стероидтер.



4



Талдамалық химия


Сапалық және сандық талдау әдістердің теориялық негіздері. Заттарды анықтаудың әдістері мен қағидаттары. Катиондар мен аниондардың жіктелуі. Катиондар мен аниондардың сапалы талдауы. Аналитикалық химиядағы электролит ерітінділерінің теориясы. Аналитикалық химиядағы иондық тепе-теңдіктердің (қышқылдық-негіздік, тотығу-тотықсыздану, гетерогендік және кешенді нометрлік) әртүрлі үлгілеріне әрекет ететін массалар заңын қолдану. Сапалық талдауда органикалық реагенттерді қолданудың теориялық негіздері. Бөлу, бөліп шығару және концентрациялау әдістері. Үлгіні талдауға дайындау. Сандық талдау. Гравиметриялық талдау. Титриметриялық талдау. Қышқылдық-негіздік титрлеу, тотығуды-тотықсыздануды титрлеу, тұндыру және комплексонометриялық титрлеу. Талдаудың аспаптық әдістері (оптикалық, электрохимиялық, хроматографиялық).



4



Ботаника


Ботаника пәні. Ботаниканың бөлімдері. Өсімдіктер – жер бетіндегі тіршілік көзі. Биосфера. Табиғаттағы заттардың айналымы. Өсімдік дәрілік шикізаттың көзі ретінде. Ботаниканың фармация үшін мәні. Республикамыздың әртүрлі өңірлеріндегі флораны зерттеудегі қазақстандық ботаник-ғалымдардың үлесі. Өсімдік ағзасының тіршілігі мен құрылысының негізгі құрылымы. Жасуша туралы ілім. Цитология негіздері. Өсімдіктердің физиологиясы мен анатомиясы. Өсімдік ұлпалары, олардың құрылысы мен қызметі. Өсімдіктің вегетативтік мүшелері, олардың құрылысы мен қызметі. Өсімдіктің морфологиялық топтары. Өсімдіктің өсуі, дамуы және көбеюі. Өсімдіктердің жүйесі. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Споралылар. Архегониалдылар. Жабық тұқымдыларды жүйелік шолу. Қосжарнақтылар класы. Даражарнақтылар класы. Өсімдіктер географиясының негіздері.



2



Фармакология


Фармакологияның мазмұны, пәні, зерттеу əдістері. Фармакологияның басқа пəндермен байланысы. Жалпы рецептура. Сұйық, жұмсақ, қатты дəрілік нысандарды жазып беру тəртібі. Жалпы фармакология. Дəрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары. Нерв жүйенің перифериялық бөліміне əсер ететін заттар. Эфференттік иннервацияға əсер ететін заттар. Орталық нерв жүйесі əсер ететін заттар. Аналгетикалық заттар. Қабынуға қарсы жəне аллергияға қарсы заттар. Антисептиктер мен дезинфекциялайтын заттар. Химиотерапиялық заттар, Бактерияға қарсы заттар, Туберкулезге қарсы, спирохетозға қарсы, зеңге қарсы, вирусқа қарсы, протозойға қарсы жəне ішек құртына қарсы заттар. Тірек-қимыл, тыныс алу, жүрек-қантамыры, ас қорыту, зəр шығару, эндокринді жүйе, қан жүйесі қызметтеріне əсер ететін дəрілік заттар.



4



Дәрілік заттарды талдау және зерттеудің жалпы әдістері


Дәрілік заттардың сапасын реттейтін мемлекеттік қағидаттар мен жағдайлар. Фармацевтикалық талдау. Фармацевтикалық талдаудың жалпы қағидаттары. Бейорганикалық және органикалық дәрілік заттарды (жеке және үйлестірілген дәрілердің құрамында бар) зерттеудің жалпы әдістері мен тәсілдері. Дәрілік заттардың құрамындағы бөгде заттарды анықтаудың (тазалығына жүргізілетін сынақ) жалпы фармакопеялық жағдайлары. Дәрілік заттарды талдаудың сандық әдістерін біріздендіру. Биологиялық сұйықтықтарда дәрілік заттарға талдау жүргізудің ерекшеліктері. Бейорганикалық дәрілік заттарды талдау. Алифатикалық, циклдық және алициклдық қосындыларды талдау: галогенді- және оттегі құрамды алкан қосындылары, туынды дитиокарбон қышқылдары, беталактамидтер (цефалос-пориндер, табиғи және жартылай синтетикалық пенициллиндер), аминді гликозидтер, макролидтер және азалидтер, терпендер, статиндер, туынды адамантандар, туынды циклопентанпергидрофенантрен (стероидты қосындылар).



3



Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру


Халыққа медициналық жəне дəрі-дəрмектік көмекті ұйымдастырудың негізгі қағидаттары. Рецептерді қабылдау және дәрілерді босату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі. Дәрілерді дайындауды, ресімдеу мен босатуды, дәріханаішілік сапаны бақылауды ұйымдастыру. Дәрілік препараттарға қажеттілікті айқындаудң және сұранысты зерделеудің негізгі қағидаттары. Фармацевтикалық этика мен деонтологияның қағидаттары.



3



Таңдау компоненті



66



Бейіндік пәндер



43



Міндетті компонент



16



Дәрілік заттардың өндіріс технологиясы


Негізгі түсініктер мен терминдер. Дәрілер технологиясының міндеттері. Дәрілік заттардың өндірісін мемлекеттік нормалау. Дайын дәрілік заттардың өндірісін ұйымдастырудың жалпы қағидаттары. Фармацевтикалық өндірістің процестері мен аппараттары. Ұнтақтар. Қосындылар. Медициналық ерітінділер. Шәрбаттар. Хош иіс сулары. Алкоголиметрия. Экстракционды дәрілік препараттар. Жаңа алынған өсімдік шикізатынан дайындалған препараттар. Барынша тазартылған фитопрепараттар. (Новогаленді препараттар). Жеке фитопрепараттар. Жануарлар шикізатынан дайындалған препараттар. Ферментті препараттар. Биогенті стимуляторлардың препараттары. Таблеткілер. Түйіршіктер. Драже. Микродраже. Спансулдар. Медициналық желатин капсулалары. Микрокапсулалар. Нанокапсулалар. Асептикалық дайындалатын және өнеркәсіптік өндірістің стерильді дәрілік нысандары. Майлар. Пасталар. Пластырлер. Суппозитории. Аэрозолдер. Көзге арналған дәрілік нысандар. Стоматологиялық дәрілік нысандар. Жасқа байланысты дәрілік нысандар. Жаңа дәрілерді әзірлеу саласында фармацевтикалық технологияның жетістіктері.



4



Фармакогнозия


Дәрілік өсімдіктер, олардың ботаникалық белгілері. Дәрілік өсімдіктердің және дәрілік өсімдік шикізаттарының (құрамындағы биологиялық белсенді заттар бойынша) номенклатурасы. Фармакогнозияның дамудың заманауи кезеңіндегі міндеттері. Дәрілік өсімдік шикізаттарын фармакогностикалық талдау әдістері. Құрамында терпеноидтар, дәрумендер, гликозидтер, алкалоидтар және басқа да биологиялық белсенді заттары бар әртүрлі морфологиялық топтағы дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау, макро-, микроскопиялық, тауарлық талдау жүргізу туралы жалпы ұғымдар. Жинауды, кептіруді, қайта өндеуді ұйымдастыру. Дәрілік өсімдік шикізаттарын стандарттау. Дәрілік өсімдік шикізатына арналған нормативтік құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі. Құрамында полисахаридтер, майлар, дәрумендер, терпеноидтар, алкалоидтар, ащылар, жүрек гликозидтері, сапониндер, фенол қосылыстары, флавоноидтар, дубильді заттар, кумариндер, хромондар, антрацентуындылар бар дәрілік өсімдік және шикізат. Дәрілік ресурстану. Картографиялық және басқа да материалдарды дайындау. Ресурстық зерттеулер: өсу аймағын табу, картирлеу, қорларын анықтау.



4



Фармацевтикалық химия


Табиғи биологиялық белсенді қосылыстары және гетероцикл қатарындағы дәрілік препараттар. Гетероциклді қосылыстардан өндірілген дәрілік препараттардың фармацевтикалық талдауының ерекшеліктері. Табиғи көздер және синтез тәсілдері. Гетероцикл қатарындағы дәрілік заттарды талдаудың, жиілік бақылаудың және сандық құрамының фармакопеялық және бейформакопеялық әдістер. Гетероциклді қосылыстардан өндірілген дәрілік заттардың жіктемесі. Құрамында қышқыл бар гитероциклдер (фураннан және 5-нитфруннан өндірілгендер, бензопираннан өндірілгендер: кумариндер, хроманды және фенилхроманды қосылыстар). Құрамында азот бар гетероциклдер (пирролдан, индолдан, иохимбаннан, лизергин қышқылынан, пиразолдан, имидазолдан өндірілгендер), пиридиннен өндірілгендер (пиридинметанолдан өндірілгендер), пиридин-3 карбонды және пиридин-4 карбонды қышқылдарынан өндірілгендер, тропаннан өндірілгендер, хинолиннен және хинуклидинен өндірілгендер, аралас 4 хинолиннен өндірілгендер, аралас 8 хинолиннен өндірілгендер, изохинолиннен өндірілгендер, пиримидиннен өндірілгендер, пиримидинді-тиазолдан өндірілгендер, пуриннен өндірілгендер, птеридиннен өндірілгендер, изоаллоксазиннен өндірілгендер, фенотиазиннен алкилөндірілгендер, 1,4-бензодиазепиннен өндірілгендер.



4



Фармацияны басқару және экономикасы


Қазақстан Республикасындағы фармацияны басқару органдары. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негізгі қағидаттары. Фармакопеялық және фармакологиялық комитеттер. Фармацевтикалық қызметті лицензиялау. Дәрілік заттарды және медициналық (санитариялық) мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар арқылы әкелуді және әкетуді лицензиялау. Фармацевтикалық ұйымдардың қызметін және дәрілік заттардың сапасын реттейтін негізгі қолданыстағы бұйрықтар мен нормативтік актілер. Фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындарды (дәріханаларды, дәріханалық пункттерді, дүңгіршектерді, көтерме-бөлшек сауда фирмаларын) ұйымдастыру мен басқару процестерінің элементтері. Фармацевтикалық субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметін есепке алу және есептілік, талдау.



4



Таңдау бойынша компонент



27



Барлығы



161


 

Фармацевтикалық мамандық
бойынша Бакалавриаттың
мемлекеттік жалпыға бірдей
міндетті стандартына
3-қосымша


Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет