«Медициналық және фармацевтикалық тауартану»


Иллюстрациялық материалдар



бет15/51
Дата08.02.2022
өлшемі354 Kb.
#123030
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
Байланысты:
Медициналық-және-фармацевтикалық-тауартану

4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет


6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Металл емес металдарға қандай металдар жатады?

  2. Керамика мен шыны металдардан не жасайды?

  3. Шыны бұйымдарының өңделуі мен жасалуы қалай жүргізіледі?

  4. Шыныларды термиялық және механикалық өңдеуден өткізудің қандай маңыздылығы бар?


1. Тақырыбы №:6 «Медициналық резеңке бұйымдары»


2. Мақсаты: Студенттерді медициналық резеңке бұйымдарымен таныстыру.


3. Дәріс тезистері: Соңғы жылдары медициналық тәжірибеде полимер деп аталатын органикалық туынды кеңінен қолданылуда. Полимерлерге аз ғана күшке айтарлықтай үлкен деформацияға ұшырайтын созылғыш заттар – эластомерлер жатады. Бұл эластомерлерді табиғи және синтетикалық деп бөледі. Резеңкелердің негізгі құрам бөлігін каучуктер құрайды.
Резеңкені алуда негізгі шикізат ретінде каучук қолданылады.
Табиғи каучукты гевея деп аталатын Бразилия ағашының шырынын алады. Ол үшін ағашты тесіп түтік арқылы ағаш шырыны-латексті алады. Латекс гевея ағашының тамыры мен кейбір тропикалық өсімдіктердің құрамында болады.
1928-1930ж.ж. ғалым Лебедев синтетикалық каучукты алды.
Синтетикалық каучукты техникалық спирттен Лебедев тәсілі бойынша алады. Арнайы катализаторлар көмегімен техникалық спиртті бутадион газына айналдырып, бутадионнан синтетикалық каучуктың негізін алады.
Резеңкені вулкандау тәсілімен каучукты өңдеп алады, оның құрылымының өзгеруіне алып келеді. Вулкандау тәсілі ыстық және салқын болып бөлінеді.
Ыстық вулкандау каучукты 135-1400С-та геометриялық 2 атмосфералық жабық автоклавтарда қыздыру арқылы жүргізіледі. Енгізілген химиялық заттар мен каучук молекулалары арасында жүретін реакция нәтижесінде каучукке қарағанда жоғары беріктікке, созылғыштыққа, иілгіштікке және тұрақтылыққа т.б. қасиеттерге ие резеңке бұйымдары алынады.
Салқын вулкандау процесі бұйымға күкірт көмірсутегі мен күкірт хлоридін қосвп ыстық, құрғақ желмен кептіруге негізделген.
Бұл әдіс қымбат, әрі қиын. Сондықтан бұл әдіс резенкеленген жіпшелер мен майда резенкелік бұйымдарды алуда ғана қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет