Тақырып бойынша тәжірбиелік дағдылар:
I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Дайындаңыз:
-
зарарсыздандыру ерітіндісін;
-
қақпақты 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді), белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес;
-
құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған №1-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;
-
медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыруға арналған №2-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;
-
бирканы (таңбаны);
-
арнайы киімді (халат, маска, қолғап);
-
пайдаланылған медицинада тағайындалған заттар;
-
лотоктар.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;
-
2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;
-
ыдыстар мен қақпақта белгіленеді: заттың аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;
1-ші ыдыста:
-
пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;
-
медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;
2-ші ыдыста:
-
медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;
-
оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;
-
ыдысты қакпақпен жабыңыз;
-
зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;
-
зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалғанқұралдарды шығарыңыз;
-
№ 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;
-
медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;
-
медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;
-
қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;
-
медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;
Достарыңызбен бөлісу: |