Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдері. Зарарсыздандыру. Залалсыздандыру алдында өңдеу. Залалсыздандыру №4 ЦӘК отырысында қаралды


Залалсыздандыру қораптарына материалдарды салу әдістері ( универсалды, түрлік)



бет19/22
Дата08.11.2023
өлшемі2,18 Mb.
#190490
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
osd zarar zalal sagindykova zha

Залалсыздандыру қораптарына материалдарды салу әдістері ( универсалды, түрлік).

Бикстің (қораптың) бүтіндігі тексеріледі, бикстің ішін және сыртын тізбектілікппен 2 рет, әртүрлі шүберекпен зарарсыздандыру ерітіндісімен сүртіледі.Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне (түрлік, мақсаттық және универсалды) сәйкесті таңғыш материалдары салынады.Бикстің торы ашылады (фильтрсіз).Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне салфетка төселеді, ол бикстің 2/3 биіктігінен салбырап тұруы қажет.Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторы орнатылады.Таңғыш материал қабаттап салынады:



  • сектормен (шеңбердің бөлім арасы),

  • тік (қақпағына перпендикулярды),

  • бос қопсытып.

Бикстің ортаңғы бөлігіне залалсыздық индикаторы орналастырылады, салынған материал бикстің шетінде салбырап тұрған сүрткмені жабылады.
Бикстің қақпағының астына залалсыздық индикатор салынады, бикстің қақпағы кілттеп жабылып, бикстің тұтқасына таңба байланады.Таңбаға салынған күнін және жауапты адамның қолы қойылады.
Ескерту: Әрбір бикске 3 данадан залалсыздық индикаторы салынады.

357 бұйрығы 31 мамыр 2017ж. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
9. Денсаулық сақтау объектілерінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу мен дезинфекциялауды жүргізу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
178. Бір рет қолданылатын медициналық құрал-сайман алдын ала дезинфекциялаусыз, жоюға жатады.
179. Көп рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі – КМБ) пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады, стерилдеу алдында тазаланады, кептіріледі, қапталады және стерилденеді.
180. Құрал-сайманды дезинфекциялау оны пайдаланған жерде әртүрлі тәсілдермен (қайнату, бумен, ауамен, химиялық) жүргізіледі.
181. КМБ-ны дезинфекциялау үшін екі сыйымдылық пайдаланылады. Бірінші сыйымдылықта құрал-сайман қанның, сілемейдің, дәрілік препараттардың қалдықтарынан жуылады, сосын экспозиция үшін екінші сыйымдылыққа батырылады. Алмалы-салмалы бұйымдар бөлшектелген күйінде өңделеді.
Биологиялық сұйықтықтарға қатысты бекітуші әсері бар дезинфекциялық құралдарды пайдаланған кезде құрал-сайман суды кейіннен зарарсыздандыру арқылы алдын ала жеке сыйымдылықта жуылады.
182. Дезинфекциялық ерітінділер Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралды пайдалану жөніндегі нұсқауда (әдістемелік нұсқаулықта) көрсетілген мерзімдерге сәйкес пайдаланылады.

Тәжірбиелік дағдыларды көрсету


1.Күтім құралдарын зарарсыздандыруды көрсету

  • Дәрет ыдысын өңдеу

  • зәр қабылдағышты өңдеу

  • Жылытқыш өңдеу

  • мұзды қабықты өңдеу

  • Клеенка төсегішті өңдеу

  • Кушетканы өңдеу

  • Термометрді өңдеу

2.Зарар.ерітінділерін дайындауды көрсету
4. ЕСМ қотынды тазалықты жүргізіп көрсету




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет