Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдері. Зарарсыздандыру. Залалсыздандыру алдында өңдеу. Залалсыздандыру №4 ЦӘК отырысында қаралды


Тақырып бойынша тәжірбиелік дағдылар



бет16/22
Дата08.11.2023
өлшемі2,18 Mb.
#190490
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
osd zarar zalal sagindykova zha

Тақырып бойынша тәжірбиелік дағдылар:


I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру


Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Дайындаңыз:

  • зарарсыздандыру ерітіндісін;

  • қақпақты 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді), белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес;

  • құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған №1-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;

  • медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыруға арналған №2-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;

  • бирканы (таңбаны);

  • арнайы киімді (халат, маска, қолғап);

  • пайдаланылған медицинада тағайындалған заттар;

  • лотоктар.



Іс-әрекет алгоритмі:

  • арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

  • 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

  • ыдыстар мен қақпақта белгіленеді: заттың аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

1-ші ыдыста:

  • пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

  • медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

2-ші ыдыста:

  • медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

  • оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

  • ыдысты қакпақпен жабыңыз;

  • зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

  • зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалғанқұралдарды шығарыңыз;

  • № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

  • медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

  • медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

  • қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

  • медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет