Тілжұтқыншақ және кезбе нервтерді тексеру тәсілдері.
Дәрігер науқастан аузын кең ашуын өтінеді де тыныштық жағдайда көмейге, тілшікке, жұмсақ таңдайға назар аударады.
Кейін науқасқа “а-а-а“ деп айтқызып, дауыс шығару кезінде таңдай мен тілшіктің қалай қимылдайтынына назар аударады.
Үшкір етіп оралған, қағаздан жасалған түтікті қолдану арқылы жұтқыншақ рефлексін, жұмсақ таңдай рефлексін тексереді. Бұл кезде жұтқыншақ бұлшық еттері жиырылады, жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі.
Тұзды ерітінділердің көмегімен тіл түбінің оң және сол жағындағы дәм сезіну қабілеті тексеріледі.
Науқаста жұтыну қабілетінің сақталған немесе сақталмағанын байқау керек.