Науқасқа басын оңға және солға бұруын өтінеді және оны қозғайтын бұлшық еттердің күшін тексереді.
Науқасқа иығын көтертеді, екі жауырынын шамасы жеткенше біріне – бірін жақындатуын, қолын жоғары көтеруін өтінеді де.
Дәрігер науқастың осы қимылдар кезіндегі бұлшық еттердің күшін тексереді.
Тіласты нервінің қызметін тексеру.
Тексеру реттілігі:
Науқасқа тілін көрсетуін өтінеді;
Тілінің қалай жатқанына назар аударады;
Тілде атрофия, фибрилляциялық жиырылулар, тремор бар-жоқтығын тексереді.
Тіласты нервінің ядросында ауыздың дөңгелек бұлшық етін иннервациялайтын талшықтардың жасушалары орналасқан. Сондықтан тіласты нервінің ядросы зақымданған кезде еріндердің құрғауы, қатпарлануы болады, ысқыру мүмкін болмай қалады.