5)Бехтеревтің бетсүйек рефлексі. Бетсүйек доғасын неврологиялық балғамен соққылаған кезде бас ауыруы, беттің сол жағында ауырсыну сезімдері пайда болады.
6)Лесаждың “ілу” симптомы. Егер баланы қолтығынан алып жоғары көтерсе, ол аяқтарын тізе буынында бүгіп алады да оны қозғалтпай тұра береді.
Сезімталдықтың түрлері:
Беткей;
Терең;
Күрделі.
Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дәрігер бір шоқ мақтаны науқастың бас, дене, қол, аяқ терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны сезгенін айтып отырады. Дененің сезімталдығы бұзылған тұсында науқас жанасу әсерін сезінбейді.