Сырқат қолын созып тұрып саусағымен дәрігердің саусағын немесе оның қолындағы неврологиялық балғаның басын дәл табуы керек. Бұл сынама науқастың көзі жұмулы және ашық күйінде жүргізіледі. Мишық зақымданғанда науқастың саусағы сыртқа қарай ауытқи береді.
Науқас екі қолын алға қарай созып, саусақтарымен жылдам темпте супинация және пронация қимылдарын жасайды. Мишық зақымданғанда бұл қимылдар баяу білінеді (адиадохокинез). Мишықтың зақымданған жағында бұл құбылыстар басымырақ болады.
Жоғарыда- супинация қимылдары;
Төменде – пронация қимылдары.
Бұлшық еттердің жиырылу күшін тексеру.
Бұлшық еттердің күші алты баллдық жүйемен бағаланады:
5 – бұлшық ет күші қалыпты жағдайда сақталған;
4 - бұлшық ет күші азайғанымен қимыл көлемі толық;