Тізе рефлексі – тізені тізетобығынан (patella) төмен неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшық еттің жиырылуы және тізені жазу пайда болады.
Ахилл рефлексі - өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің жиырылуына байланысты табанның жазылуы.
Патологиялық рефлекстер.
Ауыздық автоматизм рефлекстері;
Қол ұшының патологиялық рефлекстері;
Аяқ ұшының жазылу патологиялық рефлекстері;
Аяқ ұшының бүгілу патологиялық рефлекстері;
Тізе клонусы;
Өкше клонусы;
Қорғаныш рефлекстері.
Патологиялық рефлекстер орталық неврондар зақымданғанда пайда болады.
Ауыздық автоматизм рефлекстері.
Ауыз рефлексі – неврологиялық балғамен төменгі немесе жоғарғы ерінді жеңіл соққанда ауыздың дөңгелек бұлшық етінің жиырылуы.
Мұрын – ерін рефлексі – неврологиялық балғамен мұрынның ұшын жеңіл соққанда ерін бұлшық еттерінің жиырылуы.
Алақан – иек рефлексі - бас бармақ томпағы тұсын сызып тітіркендіргенде иек бұлшық етінің жиырылуы. Ауыздық автоматизм рефлекстерінің дамуы кортико-нуклеарлық шоғырдың екі жақты зақымдануымен байланысты.