Науқас арқасымен, екі аяғы түзу жатады. Дәрігер бас және сұқ саусақтарымен тізетобықты жоғарыдан ұстап, төменге басып тұрады. Бұл кезде санның төрт басты бұлшық еті созылады, бұған жауап ретінде бұлшықеттің ырғақты жиырылуы және тізетобықтың төменге және жоғарыға тербелістері пайда болады.
Дәрігер өкше клонусын бір қолымен науқастың тізесін, екінші қолымен өкшені ұстап сирақ-аяқ басы буынында жылдам бүгу арқылы шақырады. Ырғақты қимылдар біраз уақыт сақталады.
Симметриялы жақтарда екі жақтан бірыңғай- лықтың сақталмауы - анизорефлексия;
Рефлекстердің жойылуы – арефлексия.
Ашнер – Даньини көз-жүрек рефлексін тексеру.
Көз алмаларын жеңіл және бірдей басу.
Диагностикалық мақсатта – ВНЖ-нің парасимпатикалық бөлімінің қозғыштығын бағалау үшін; емдік мақсатта – пароксизмальды тахикардия ұстамасын жою үшін қолданылады. Науқас 3-4 рет терең тыныс алғаннан кейін көзін жұмады да дәрігер 3-4 секунд оны басып тұрады. Науқасқа ауырсыну болу мүмкіндігін ескерту қажет.
Пульсті осы сынамадан 1 минут алдын және 1 минут кейін санайды.
Вегетативті нерв жүйесі функцияларын зерттеу тәсілдері