Ұйқы артериясын басу кезбе нервті тітіркендірудің ең тиімді әдісі. Бұл әдіс науқас арқасымен жатқанда жасалады. Тамыр соғуын анықтап алғаннан кейін дәрігер бас және сұқ саусақтарымен төс-бұғана-емізіктік бұлшық еттің 1/3 тұсын ұйқы артериясының соғуы білінгенше 10-20 секунд жеңіл басып тұрады да, одан кейін тамыр соғуының 1 минуттағы жиілігін санайды.