«Мәңгілік ел» идеясы еліміздің жарқын болашағы»


«Мәңгілік ел» идеясы - еліміздің жарқын болашағы»



бет2/2
Дата01.05.2017
өлшемі0,92 Mb.
#15329
1   2

«Мәңгілік ел» идеясы - еліміздің жарқын болашағы»


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы байқуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді… Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел»,-деді. «Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілген. Осы тұғырлы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Мектепке дейінгі білім беруде жас ұрпақтың бойына сіңіретін тәрбие ең алдымен ұлттық құндылықтарға негізделе жүргізілген абзал. Оның ішінде балабақша қабырғасынан бастап, отан, ел, жер ұғымының киелілігін білу, ұлттық құндылықтардың оның ішіде салт-дәстүр, тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру ең басты қағидат болуы қажет. Елбасы айтқан ана тіліміз Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналуы үшін бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асырып, соның нақты нәтижесінен қорытынды шығаруымыз қажет. Әсіресе балабақшадағы өткізілетін танымдық, тәрбиелік шаралар тек ана тілінде өткізіліп, ана тілінде жүзеге асуы үшін айқын басымдықты мемлекеттік тілге беруіміз керек.Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілінде еркін сөйлетуге бағытталған танымдық шараларға ойлау, көру көрнекілігін жиі қолданған дұрыс. Әсіресе қазақ тіліндегі басты қасиеттер мен құндылықтарды сәбилердің өздеріне айтқызып, олардың сәби жүрегінен шыққан пікірімен де санасып отыру қажет. Ал тәрбиеші оны дамытып баланы жігерлендіріп, алға жетелеу арқылы талпындыру қажет.  Ана тіліміз баршамыздың рухани тірегіміз екенін сәби көңілдеріне сіңіріп отыру, олардың тіл байлығын дамыту бағытындағы шараларда қателікке бой алдырмау қажет. Барынша ана тіліміздің тазалығын сақтаудың жолын бойларына сіңіре беру қажет. Сонымен қатар бірлікке тәрбиелеу, бір-бірінің ынтымақтастықта жұмыс істету, берекелі орта қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар Мәңгілік ел идеясындағы басты құндылық екенін ескеріп отыру қажет. Тәрбие мен білімді тәрбиеші ретінде тәжірибемен ұштастырып отыру да өзі нәтижесін береді. Әр мағыналы іске балаларды үнемі қатыстырып, көшбасшылыққа ұмтылудың іргетасын балабақшадан бастау Елбасымыз көрсеткен Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырудың басты құралы екенін ұмытпағанымыз жөн. Тарихи оқиғалар, әсіресе отаншылдыққа бағытталған ізгілікті істердің мазмұнын үнемі тәжірибемен ұштастыра отырып бала бойына сіңіру қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе. Бала әр нәрсеге қызығушылықпен қарайды. Осыған байланысты баланы ұлттық қасиеті жоғары, маңызын жоғалтпаған дәстүрдің озық үлгілерімен сусындатып, оның мағынасын ашатын шараларды жиі өткізу қажет. Міне, осы орайда біздің топта да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Ең бірінші біз балаларды өз қазақ тілінде дұрыс, таза сөйлеу білуге үйретуден жөн көрдік. Өйткені әр ұлттың дамып өсуі үшін ана тілінің маңызы зор. Ана тілін дамыту жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастырудың тиімді тәсіл деп шештік.Өйткені ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы:ертегілер,аңыздар,мақалмәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар,тәрбие әліппесі өнер көзі.Осының бәрі жас жеткіншектердің тілін дамытып, адамгершілікке,еңбекке,тапқырлыққа,туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.Балалардың патриоттық, азаматтық сезімдерін қалыптастыруда айналаны қоршаған ортамен таныстыру сабақтары үлкен рөл атқарады.Бұл сабақта балаларды қазақ халқының ежелгі тұрмыс – тіршілігімен таныстырамыз.Ол үшін топта киіз үй орнатылған, ол ұлттық заттармен жабдықталған. Осы заттарды балалардың көздерімен көріп,қолға ұстап,қолдану әдістерімен танысады. Бұл сабақтар біздің балаларға өте қолайлы.Балаларды отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық ойындардың орыны ерекше,өйткені ойын мектеп жасына дейінгі балаларды жетілдіруде қолданылатын негізгі іс – әрекет.Осы тұрғыды «Ойын әлемі» сабағында, серуен кезінде қазақтың ұлттық ойындарын үйретеміз. Олар: «Тақия тастамақ», «Арқан тартыс», «Алтын сақа», «Бәйге», т.б. Сонымен қатар ұлттық мейрамдардың тәрбиелік маңызы зор. Бұл мейрамдарда балалар ұлттық киімдер киіп,өзін нағыз қазақ ұлтының азаматы сезінеді,ұлттық ыдыстармен, тағамдармен жақын танысады. Мейрамдарға ата-әжелер,келіп,бата,тілек айтады.Балаларды өз ұлтын, халқын құрметтеуге,адамгершілікке,татулыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеуде имандылық тәрбиесінің тигізер пайдасы зор.Осы бағытта өздігінен білім алуда «Иманды ұл, инабатты қыз» атты тақырып бойынша жұмыс жасап, мына тақырыптар бойынша тәрбие жұмыстарын жүргіземін «Әдептілік әдемілік», «Адамдық – асыл мұра» ,«Ақ дастархан», «Бабалар өмірі ұрпақтарға өнеге», «Тиым сөздер» т.б. Тақырыптардың атынан -ақ көрінгендей мұнда көзделген мәселе баланы сәбилік шағынан бастап тазалық, әдептілік, ізеттілік, жомарттылық, мейірімділік рухына бейімдеп,Отаны – Қазақстанға, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулу,ұлттық сананы, ұлттық психологияны қалыптастыру,ұлтжандылыққа,басқа халықтарға бауырластыққа , достыққа тәрбиелеу. Жас бүлдіршіндерді халықтың қол өнерімен таныстыру, олардың өз халқының тарихын, елін,жерін құрметтеу ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеудің бір құралы десекте болады. Міне, осылай сурет, жапсырма сабақтарында халықтың қолөнерімен , қолдан жасалған шеберлік құрал – жабдықтармен таныстыруға көп мән беремін.Ою – өрнектің аталуын түсіндіріп,өз жұмыстарында ою – өрнек элементтерін қолдана білуге үйретемін.Балалардың бойында өз өлкемізге, қаламызға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруда «Менің сүйікті қалам» атты сурет көрмесін ұйымдастырдық. Сонымен қатар бүлдіршіндерді жан – жақты қабілетті азамат етіп өсіруге ұлттық салт – дәстүріміздің білім танымдық рөлі орасан зор. Осы бағытта түрлі тәжірибе жұмыстарын жүргізе отырып, ата – аналардың қатысуымен «Ұлттық дәстүрлер» сайысын өткіздік.

Бұл сайыста ата – аналармен балалар топқа бөлініп «Шілдехана», «Бесікке салу», «,Тұсау кесу» рәсімдерін жасап, жақсы бастама көрсетті. Халықтық педагогиканың бір саласы баланы шешендікке, ісмерлікке, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады, осы орайда тобымызда «Ұлттық бұрыш» жасақталып, онда ұлттық бұйымдар мен ұлттық киімдер,жабдықтар жинақталған, ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында «Шебер қолдар» атты көрме ұйымдастырылады. Бұл көрменің мақсаты ата-аналар жасаған ұлттық бұйымдарды балаларға таныстыру. Күнделікті ас ішкеннен кейінгі бата беру, оқу іс әрекеттерде мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды қолдану арқылы халықтық педагогикасы насихатталады. Қорыта келгенде,біздің негізгі міндетіміз жас ұрпақтың бойына қазақ халқының ұлттық намысы мен мінезін қалыптастырып,туған халқының тарихына,мәдениетіне, тілі мен дініне,өнеріне сүйіспеншілігі мен сенімі қалыптасқан «көзі ашық,көкірегі ояу» ұрпақты тәрбиелеу. Елбасымыз айтқандай Мәңгілік ел болашағы – білімді ұрпақ, саналы жастар. Осы тұрғыда ұстаз қауымының атқарар ісі көп, оны парыз деп білуіміз керек. Алдымызда ұлттық құндылықты бойына сіңірген, отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аянбайтын, білімді, иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз шарт.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

(ортаңғы топ)

Тәрбиеші: Сатымбаева А.Қ.

Білім беру саласы : «Таным» «Қатынас»

Тақырыбы: Сиқырлы домбыра

Мақсаты: Балалардың қоршаған әлем жайлы түсініктері мен танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдылары жайында ойларын жетілдіру.. Заттардың көлемін , түсін , санын анықтауға үйрету. Сөздік қорын байыту, өз ойларын толық сөйлеммен жеткізе білуге дағдылау. Шағын тақпақтарды жатқа айта білу. Көмек бере білуге тәрбиелеу.

Cөздік жұмыс: қиынды,жайлау,кісінейді, боздайды

Билингвалық компоненті:: домбыра- домбра , ата-дедушка, бала- мальчик, әже- бабушка, қыз- девочка,сиқырлы- волшебная

Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, сурет қиындылары, төрт түлік мал мен төлдері, тастар, асықтар,көкөністер мен жемістер,жіп, моншақтар, домбыра

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру,тосын сәт, жатқа тақпақты жатқа айту, күй тыңдау, ән айту

Пәнаралық байланыс: қоршаған ортамен таныстыру,математика,тіл дамыту

Сабақ түрі:біріктірілген сабақ

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы-

қозғаушы


Балалардың көңілін қонақтарға аудару.

Балалардың қонақтармен амандасулары.

Ұйымдастыру - ізденушілік

Тосын сәт : Алдар Көсенің келуі.

Балалар, мен домбырамды жоғалтып алып, іздеп келемін.

Қайдан іздесем екен , білмейсіңдер ме?

Қайда барсам екен?

Алдар Көсе : -Өй, мынау жатқан қандай қиындылар ?

Қане, жинап көрейікші , не шығады екен?

Әр суретке тоқталып, сұрап өтеді.

Бұл кімдер еді? Өздері маған таныс сияқты.

-Е, балалар, есіме түсті осы отбасында қонақта болып, мен

домбырамды тастап кеткен екем ғой.

Бірақ домбырамды қайтарып алу үшін олардың тапсырмаларын орындау керек екен.

Сендер маған көмектесесіңдер ме?



*Бірінші , атаның тапсырмасы :

«Төлдерін тап»

Атаның жайлауында төлдер

адасып кетіпті , осы төрт түлік малдардың

төлдерін тауып берейікші .


Ал, осы төлдер туралы өлең, тақпақтар білесіңдер ме?

Балалардың тақпақтарын тыңдап , оларды

мақтайды.

Ойын «Қай жануар қалай дыбыстайды?»
Экранда домбыраның бірінші бөлігі ашылады.

Балалардың назарын экранға аударады.



*Екінші , баланың тапсырмасы : Мен ойнап жүріп, мына тастардың арасында асықтарымды жоғалтып алдым, асықтарымды тауып беріңдерші.

Бәрекелді, енді осы асықтарды санайықшы, неше асық?

Асықтардың түстерін сұрап өту.

Мынау асық қандай ? Ал мынау ше?

Қалай ойлайсыңдар, үлкен асық қай малдың асығы?

Ал, кішкентай асық ше? Жарайсыңдар, балалар!

Экранда домбыраның екінші бөлігі ашылады.

Балалардың назарын экранға аударады.



*Үшінші , әженің тапсырмасы:

Көкөністер мен жемістерді бөліп, жинап беруге

көмектесуді сұрайды.

Ойын "Дәмін көріп, атап бер"

Балаларға рахмет айтады.

Экранда домбыраның үшінші бөлігі ашылады.

Балалардың назарын экранға аударады.


*Төртінші , қыздың тапсырмасы :

Қыз, балалардан моншағын жинап беруді сұрайды.

Қуанып, балаларға рахмет айтады.

Экранда домбыраның төртінші бөлігі ашылып , домбыраның суреті пайда болады.



Алдар Көсе : Балалар,енді домбырамды мына жерден қалай шығарсақ екен. Қане , көзімізді жұмайықшы ( осы кезде әуен ойнатып, домбыраны алып шығады)

-Бұл домбыра жәй емес, ол сиқырлы- деп домбырадан күй тыңдатады.



Сәбилер қызығушылықтарын білдіреді.

Балалардың жауаптары.


Балалар жан-жағына қарап, қиындыларды алып

құрастыра бастайды.

Мынау - атаның суреті, мынау- әже, қыз, бала.

Бұл бір отбасының мүшелері екенін айтады.
Алдар Көсенің сөздеріне құлақ асады.

Алдар Көсеге көмек беруге келіседі.


Төлдерді аналарына қосады : қойдың төлі- қозы,

ешкінің төлі- лақ ,

жылқының төлі- құлын ,

сиырдың төлі-бұзау.


Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдын?

Бұлтиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың?
Секең,секең, ей, лақ

Жүрмін саған кейіп-ақ

Дамыл таппай болмай ма

Секірмей-ақ бір уақыт.
Ботақаны нардың

Жарға неге бардын

Тілерсегін дірілдеп

Секіре алмай қалдын.
Сиыр-мөңірейді, қой-маңырайды,

түйе - боздайды,жылқы-кісінейді

Тастардың арасынан асықтарды іздейді.

Бес асық .


Түстерін атайды : қызыл, сары, жасыл, көк, ақ.

Үлкен , кішкентай.

Үлкен асық - сиырдың т.б.,
кішкентай асық -қойдың т.б.
Қызығушылық танытады.

Балалар көкөністер мен жемістерді атап ,себеттерге

бөліп жинап береді.

Жемістердің дәмін татып, оларды атайды (лимонның дәмі-қышқыл, бананның дәмі-тәтті т.б,)

Жетістіктеріне қуанады.
Шашылып жатқан моншақтарды алып, жіпке

тізіп береді .

Балалар қуанып, қызығушылық танытады.

Балалардың өз ойларын алдыға тартулары.


Көздерін жұмып , шын домбыраның пайда болғанына

таң қалады.

Қызығып , тыңдайды.


Жетекші – жөндеуші

Қорытынды :

-Ал, сендер, балалар, домбыра туралы ән білесіңдер ме?



Кілемге отырып, "Домбыра " әнін орындап береді.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады : қоршаған әлем жайлы түсініктері мен танымдық іс-әрекеттің

қарапайым дағдыларын ұғынады

Түсінеді : көмекке зәру адамға көмек беру керектігін түсінеді

Қолданады : өз ойларын толық сөйлеммен жеткізіп, шағын тақпақтарды жатқа айта біледі










Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет