Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет229/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   250
 
2-мәтін 
 
Ерте көктем шығысымен-ақ әкем қыс бойы көміліп жатқан жүзім бұтақтарын ашып, оны ағаштан иіп 
жасалған арнайы белдеулерге асып қоятын. Бұл өте күрделі, нәзік жұмыс. Қысымен жер астында жатқан 
жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай-бармақтай бүртік шығарып қалады. Оны 
абайсызда  жұлып  түсіруге  болмайды.  Әкем  топырақ  астында  көзге  көрінбей  жатқан  адам  саусақтары 
секілді  жүзім  бұтақтарының  қай  тұста,  қалай  жатқанын  алақанымен  сипалап  білетін.  Сол  себепті 
көктемдегі жүзім егу ісіне өзінен басқа тірі пендені жолатпайтын. Мұндайда әкем жүзімнің әр бұтағын 
қолымен  сипалап,  «Ә,  оянып  қалдың  ба,  жарайды,  сен  де  жарық  дүниеге  шыға  ғой»,  -  деп  өзінен-өзі 
күбірлеп сөйлеп жүретін. 
 
Әкем үш гектардай жерді алып жатқан жеміс бағындағы алма, өрік, шабдалы, тағы  басқа мындаған 
түп  ағаштардың  әрбіреуінің  қай  жерде,  қалай  тұрғанын,  неше  жаста  екенін,  өткен  жылы  неше  бұтағы 
кесілгенін, қанша жеміс бергенін, биыл қайсысына күтім қажеттігін жатқа білетін. Сол себспті ол бақты 
аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен 
жапырактарына дәрі сеуіп жүретін. 
3.
 
Бұл кімге/неге айтылған сөз? 
«Ә, оянып қалдың  ба, жарайды, сен де жарық дүниеге  шыға ғой». 
A)
 
Жүзімге 
B)
 
Әкеге 
C)
 
Өрікке 
D)
 
Алмаға 
E)
 
Балаға 
4.
 
Мәтінді жазудағы автордың басты ойы 
A)
 
Жүзім түрлерін жарнамалау 
B)
 
Әкесі туралы естелік 
C)
 
Жеміс бағының пайдасы туралы айту 
D)
 
Жеміс ағаштарының түрлерін жарнамалау 
E)
 
Жеміс бағының күтімі бойынша кеңес 
5.
 
Мәтінде не туралы айтылған? 
1.
 
Әкенің бақты күту шеберлігі 
2.
 
Бау-бақшаны баптау сыры 
3.
 
Бақтағы жемістердің өнімінің көптігі. 
A)
 
Біріншісі мен екіншісі дұрыс 
B)
 
Барлығы дұрыс 
C)
 
Барлығы бұрыс 
D)
 
Біріншici мен үшіншісі дұрыс 
E)
 
Екіншісі мен үшіншісі дұрыс 
6.
 
Автордың бағбанға қатысы қандай? 
A)
 
Інісі 
B)
 
Немересі 
C)
 
Ағасы 
D)
 
Баласы 
E)
 
Шөбересі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет