Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


-мәтін  Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір



Pdf көрінісі
бет127/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   250
3-мәтін 
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір 
7.
 
Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп, 
жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу 
мен Талас өзендері аралығындағы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи 
оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен 
өткен кезеңдерден сыр шертеді.
 
8.
 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде көрсетілген Керей мен Әз-
Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері – Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы 
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде 
Қозыбасы биігіне жақын болыпты. 
 
9.
 
Қозыбасы, Қозыбашы – атауына келер болсақ, тарихи түп дерек кездеріндегі Қазақ 
мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау төбелі 
жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидің 
«Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасыда 
деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы –тарихи географиялық тұрғыдан алғанда ХІV-XV 


 
ғасырларда билік еткен Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар 
жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет