Қатты денелердің тепе-теңдігі
Еркіндік дәрежелер.Берілген денелер немесе денелер жүйесі үшін мүмкін болатын тәуелсіз қозғалысты механикада еркіндік дәреже дейді.
Берілген денелер немесе денелер жүйесі үшін бір мезгілде мүмкін болптын тәуелсіз қозғалыстар санын еркіндік дәреже саны дейді.
Мәселен,материалық нүктенің кез-келген орын ауыстыруы оның тәуелсіз үш бағыт бойынша ілгерілемелі қозғалысының нәтижесі деп қарастыруға болады.Сондықтан материалық нүктенің үш еркіндік дәрежесі бар.
Өткенде айтқанымыздай еркін қатты дененің алты еркіндік дәрежесі бар.Оның массалар центрінің ілгерілемелі қозғалысының және массалар центрі арқылы өтетін үш ось бойымен айналмалы қозғалысын сипаттау үшін біз алты теңдеу құра аламыз.Олардың үшеуі қатты дененің массалар центірінің қозғалу заңы негізінде алынған:
; ; (16)
Мұндағы күштер осьтері бой ынша әсер ететін сыртқы қортқы күштер.
Басқа үш теңдеулер қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасы заңы негізінде алынған:
; ; (17)
Мұндағы күш моменттері осьтері бойынша сыртқы күштер моменттері.
Дене тепе-теңдікте болу үшін ,келесі алты шарт орындалуы қажет:
; ;
; ;
Тепе-теңдік орнықты және орнықсыз болуы мүмкін .
Достарыңызбен бөлісу: |