Арнайы салыстырмалық теория элементтері
Салыстырмалық принципі. Барлық есептеу жүйелерін екі топқа бөлуге болады: инерциалдық және инерциалдық емес .Берілген дене қозғалысын кинематикалық жағынан сипаттау үшін есептеу жүйесінің қайсысы болса да жарамды.Дегенмен ,есептеудің инерциалдық жүйесінде ғана дене қозғалысын сипаттау қарапайым форма алады.
Барлық инерциалдық есептеу жүйесінде барлық физикалық процестер бірдей жағыдайда өтеді.Осы тұжырымдама салыстырмалық принциптері деген атқа ие болады .Оны былай анықтауға болады:барлық инерциалдық есептеу жүйесінде физика заңдары бірдей математикалық форма алады.Бұдан,бір инерциалдық есептеу жүйесінде ашылған физикалық заңды ешқандай өзгеріссіз екінші инерциалдық есептеу жүйесінде қолдануға болатындығын көреміз.
Салыстырмалылықтың механикалық принципі, әртүрлі инерциалдық жүйелерде жүргізген тәжірибелердің нәтижесінде Галилей қортындыланды.Механиканың барлық белгілі заңдары Галилей түрлендірулерімен үйлесімді (инвариантты).Басқа жүйелер үшін бұл түрлендірулер жарамды.
Галилейдің салыстырмалық принципі қазіргі кезде былай айтылады:барлық инерциалдық есептеу жүйесінде бір механикалық құбылыс бірдей жағыдайда өтеді.
Эйнштейн пастулаттары .Лоренц түрлендірулері
Физикалық заңдар барлық инерциалды санақ жүйесінде бірдей,ендеше заңдардың жазылуының математикалық формасы түрлендірулерге инвариантты болуы қажет.
Ваккумдағы жарық жылдамдығы барлық инерциалды санақ жүйесінде бірдей және оның таралу бағытына,жарық көзі мен қабылдаушының қозғалысына тәуелсіз.
Жарық жылдамдығының тұрақтылығы Галилей түрлендіруімен келіспейді.Өйткені онда жарық бір санақ жүйесінен екіншіге ауысқан кезде өзгеріске ұшырайды деп көрсетілген.
Эйнштейннің бұл кеңістік пен уақыт жөніндегі бұрыннан қалыптасқан абсольюттілік жайлы түсініктерді теріске шығаруы ғылымда төңкеріс жасады деуге болады.Ол кеңістік пен уақыт қасиеттері материалдық обьектілердің қозғалуына байланысты өзгереді деп түсіндірді.
Жоғардағы екі пастулат негізінде Эйнштейн мынадай түрдегі жаңа түрлендірулер енгізді:
,
(1)
,
Мұндағы - және инерциалды санақ жүйелеріне қатысты салыстырмалы қозғалыс жылдамдығы, -вакумдағы жарық жылдамдығы,ал .
(1)теңдеуде келтірілген қатыстар галландияның атақты физигі Г.А.Лоренцтің құрметіне Лоренц түрлендірулері деп аталады.Өйткені ол бұл түрлендіруді бірінші болып алған.
Достарыңызбен бөлісу: |