Механика – денелердiң механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуiн зерттейтiн физиканың бөлiмi. Механика екi бөлiмнен тұрады: кинематика және динамика.
Зерттелетiн денелердiң сипатына қарай механика үшке бөлiнедi.
Материялық нүктенiң механикасы. Берiлген жағдайда көлемiн, пiшiнiн ескермеуге болатын дененi - материялық нүкте деп атайды. Егер дененiң өлшемдерiне қарағанда оның жүрiп өткен ара қашықтығы көп есе үлкен болса, бұл дененi материялық нүкте деп қарастыруға болады.
Қатты дене механикасы. Кез-келген екi нүктесiнiң ара қашықтығы өзгермейтiн дененi абсолют қатты дене деп атайды.
Тұтас орта механикасы. Газдардың, сұйықтардың тепе-теңдiгiн және қозғалысын зерттегенде оларды үздiксiз тұтас орта түрiнде қарастырады.
Физиканың табиғатты зерттеуi - құбылыстар табиғи жағдайда бақылаудан немесе арнаулы қойылған тәжiрибеден басталады. Осы бақылаулардың немесе тәжiрибелердiң нәтижелерiн жинақтай келе болжам (гипотеза) жасалады. Болжам тексерулерден өтiп дәлелденуi қажет. Ал тексерiлген және дәлелденген болжам ғылымға заң немесе физикалық теория түрiнде енгiзiледi.
Егер денелердiң қозғалыс жылдамдығы вакуумдегi жарық жылдамдығынан көп аз болса, бұл қозғалысты қарастыратын механика - классикалық деп аталады. Классикалық механиканың негiзiне Ньютонның қозғалыс заңдары жатады. Сондықтан кейде классикалық механиканы- Ньютон механикасы деп атайды.
Егер дененiң қозғалыс жылдамдығы вакуумдегi жарық жылдамдығымен шамалас болса, бұл дененiң қозғалысы -релятивистiк механиказаңдылықтарына бағынады. Релятивистiк механиканың негiзiне Эйнштейннiң салыстырмалы теориясы жатады.
Егер қозғалыстағы денелердiң өлшемдерi (элементар бөлшектер) аз болған жағдайда олардың қозғалысы кванттық механика заңдылықтарына жатады. Кванттық механиканың негiзiне Шредингер теңдеуi жатады.