Механика зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар 1 бөлім



бет35/135
Дата20.02.2020
өлшемі5,4 Mb.
#58435
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   135

Бақылау сұрақтары





  1. Физикалық шаманы өлшеу дегенді қалай түсінуге болады?

  2. Қандай өлшеулер тура, жанама деп аталынады?

  3. Өлшеулер қателігі нешеге бөлінеді?

11 Зертханалық жұмыс.Дұрыс геометриялық формалы дененің көлемін анықтау


Жұмыстың мақсаты: штангенциркуль мен микрометрдің көмегімен сызықты шамаларды өлшеуді; техникалық таразымен өлшеуді; абсолютті және салыстырмалы қателіктерді есептеуді үйрену.

Құрал-жабдықтар: штангенциркуль, микрометр, зерттелетін дене.
Теориялық кіріспе
Қандай да бір дененің ұзындығын миллиметрлік масштабпен өлшей отырып, біз тек бүтін миллиметрді көрсететін цифрларға сене саламыз. Миллиметрдің ондық бөлігіне қатысты, көз мөлшермен өлшеу жүргізген кезде максималды қателік шкаланың бір бөлігінің жартысынан көбірек болады. Сөйтіп, егер шкала миллиметрлерге бөлінген болса, онда оның максималды қателігі 0,5 мм болады, ал егер шкала жарты миллиметрге бөлінген болса, онда оның максимал қателігі 0,25 мм болады. Миллиметрдің ондық бөлігіне дейінгі дәлдікпен сызықтық өлшемдерді алу үшін нониусты қолданады.

Сызықтық нониус – негізгі шкала бойымен жылжи алатын, 10, 20, 25 немесе 50 бөліктен тұратын шағын сызғыш. Көрсетілген бөліктер шкаланың бір бөлігінің ұзындығы нониустың n бөлігіне тең болатындай етіп жүргізіледі (11.1 сурет).

Егер αN және αM – сәйкесінше нониуспен негізгі шкаланың (масштаб) бөлік құны болса, онда





αM- αN айырымы нониустың дәлдігі деп аталады.

Егер, мысалы, негізгі шкала миллиметрлерге бөлінген болса, және нониуста бөліктер болмаса, онда оның дәлдігі 0,1 мм болады


(1)
Тәжірібеде нониусты қолдану қиынға соқпайды. Ұсынылып отырған жұмыста детальдардың сызықтық өлшемдерін өлшеу үшін келесі өлшеу құралдары қолданылады: штангенциркуль және микрометр. Штангенциркуль 25-30 см-ден аспайтын ұзындықтарды өлшеуге арналған. Оның дәлдігі 0,1-ден 0,02 мм-ге дейін болады (дәлдігі нониуста көрсетіледі)


11.2 сурет
Қозғала алатын бөлік нониус (1) пен бекітуші винттан (5) құралады. Құралдың нөлдік көрсету кезінде нониустың нөлі негізгі шкаланың нөлімен сәйкес келеді. Өлшенетін денені нониус пен негізгі шкаланың аяқтарының (2) арасына орналастырады. Нониустың аяғын жылжыту арқылы денені жайлап қысады да, нониустың қалпын винтпен бекітеді.

Дененің алып тұрған толық бөліктің санын l анықтап, нониустың қандай бөлігі К негізгі шкаланың қандайда бір бөлігіне сәйкес немесе жақын орналасқандығын байқайды.



11.2 суретте l=10мм, K=4мм; К-ны нониустың дәлдігіне 0,1 көбейтіп l-ға қосу арқылы дененің ұзындығын анықтайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет