прецессия жылдамдығы деп айтады. Мысалы, (5 сурет) балалар ойыншығының – юла осінің прецессиясы.
5 сурет
Прецессиямен қатар гироскоптың осі нутация деп аталатын кішкене (көзге байқалмайтын), остің орташа бағатының маңайында, шапшаң тербелістерді жасай алады. Нутация сыртқы күштердің қысқа мерзімді әсері кезінде (соққы кезінде) туындайды. Осы кезде моменттердің теңдеуі бойынша импульс моментінің кішкене өзгерісі пайда болады
(5)
(кішкене, себебі аз).
өзгермейді деуге боларлық, ендеше, гироскоптың бағытының өзгерісі де өте аз болуы керек. Кенет соққыдан кейін гироскоптың осі алысқа кетпейді, керісінше, кішкене дірілдеп орнында қала береді. өте жылдам айналатын гироскоптарда нутация өте аз, және оларды мүлде ескермеуге болады. Гироскоптардың қасиеттеріне жаңа техникада кеңінен қолданылатын түрлі құрылғылар мен приборлар негізделген. Осылайша, навигация ақиқат (географиялық) меридиананың бағытын анықтайтын гирокомпас қолданылады.
Гировертикаль – ақиқат жазықтықтың бағытын анықтайтын прибор (бортты качка бұрышын, ұшу аппаратының тангаж бұрышын), гироорбитанттар – жердің жасанды серіктерінің бұрыштарын анықтайды; автопилоттар және автоматты түрде ұшу аппараттарының немесе корабль курсын басқаратын гиростабилизаторлар – объектінің немесе жеке құралдар мен құрылғыларын стабилизациялауға, сонымен қатар объекттердің ауытқу бұрышын анықтауға қолданылады. Олар ұшақтардың, судналардың, торпедалардың, ракеталардың қозғалысын автоматты түрде басқаруға және т.б. қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |