Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі



Дата06.02.2022
өлшемі15,71 Kb.
#79290
Байланысты:
асептика


Асептика және антисептика ережелерін сақтау. Асептика – жараны микроптардың зақымдауынан қорғау әдісі. Бүл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар та-зартушы деп аталады. Заттар мен аспаптардағы, басқа бүйымдардағы микробтарды толық жою тазарту (сте-рилизация) деп аталады.

Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сөл тамырларына, сол арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бүл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Ал егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бүзылып сепсис дамиды.


Антисептика – жараға түскен бактерияларды, микро-организмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсіретіп антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, иод тұнбасы, спирт, сутегі қолда-нылады.


Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі анаэробтық немесе газдың инфекциясы ретінде аса қауіпті.


Жараға топырақ пен бірге сіреспені тудыратын анэ-робтық микробтардың түрлері енуі мүмкін.

Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.


Физикалық антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқандай бүл жараны қүрғатады, жарадан сүйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәулесі өлтіреді.


Химиялық антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген. Бүлар антисептикалық заттар деп аталады. Иод түнбасы, этил спирті, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер Вишневский майы сияқты бірнеше заттардан қүралуы мүмкін.


Биологиялық антисептиктерге жара инфекциясынан сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады.




Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануымен күресте бірін-бірі толықтырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет