Механикалық қозғалыс


§38. Оқиғалар арасындағы интервал



бет30/34
Дата25.09.2023
өлшемі220,3 Kb.
#182457
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
§14 Энергияныњ графикалыќ кµрінісі-emirsaba.org

§38. Оқиғалар арасындағы интервал
Лоренц түрлендірулері және одан туындайтын салдар ұзындық пен уақыт аралығының салыстырмалы екендігіне келеді. Сонымен қатар, ұзындық және уақыт аралықтарының салыстырмалық сипаты Эйнштейн теориясында санақ жүйесіне тәуелсіз, яғни координат түрлендірулеріне қатысты инвариантты болып келетін кейбір реалды физикалық шаманың жеке компоненттерінің салыстырмалығын білдіреді. әр бір оқиға төрт (x,y,z,t)координаттарымен сипатталатын Эйнштейннің төрт өлшемді кеңістігінде мұндай физикалық шама ретінде екі оқиғаның арасындағы оқиға алынады:

(38.1)


мұндағы - үш өлшемді кеңістіктегі осы оқиғалар өткен екі нүктенің арақашықтығы. белгілеуін енгізсек, онда

Екі оқиғаның арасындағы интервал барлық инерциалдық санақ жүйесінде бірдей екендігін көрсетейік. белгілей отырып, (38.1) өрнегін келесі түрде жазамыз:

Дәл сол оқиғалардың арасындағы интервал санақ жүйесінде мынаған тең:

(38.2)
(36.3) Лоренц түрлендірулеріне сәйкес,


, , ,
Осы мәндерді (38.2)-ге қоя отырып, қарапайым түрлендірулерден кейін келесіге келеміз


,

яғни .


Алынған нәтижелерді жалпылай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: интервал бір инерциалдық санақ жүйесінен екіншіге ауысқанда инвариант болып келеді. Интервалдың инварианттығы ұзындықтың және уақыт аралығының салыстырмалылығына қарамастан оқиғалар ағыны объективтік сипатқа ие екенін және санақ жүйесіне тәуелсіздігін білдіреді.
Сонымен, салыстырмалы теориясы кеңістік пен уақыт жайлы жаңа көрініс тұжырымдады, ол кейін диалектикалық материализмде жалпыланған. Кеңістік-уақыттық қатынанстар Галилей-Ньютон механикасында айтылғандай абсолют шама емес, ол салыстырмалы болып келеді. Сондық тан абсолют кеңістік пен уақыт жайлы түсініктер орынсыз. Сонымен қатар, екі оқиғаның арасындағы интервалдың инварианттығы кеңістік пен уақыт өзара органикалық байланыста болатынын және материяның ортақ өмір сүру формасын түзетінін білдіреді. Кеңістік пен уақыт материядан тыс және одан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Ф.Энгельстің айтуы бойынша «материяның өмір сүруінің екі формасы материясыз түк те емес, жай ғана түсінік, абстракция, олар біздің ойымызда ғана өмір сүреді.
Салыстырмалы теорияның(жалпы салыстырмалы теория немесе тартылыс теориясы) әрі қарай дамуы берілген аумақта кеңістік-уақыттық қасиеттері ондағы әсер етуші тартылыс өрістері арқылы анықталатынын көрсетті. Космостық мақсаттарға ауысу барысында кеңістік-уақыттық геометриясы евклидтік болмайды, ол бір аумақтан екінші аумаққа, осы аумақтардағы массалар концентрациясы мен қозғалысына байланысты өзгеріп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет