2.Математикалық маятник Математикалық маятник деп массасы дененің массасынан аспайтын созылмайтын жіпке ілінген кішкентай денелерді айтады. Маятниктің тепе-теңдік жағдайында ауырлық күші жіптің тартылу күшімен теңеседі. Маятник тепе-теңдік жағдайында қандай да бір φ бұрышына ауытқыса, онда тартылу күшінің құраушы жанамасы Fτ = –mg sin φ пайда болады. Мұнда «-» таңбасы маятниктің жанама құраушысы оның ауытқуына қарама-қарсы бағытталатынын көрсетеді.
Математикалық маятник. Физикалық маятник.
φ – маятниктің тепе-теңдік қалпынан ауытқу бұрышы,
x = lφ – маятниктің доға бойымен ауытқуы.
Егер l радиусты шеңбердің доғасынан тепе-теңдіктен маятниктің сызықты ауытқуын x деп белгілесек, онда оның бұрыштық ауытқуыφ = x / l-ге тең болады. Үдеу векторының проекциясы мен жанаманы бағыттайтын күштер үшін жазылған Ньютонның екінші заңы :