Мехатроника 1 Бөлім mechatronics


 Мехатрондық модульдер құрастыру кезіндегі жүйелік тәсіл



Pdf көрінісі
бет36/133
Дата01.06.2022
өлшемі11,25 Mb.
#145696
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   133
Байланысты:
Мехатроника 1 том Баймухамедов М.Ф., Джаманбалин Қ.Қ.,Ақгул м.К.

4.2 Мехатрондық модульдер құрастыру кезіндегі жүйелік тәсіл
Мехатрондық модуль бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын және кей-
бір тұтас бірлікті құрайтын, өзінің қызмет ету мақсаты кейбір қоғамдық 
қажеттілікті қанағаттандыру, яғни жүйені білдіреді. Сондықтан оны 
құрастыру жүйелі тәсілді пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Құрастыру кезіндегі жүйелік тәсіл келесі қағидаттарға негізделеді:
* мехатрон модулін біртұтас жүйе ретінде зерттеу;
* конструкцияны құру кезінде іске асырылуы тиіс сапа талаптары мен 
өлшемдерін (көрсеткіштерін) есепке алу және оңтайлы жобалауға 
көшу;
* мехатрондық модуль құрылымының иерархиялық көрінісі, байла-
ныс орнату және қайшылықтарды анықтау;
* құрастыру процесінің итерациялық сипаты;
* алдыңғы тәжірибені зерттеу, объектінің даму дәйектілігін және 
эксперименталды сынау кезінде және пайдалану кезінде алынған 
нәтижелерді есепке алу;
* даму перспективаларын анықтау.
4.3 Құрастыру кезіндегі синергетикалық интеграция
Мехатрондық модульдерді құрастыру синергетикалық интеграция 
қағидатын пайдалана отырып жүзеге асырылады.Синергетикалық инте-
грация бірыңғай мақсатқа – талап етілетін функционалдық түрлендіруді 
сапалы орындау үшін әртүрлі физикалық табиғат элементтерін бірыңғай 
модульге біріктіру болып табылады. Бұл мақсатқа жету күрделі шығар-
машылық және техникалық міндет болып табылады. Оның шешімі 
инженерлік интуициямен және өнертапқыштықпен бірге машиналарды 
құрастыру саласындағы қазіргі заманғы ғылыми-техникалық білімге
дайындау және басқару технологияларына негізделеді [9]. Механикалық 
модульді құрастыру кезінде түрлі элементтерді типтік қосылыстар 
көмегімен жүйеге байланыстыру ғана емес, онда конструктивтік байла-


80
 
 

ныстарды өзара кіруші және ажырамайтын ету қажет. Бұл ретте кон-
структор міндеті мехатрон модулінің берілген функциясы мен оның 
конструктивтік орындалуы арасындағы ең жақсы сәйкестіктің табылуы 
болып табылады [10]. 
Мехатронды модульдерді құрастыру кезінде синергетикалық интегра-
цияны үш тәсілмен жүзеге асырады: функционалдық, функционалдық-
құрылымдық және құрылымдық-конструктивтік интеграция.
Функционалдық интеграция мехатрондық модульдің жұмыс сапа-
сын жақсарту мақсатында қосымша функционалдық түрлендірулерді 
қолданыстағы функционалдық моделге қосу арқылы мехатрондық 
модульдің функционалдық моделін құру болып табылады. Функцио-
налдық-құрылымдық интеграция берілген функционалдық түрлендіру-
лерді құрылымдық блоктардың ең аз санымен жүзеге асыратын 
мехатрондық модульдің құрылымдық моделін табумен негізделеді. Ол 
кейбір құрылымдық блоктарды біріктіруді қамтамасыз ететін жобалық 
шешімдерді таңдауға, демек олармен аралас интерфейстерді болдырмауға 
бағытталған.
Құрылымдық-конструктивтік ықпалдасу негізгі және қосымша,егер 
қажет болса, берілген функционалды түрлендірулерді барынша тиімді-
лікпен, яғни жоғары жұмысқа қабілеттілікпен, Сенімділікпен, ұзақ 
мерзімділікпен, дәлдікпен және т.б. қамтамасыз ету мақсатында мехатрон-
дық модульге енгізілетін конструктивтік элементтердің типтері мен ең аз 
санын таңдаудан тұрады.
Интеграциялау элементтердің аппараттық бірігуін ғана емес, сонымен 
қатар зияткерлік модульдерде интеграцияланған ақпараттық процестерді 
ұйымдастыруды да болжайды.
Мехатронды модульдерді құрастыру кезіндегі синергетикалық инте-
грация үш базалық қағидатқа негізделген:
* құрылымдық блоктар мен конструктивтік элементтердің ең аз са-
нымен берілген функционалдық түрлендірулерді бірыңғай көп-
функционалды модульдерге біріктіру жолымен жүзеге асыру;
* артық құрылымдық блоктар мен интерфейстерді жою;
* функционалдық жүктемені аппараттық блоктардан интеллектуал-
ды (электрондық және компьютерлік) компоненттерге қайта бөлу.
Синергетикалық интеграция принциптерін практикалық іске асыру 
мехатронды модульдердің дәстүрлі жетектермен салыстырғанда артық-
шылығын қамтамасыз етуге және конструкцияның жинақылығы, шығу 
буыны қозғалысының жылдамдығы мен дәлдігі бойынша сапалы жаңа 
көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет