Международный центр культур и религий комитета по делам религий министерства культуры и спорта республики казахстан


ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ



бет13/23
Дата06.07.2018
өлшемі454,87 Kb.
#47961
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23



ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ



А.Е. Есқалиев,


ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық

орталығы Талдау жұмысы бөлімінің аға сарапшысы
Еліміз тәуелсіздік алған 24 жыл ішінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен дамытудың өзіндік моделін қалыптастырды. Еліміздің ішкі реформалары қалыптасқан күннен бастап,ұлттық келісім оның басты анықтаушысы болып айқындалды. Қазақстанның ұлттық саясаты – бейбітшіл және жасампаз, әр түрлі ұлт өкілдерінің өзара түсінісуі мен этносаралық келісімін одан әрі жандандыру болып табылады. 

Еліміздің барлық ұлт өкілдеріне деген толеранттылық ұстанымы саяси мәдениеттің нормасы ғана болмай, демократиялық мемлекет құрудағы басты ұстанымдарының бірі болып жалғасын табуда. Қазақ халқының санғасырлық мәдениетінде өзара үйлесімділікте өмір сүруі қалыпты жағдай, адамдардың қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына сай ұстанымы. 

Қазақстан өз тәуелсіздігінің одан әрі бекуі мен дамуы үшін әлемде болып жатқан өзгерістерге бірден мән беріп, заман талабына орай тың идеялармен жаңа жобалары арқылы әлемге өзін танытқаны белгілі. Рухани құндылықтардықайта,жаңғырту қазақстандық қоғамның әрі қарай дамуының негізі болып саналады. 

Қазақстан жоғарыда аталған басты ұстанымдар негізінде әлемде бейбітшілік пен тыныштықтың орнауы үшін күш-жүгерін жұмсауда. Тәуелсіздік жылдар аралығында Қазақстан бейбітшілік пен тыныштықтың нығаюына бағытталған бірқатар іс-әрекеттер мен ұсыныстар жасады. 

Сол ұсыныстардың бірегейі Елордасы Астанада 2003, 2006, 2009, 2012, жылдары өткен,сонымен қатар үстіміздегі жылдың 10 - 11 маусымында өткізілгелі отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы елеулі халықаралық оқиғалардың бірі екенін барша әлем мойындауда. Бұл айрықша форумда, дін лидерлері бір столдыңбасына жиналып, діндер мен мемлекеттер арасындағы түсінбеушіліктерді оңтайлы шешудіңжолдарын қарастыратыны аян. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқанӘлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің арасындағы негізгі ортақ келісімдермен сұхбаттар, зорлық-зомбылықтан, фанатизмнен, экстремизм мен терроризм сияқты лаңкестік әрекеттердің алдын алуға өз әсерін тигізері анық.

Жаһанда орын алып жатқан саяси оқиғаларға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі де өзіндік үлес қосып келеді. Мысалы, Елордамыз Астанада өткен төрт съезде талқыланған мәселелерді алайық.

Бірінші съезде экстемизмге және терроршылдыққа әділетсіз соғыстың алдын алу және дінге жала жаппау мәселелері талқыланды.

Екінші съезд отырысында әлемде бейбітшілік пен келісім мәдениетін одан әрі нығайта түсуге баса назар аударылды. Себебі, 2006 жылы Таяу Шығыстағы жағдай күрт шиеленісіп, Иракта соғыс жүріп жатқан кез болатын.

Ал үшінші съезде радикализм көрнісінің белең алуына, Ауғанстандағы қиын жағдайларға, заңсыз есірткі айналымына қатысты мәселелер талқыланған болатын.

IV съез «Бейбітшілік пен келісім – адамзат таңдауы» атты тақырып төңірегінде өткізілді.

Ағымдағы жылдың 10-11 маусымында өткізілгелі отырған V съезде «Бейбітшілік және даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы» атты тақырып аясында ұйымдастырылатын форум жұмысына бүкіл әлем сенім артып отыр.


08.06.2015 ж.

http://abai.kz/post/view?id=3668
* * *
ЕЛБАСЫ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ V СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСАДЫ
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

9 маусымда Қазақстан Президенті Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі аясында Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездеседі деп жоспарланып отыр.

10-11 маусымда Мемлекет басшысы «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтетін Съездің жұмысына қатысады.

Сондай-ақ Съезд аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесуі жоспарланған.


08.06.2015 ж.

http://baq.kz/kk/news/66428,

http://www.astanatv.kz/news/show/id/37973.html, http://aikyn.kz/ru/news/show/8829-nazarbaev_pan_gi_munmen_kezdesed_, http://egemen.kz/2015/06/08/65621
АСТАНАДА ДІН ӨКІЛДЕРІНІҢ ДҮБІРЛІ ЖИЫНЫНА 42 ЕЛДЕН 80-ГЕ ЖУЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ КЕЛЕДІ
Алдымызда дін өкілдерінің дүбірлі жиыны – әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V-ші съезі жақындап келеді. Бейбітшілікті насихаттап, келісімге шақыратын басқосуға дайындық қазір қызу. Әлемнің түкпір-түкпірінен ағылатын меймандарды қарсы алу үлкен мәртебе.

Сондықтан әрбір деталь назардан мүлт кетпеуі тиіс. Қонақтар не ішіп, қайда отырады? Тіпті микрофондарына дейін тексеріледі.

Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және Спорт министрінің орынбасары – Биылғы съезге 500-ден астам делегаттар қатысады деп күтілуде. Оның ішінде жартысынан көбі шетелден келеді. 42 елден 80-ге жуық делегация күтеміз.

Алла Тағаланың алдындағы үкімді орындауға ешнәрсе кедергі болмауы керек. Мұны ескерген ұйымдастырушылар намазханалардың жайын ойластырып қойған.

Аманбек Мұхашов, ҚР Әділет министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директорының кеңесшісі – Съезіміздің ерекшеліктерінің бірі – әлемдік дін көшбасшыларын біздің Президентіміздің өзі шақыруы.

Бұл съезді өзі төрағалық етуі. Бірінші баяндаманы да өзі жасауы. Әлемде әр жерде діни форумдар өтеді. Бірақ оларды басқаратын да, шақыратын да діни қоғамдар. Төзімділікке, өзара сыйластық және ынтамақтастыққа үндейтін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бесінші съезіне шақырту алған мәртебелі меймандардың бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Пан Ги Мун.

Зайнұр Байжігіт, тілші:– Маусымның 10 және 11 күндері Астана төрінде орналасқан Бейбітшілік және келісім сарайында әлемнің 42 елінің дін басшылары бас қоспақ.

Сонымен қатар биыл алғаш рет жиынға саясат қайраткерлері қатысады. Олар мына дөңгелек үстелді жағалай отырып, бір-бірімен ашық та, шынайы әңгіме құрмақ. Кез келген діннің басты міндеті шетке ауытқып, адасқан адамзатты жетілу жолына қайта келтіру болып табылады.

Біздің Астанадағы дінаралық саммиттің алдына қойып отырған негізгі мақсаты да осы.
08.06.2015 ж.

http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/25733-astanada-din-ukilderinin-dubirli-zhiynyna-42-elden-80-ge-zhuyk-delegatsija-keledi

* * *
ВО ИМЯ МИРА И ДОБРА!


Карлыгаш КАЛИЛАХАНОВА,

первый заместитель директора Международного центра культур и религий Министерства культуры и спорта
Астана ожидает дорогих гостей. На следующей неделе в столице нашей Родины пройдет V Съезд лидеров мировых и традиционных религий.

Эта уникальная диалоговая межрелигиозная площадка для представителей самых разных конфессий демонстрирует всему миру яркий пример дружбы и духовного согласия.

За последнее десятилетие многие известные политические деятели, международные и отечественные эксперты отмечают, что Казахстан в мировом сообществе сегодня позиционируется как крупный и авторитетный международный центр диалога всех мировых и традиционных религий.

Наше молодое государство, пожалуй, одним из первых в новом тысячелетии собрало вместе духовных лидеров практически всех религиозных направлений, которых объединяет понимание целостности мира и ощущение общности государств и народов перед глобализацией конфликтов, необходимости консолидированного совместного поиска ответов угрозам и вызовам глобализирующегося мира.

Свой путь страна нашла не только в экономическом развитии, но и культурно-духовном процветании. Так, одним из значимых событий в истории нового Казахстана, огромным национальным проектом стал Съезд лидеров мировых и традиционных религий.

Это действительно глобальная инициатива, которая по праву принадлежит казахстанскому народу и его Лидеру – Президенту Республики Казахстан Нурсултану Назарбаеву, инициировавшему межрелигиозный саммит.

В 2003 году впервые Глава нашего государства на Международной конференции мира и согласия в Алматы 13 февраля 2003 года внес предложение о том, чтобы в столице нашей республики собрались все духовныеиерархи для обсуждения путей развития бесконфликтного и безопасного будущего для всего человечества.

Хотелось бы отметить, что проведение Съезда лидеров мировых и традиционных религий стало одной из стратегий молодого независимого государства.

Истоки создания Съезда можно отнести к 1992 году, когда выступая на 47-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН впервые Глава государства Нурсултан Абишевич четко обозначил тезис: «Мы в Азии живем на удивительной земле. Все крупнейшие религии мира – иудаизм, буддизм, христианство, ислам – родились именно на святых землях нашего континента. Все духовные учителя человечества – от Лао Цзы и Гаутамы Будды, Иисуса Христа и Мухаммеда до величайших умов современности уровня Махатмы – родом именно из наших земель... Я убежден, что нам нужны коллективный поиск наилучших путей адаптации к вызовам будущего, формирование новых основ существования человечества в условиях как никогда целостного мира».

Время показало, что руководитель светского государства возложил на себя, своих соотечественников миссию по обеспечению межрелигиозного диалога.

Конечно, эта идея сразу нашла свой отклик и была поддержана всеми выдающимися политическими деятелями, а также лидерами ведущих мировых конфессий.

С этого момента, то есть с 2003 года, началась история замечательной диалоговой площадки – Съезда лидеров мировых и традиционных религий.

Первый межрелигиозный саммит собрал религиозных лидеров и почетных гостей из 13 стран Европы, Азии, Африки и Ближнего Востока.

Делегаты затронули очень серьезные, глобальные вопросы, связанные с сохранением человеческих ценностей, а также по укреплению мира.

Впервые был принят итоговый документ – Декларация участников Первого Съезда лидеров мировых ит радиционных религий.

В ней был обращен взгляд духовных иерархов на то, что мир хрупок, его нужно беречь, быть терпимыми, толерантными, доброжелательными.

Кроме того, успех состоявшегося межрелигиозного саммита был закреплен в Решении Первого Съезда об обозначении регламента работы Съезда – проводить межрелигиозный форум на регулярной основе не реже 1 раза в 3 года.

С момента I Съезда прошло практически 12 лет. За этот краткий по историческим меркам период состоялись еще три съезда. В них приняли участие представители ислама, христианства, иудаизма, буддизма, синтоизма, даосизма и других традиционных религий. Между ними постепенно укреплялись прочные связи, основанные на доверии и взаимном уважении.

По инициативе Главы государства для проведения съездов в Астане построен величественный Дворец Мира и Согласия.

Создан Международный центр культур и религий – рабочий орган и структура межрелигиозного саммита, Секретариата Съезда и его рабочей группы.

Буквально на следующей неделе (10 и 11 июня) этого года в Астане пройдет V Съезд мировых и традиционных религий.

На съезд приглашены 112 делегаций из 44 стран мира. Каждая встреча, конечно, имеет свою исключительную особенность и мы предполагаем, что эта не станет исключением. Об этом говорит сама тема: «Диалог религиозных лидеров и политических деятелей во имя мира и развития».

Говоря о значимости именно этого Съезда, обратимся к его автору – Президенту нашего государства, который четко обозначил важный посыл: «Религиозные лидеры должны поощрять политиков на пути мира и согласия. Богатства этого мира, созданного Всевышним, должны присутствовать на всех уровнях мировой политической системы».

Мы с нетерпением ждем начала работы саммита и очень надеемся, что предстоящая встреча сумеет внести большой вклад в реализацию идеи о глобальном диалоге цивилизаций и религий во имя сохранения мира и безопасности всего человечества.


08.06.2015 г.

«Вечерняя Астана»

* * *
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ



2003 ЖЫЛДАН БЕРІ ӨТКІЗІЛІП КЕЛЕДІ
Съезд діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты өрістетуді көздейді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі алғаш рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астанаға шақырылған еді. Форум жұмысына Еуропа, Азия және Африканың 13 елінен келген діни жетекшілер, қайраткерлер және құрметті меймандар қатысты.

Шараны өткізудегі негізгі мақсат – діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты баянды ету; діни қауымдар арасындағы өзара түсінік пен құрметті тереңдетіп, нығайту; араздық пен экстремизм идеологиясына қарсы тұра алатын толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру; діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты өрістетуді көздеген барлық халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен ықпалдасу.

I Съезге қатысушылар дінаралық саммитті тұрақты өткізіп тұру жөнінде ұйғарымға келіп, форумның жұмыс органы яғни, құрамына діннің жетекшілері мен көрнекті қайраткерлері енетін Съезд Хатшылығын құру туралы шешім қабылдады.

Ал, 2006 жылғы 12-13 қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезі «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты тақырыпты қамтыды. Съезд осы ауқымды халықаралық іс-шараны өткізіп тұру үшін арнайы салынған жаңа ғимарат – Бейбітшілік пен келісім сарайында өтті. Форум жұмысына Еуропа, Азия, Африка және Американың 20 елінен келген 43 делегация қатысты.

Форум «Дінаралық диалогтың принциптері» атты маңызды құжатты қабылдады. Шара жұмысын қорыта келе Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын ашу туралы бастама көтерілді.

Астанада 2009 жылы 1-2 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III съезінің негізгі тақырыбы – «Толеранттылық, өзара құрмет және ынтымақтастыққа негізделген әлемді қалыптастырудағы діни лидерлердің рөлі» болды. III Съездің жұмысына 77 елден келген, әлемнің барлық басты діндеріне қатысы бар 77 делегация атсалысты.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2008 жылғы 13 қарашада қабылдаған Қарарына сай, Съезд БҰҰ жүйесінің қатысуымен әрі техникалық жәрдемін пайдалана отырып ұйымдастырылды.

Съезд жұмысын үйлестіру үшін, мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогты ілгерілетуді көздейтін басқа да форумдар және халықаралық ұйымдармен әрекеттестік пен ынтымақты кеңейту ниетімен Президент Нұрсұлтан Назарбаев Діни лидерлер кеңесін құруды ұсынды.

2012 жылдың 30-31 мамырында Астанада өткен IV съезд «Бейбітшілік пен келісім – адамзат таңдауы» атты тақырып аясында өтті. Форумға 40 елден барлық әлемдік және дәстүрлі діндерге, сондай-ақ, діни және халықаралық ұйымдарға қатысы бар 87 делегация келді.

Астанада өткен төрт съездің жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, индуизм, буддизм және басқа діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдері қатысты.

Съездің сұхбат алаңында діни қауымдар арасындағы рухани жақындасу хақында келелі әңгімелер өрбіді. Сондай-ақ, әлем азаматтарына, халықтарына және үкіметтеріне арналған үндеулер қабылданды.

Ал, биыл 10-11 маусым аралығында өтетін V съездің тақырыбы –»Бейбітшілік және даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы».

08.06.2015 ж.

http://kaztv.kaztrk.kz/kz/view/alemdik_dastyrli_dinder/page_87143_alemdik-zhane-dastyrli-dinder-liderlerinin-sezi-2003-zhy
* * *
СЪЕЗД ЛИДЕРОВ МИРОВЫХ И ТРАДИЦИОННЫХ РЕЛИГИЙ ПОКАЗАЛ СВОЮ ЭФФЕКТИВНОСТЬ
А.К. Агымбаева,

старший эксперт отдела международного сотрудничества

Международного центра культур и религий КДР МКС РК
За годы своей независимости Республика Казахстан создала собственную уникальную модель межконфессионального и межэтнического согласия. В Казахстане проживает большое количество различных этносов, которые исповедуют различные конфессии.

«В этой связи именно Казахстан и его столица Астана являются диалоговой площадкой для лидеров мировых и традиционных религий. В условиях современной глобализации возникает множество вопросов, проблем, требующих незамедлительного рассмотрения.

Конфессиональное и этнокультурное многообразие нашей республики демонстрирует великое богатство и достояние всего казахстанского общества. Проведение на казахстанской земле Съезда лидеров мировых и традиционных религий показывает уважение и поддержку традиций, ценностей, культурных достижений народов всего мира», – отметила старший эксперт отдела международного сотрудничества Международного центра культур и религий КДР МКС РК А.К. Агымбаева.

Казахстан является светским и отделенным от религии государством, но в то же время способствующим развитию диалога между конфессиями. Наше государство накопило большой и бесценный опыт в бесконфликтном и мирном сосуществовании всех народов и представителей разных религий. Все это создало толерантную атмосферу взаимоуважения в стране. Инициатором проведения Съезда лидеров мировых и традиционных религий стал Президент Республики Казахстан Нурсултан Абишевич Назарбаев. Данная идея вызвала большой интерес в странах мира, таких как Россия, США, Франция, страны Ближнего Востока, Африки и т.д. Кроме того, положительно отреагировали и многие религиозные авторитеты мира.

Первый Съезд лидеров мировых и традиционных религий прошел 23 и 24 сентября 2003 г. в городе Астане. В диалоге участвовали представители 17 конфессий. Съезд проводится каждые три года, на сегодня проведено 4 съезда: 1-й – 2003 г., 2-й – 2006 г., 3-й – 2009 г., 4-й – 2012 г.

«10 и 11 июня состоится V Съезд. Тема Съезда: «Диалог религиозных лидеров и политических деятелей во имя мира и развития». Стоит отметить, что каждый раз количество участников и заинтересованных лиц увеличивается. Республика Казахстан стала первым в истории государством, которое взяло на себя такую ответственность и занялось продвижением и содействием межцивилизационного межрелигиозного диалога, такой же благой деятельностью сегодня хотят заниматься и другие страны, вносить свой положительный вклад.

Межрелигиозный диалог стал одним из основных способов улучшения благосостояния всех стран и народов мира, а также всеобщего общественного развития. Совместная работа духовных лидеров способствует обеспечению стабильности в обществах, взаимопониманию народов, все это является основой единого гармоничного будущего на Земле, диалог способствует выявлению причин конфликтов, которые возникают на религиозной почве. Съезд лидеров мировых и традиционных религий показал свою эффективность, проведение такого плана диалога обязательно,оно имеет большое значение в укреплении взаимопонимания, основываясь на уважении ценностей других религий и культур всех стран и народов», – заключила эксперт.

08.06.2015 г.

http://www.inform.kz/rus/article/2784451
* * *

ӨТКЕННІҢ ӨНЕГЕСІ – БОЛАШАҚТЫҢ БОЛМЫСЫ
Айнұр Әбдірәсілқызы,

Мәдениет және спорт министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры
− Айнұр Әбдірәсілқызы, әңгімемізді бүгінгі күннің өзекті тақырыбы болып отырған дінаралық үнқатысу мәселесіне арнасақ деймін. «Пікірталасты бастамас бұрын ұғымдарды анықтап алайық», деген ұтымды сөз бар. Мен де бірінші кезекте «толеранттылық» терминінің басын ашып алсақ дер едім. Әдетте, толеранттылықты «тағаттылық» деп аударады. Бәзбіреулер «төзімділік» деп те беріп жүр. Ал сіз үнемі «мәмілегерлік» ұғымын қолданасыз. Неге?

− «Мәміле» сөзі арабтың «қарым-қатынас» ұғымын беретін «муъамала» сөзінен туындайды. Қазақы ұғымдағы «мәміле жасау» сөзі «келісімді қарым-қатынас жасау» ұғымына саяды. Өзгелермен қарым-қатынасы түзу адамды қазақ «мәмілесі түзу» деп атайды. Ал «мәмілеге келу» сөзі «бітімге, келісімге, ортақ шешімге келу» ұғымдарын береді.

Демек, «мәмілегерлік» сөзінің «төзімділік» пен «тағаттылықтан» мағыналық аясы әлдеқайда кең. Мәмілегерлік – орнықты қарым-қатынас жасай білу, келісімге келе білу, мәселенің оң шешімін таба білу мәдениеті. Оның мәні орнықты тұрғысы мен көзқарасы жоқтықтан туындайтын жалаң келісімпаздықпен бір емес. Қазақтың мәмілегерлігі – шарасыз көнбістік емес, парасатты мәмілегерлік; ғасырлар тәжірибесі негізінде қалыптасқан өмір сүру өнері, әдебі, мәдениеті. Мәмілегерлік келісімге қарай бір қадам артық жасаудан танылады. Бірақ мәмілегерлік – момындық та, төзімділік те емес. Ол – кеңдік (дүниетанымның, ой-өрістің, пайымдау қабілетінің кеңдігі), бейбітсүйгіштік, дархандық, жан жомарттығы секілді абзал қасиеттердің жиынтығы. Оның шегі «Ашылып келгенге алақан, жұмылып келгенге жұдырық» қағидатымен белгіленген.

Мәмілегер мінез қазақ халқы қас дұшпаны болмаса, қасқая қарсы тұрып, алысуға емес, қалауын та-уып, келісуге көбірек бейім халық. Қазақ – кекшіл емес, текшіл ел. Сол тектіліктің бір өлшемі – осы мәмі¬легерлік. Айта кету керек, «мәмілегерлік» деген ұғымды «толеранттылық» сөзінің баламасы ретінде белгілі философ ғалым Төлеуғали Бурбаев өзінің «Ұлт менталитеті» атты еңбегінде 2000-жылдары ұсынған болатын. Өкінішке қарай, осындай озық ой қоғам назарынан әлі күнге дейін тыс қалып келеді. «Ештен – кеш жақсы» дегендей, осы бір текті де толымды ұғымымызды қиюын тауып, қолданысымызға қайта енгізсек, рухани қазынамыз молая түсері анық. Өйткені, кетігін тауып, қаланған ұғымнан сөз өнерінің ғана ажары арта түспейді, сонымен қатар, ұғымдармен қоса, құндылықтар тіріледі. Ал құндылықтар өзімен бірге ұлт мінезінің қайта оянуына алып келеді. Қазақ өз мінезіне оралса, ешқашан шетін діни көзқарастарға бой алдырмайды. Себебі, мәмілегер мінез ұлттың болмысында шетін көзқарасқа бейімділік жоқ. Сондықтан, біздің толеранттылық туралы идеямыз – тың идея емес, ұлт болмысына сіңіп, тамырланған өміршең идея.

− Өте тұщымды ойлар айтылды. Демек, тиісті ұғым¬дардың кең қолданыста бол¬ғанына қарағанда, дін¬аралық қатынасқа қатысты қазақ халқының да өзіндік қағидаттары ертеден қалып¬тасқан деуге негіз бар ғой?

– Әрине, солай. Қағидаттардың қалыптасуына, ең алдымен табиғи болмыс, содан кейін саналы таңдау әсер етеді. Әуелгі сөз болмыс туралы. Жоғарыда біз «Қазақ алысуға емес, келісуге бейім халық» деген тұжырымды тектен-текке келтірген жоқпыз. Көне дәуірлерден сақталып жеткен жазба деректерге қарағанда, көшпенділер даласында 535 үлкенді-кішілі шайқас орын алса, соның барлығы тек сыртқы жаулардан қорғаныс мақсатында болған қақтығыстар екен.

Бүгінгі қазақ, кешегі түркінің арғы атасы сақтар мен ғұндар кезеңінен келе жатқан ақиқаттан ғұмыры ұзақ аңыздар бізге дала дауылпаздарының бейбітсүйгіш болмысын баян етеді. Сондай аңыздардың бірі былай өрбиді. Ұлан-байтақ далаға иелік етуді көздеген парсы патшасы бар білігін салса да, сақ жауынгерлерімен майдан даласында бетпе-бет келудің сәті бір түспепті. Сақ ауылдарын жеке-жеке жаулап алудың мәні болмапты: ел іргесіне жау жақындағанын білсе, бір түнде түріле көшіп кететін әр ауылдың ізіне түсіп, сан тарапқа бөлініп, парсының әскер күші әбден шашырапты. Қала берді, шабылған жұртының кегін қайтаруға сақ жауынгерлерінің қалың қолы ойда-жоқта бас құрап келіп, парсы әскерін тас-талқан етіп кете беріпті.

Күндердің күнінде парсы патшасы әупірімдеп жүріп сақтармен майдан даласында бетпе-бет жолығып, шайқасу жөніндегі келісімге әзер қол жеткізеді. Уәделі күні екі жақтың әскері сап құрап келіп, садақ тартым жерге келіп тоқтапты. Ұрыс дабылы қағылуын күтіп тұрғанда, кенеттен бір қиқу естіліп, алыстан шаң көрінеді. Артынша екі топтың ортасын қақ жарып, жұлдыздай аққан киік пен оның соңынан ағызып келе жатқан аңшы өте шығады. Сол-ақ екен, қаны қызып, әрең шыдап тұрған тәмам сақ жауынгері майдан даласын тастай беріп, қашқан киік пен қуған аңшының соңынан лап қойыпты.

Мына жағдайдан соң со¬ғыстан әбден күдерін үзген парсы патшасы ақылмандарын жиып, кеңес сұрапты. Сонда көпті көрген бір дана: «Сақтар − бейбітсүйгіш халық, сен оларды мәжбүрлеп майдан даласына тарта алмайсың. Бірақ сақтар − өте намысшыл ел, намысы үшін жанын беруге дайын. Олардың намысына тием десең, ата-бабасының мазарын қират, сонда ертең-ақ сақтың қарулы қолы самсап алдыңа жиылады» деген екен. Осы ақылды алған соң барып, парсы патшасы сақ жауынгерлерімен соғысуға жол ашыпты…

Осы бір ақырына дейін ұрыспауға бар, керісуге емес, келісуге құштар мамыражай, бейбітсүйгіш мінезді арада екі мың жыл өткенде қаз дауысты Қазыбек би де шешендік уәжіне арқау етті. Қалмақтарға елші болып барғанда айтылған: «Біз «қазақ» деген мал баққан елміз, Ешкімге тиіспей, жай жатқан елміз. Еліміздің шетін жау баспасын деп, Найзасына үкі таққан елміз» деген Қазыбек бидің сөзін бүгінде екінің бірі біледі. Екі мың жыл бойы мінезі бір өзгермеген, найзаны жауға емес, сес үшін сәнге ұстаған ұлттың ұландары бүгінгі дінаралық қатынастар алаңында қанына біткен мәмілегер мінезімен ерекшеленсе, оның да осындай тектілікпен тамырлас өрілген тағылымды тарихы бар. Осы үкілі найзаны қазақы бейбітсүйгіштіктің рәмізі етіп ұстансақ, тағы бір құндылығымыз қайта тіріліп, қастерлі қағидатымыз көпке танылар еді.

− Енді «саналы таңдау» деген мәселенің мәнісін ашатын кез келген сияқты.

− Иә, ақын Сейсен Мұқтарұлы айтқандай, «соқпақтардың сорабын, сауалдардың жауабын» іздеп, алыс¬тан арбалап келе жатқан жайымыз бар. «Саналы таңдау» дегенде, ең алдымен ата дін туралы сөз қоз¬ғамақпыз. Өзіндік бүтін болмысқа ие болып, тұлғаланған ұлт немесе ұлыс үшін дін таңдау − кездейсоқ құбылыс емес. Сол таңдау ұлттың болашақ құндылықтық бағдарларын, өмірлік қағидаттарын, ұлттық ұстанымдарын белгілейді, болмысы мен мінезіне бірдей әсер етеді.

Тарихи дәуірлерде, әсіресе әлемдік және дәстүрлі діндердің кең тарала бастаған кезеңінде көптеген ұлттар алдында кезең-кезеңімен дін таң-дау мәселесі талқыға түсіп отырды. Бұған мысал ретінде тағы да көнеден жеткен бір дерекке жүгінелік.

Тәңірлік дінді сенімдік тұғыр еткен Көк Түріктер кезеңінде түркілер іргелес жұрттың ықпалды діні − буддизммен тереңірек таныса бастайды. Будда іліміне көңілі құлаған кей қағандар осы дінге тән ғибадатханалар салдырып, дін таратпаққа әрекет етеді. Осы тұста Түркі қағанатының ұлы қағаны Күлтегін мен кеңесшісі Тоныкөктің арасында «будда дінін қабылдау керек пе, жоқ па?» деген сауал төңірегінде әңгіме өрбіп, буддалық ұстанымдар сарапқа салынады. Сонда будда дінінің негізгі он қағидатының бірі «Тірі жан иесінің тіршілігін сақтаңдар» деген ұстаным екенін естіген Білге қаған: «Біз желдің өтінде, күннің бетінде, жаудың шетінде жатқан елміз. Ертең ел шетіне жау келсе, қасқая қарсы тұрып ел қорғамай, «тірі жан иесінің тіршілігін сақтаңдар» деп бас бұғып отыра алмаймыз. Бұл дін біздің жауынгерлік рухымызға сай келмейді» деп будда дінін қабылдаудан бас тартқан екен.

Кезінде Киев Русінің князы Святослав та исламды қабылдау туралы көп толғана келіп, орыс халқының рухына, болмысына, дәстүрлеріне христиан дінінің қағидаттары көбірек сәйкес келгендіктен, саналы түрде сол дінде қала берген. Ал түркі жұртының тәңірлік сенім құшағынан шығып, исламды қабылдауында да саналы таңдау еркі жатты. Қазақ жері Ресей мен Қытай секілді қос алып мем¬лекетпен бағзы замандардан ірге¬лес болып келді. Діндердің аралас-құраластығы, сенімдердің шарпысуы, белгілі бір кезеңдерде белгілі бір діндердің сайын далада азды-көпті таралуы тарихымызда талай болған. Бірақ, олардың ешбірін түгел түркі төл діні ретінде қабылдаған жоқ.

Дүниенің екінші бір түкпі¬рінен тау асып, тас басып жеткен ислам дінін таңдап, ұлт діні етіп қабылдауы − бүгінгі қазақ, кешегі түркінің өркениетті ел ретінде жасаған таңдауы болатын. Өйткені, ұлтымыздың жан дүниесімен, рухани құн-дылықтарымен, табиғи сенімдерімен барынша үйлескен бірден-бір дін – ислам діні болды. Ғасырлар бойы халқымыздың болмысына сіңе отырып, ислам біздің бүгінгі бірегей мәдениетімізді құраған, мемлекеттілігімізді қалыптастырған ата дінімізге айналды.

Әңгіме желісін негізгі тақырыбымызға ойыстырар болсақ, ұлтымыздың болмысындағы мәмілегер мінез исламдағы дінаралық үнқатысудың қастерлі қағидаттарымен ұштаса дамыды. «Дінде зорлық жоқ» деген Құран қағидаттарынан бастау алып, Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде толық айшықталған өзге дін өкілдеріне деген құрметті қарым-қатынас исламның адамгершілік-өнегелік ұстанымдарына негіз болып қаланған. Дінаралық қатынас қағидаттарын, діни сенім мен ар-ождан бостандығын бекіткен алғашқы құжаттар да ислам өркениетіне тән.

Өзге дін өкілдеріне қамқорлық таныту, оларды аманат ретінде қабылдап, хақысына қиянат жасамау, олардың ғибадат ғимараттарын бұзбау, мал-мүлкіне қол сұқпау, дін иелеріне залал келтірмеу, мұсылман мемлекетіндегі қоғам мүшелері болып табылатын өзге дін өкілдерімен бейбіт көршілік қатынаста болу өз кезегінде ислам өркениетін рухани кемелдікке жетелеп қана қоймай, оның әлем тарихында алтын әріптермен жазылуына өзіндік үлес қосты.

Исламның шынайы болмысы мен Мұхаммед пайғамбар сүннетінің рухын сезінген кешегі Ясауидей бабаларымыз: «Сүннет екен, кәпір де болса берме азар» деп мәмілегерлік қағидаттарын жырына арқау етті. Ясауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеуге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді. Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген Абай ақынның алдында осындай ұлылардан қалған ұлық жол, ескіден қалған есті сөз жатты.

Осының бәрін таразылай келгенде, бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған дінаралық үнқатысу мәселесі заманалар бойы қай қоғамның болса да күн тәртібінен түспеген, әрбір кезеңнің рухына сай өзіндік таным мен тәжірибе қалыптас¬тырған, адамзат қоғамының өмір сүру қажеттілігіне, тіпті өмір сүру өнеріне айналған қағидаттар жасақтаған мәселе деуге болады. Яғни, дінаралық сұхбат – адамзат қоғамының тарихи тәжірибесінің жемісі.

– Сол тәжірибенің бүгіні жайлы бірер сөз қоссаңыз?

– Адамзат қоғамы алға жылжыған сайын ақыл-ойы кемелденіп, ащы¬лы-тұщылы тәжірибесінен сабақ алып, қай мәселеге болса да кең өріспен, ғаламдық пайым-мен қарай бастауы заңды әрі міндетті. Сонау 1893 жылы Чикаго қаласында Діндердің бүкіләлемдік конгресін өткізген, ХХ ғасырдың екінші жартысында Ватиканда «Ислам-Христиан үнқатысуының хатшылығы» ұйымын құрған, 1986, 2002 жылдары Италияның Ассизи қаласында әлем діндері өкілдерінің басқосуын ұйымдастырған әлемдік қауымдастықтың дінаралық үнқатысу жолында төккен тері зая кеткен жоқ.

Толымды тарихи тәжірибесі мен табиғи танымын тірек еткен Қазақ елі 1992 жылдың 18 қазанында Алма¬ты қаласында «Рухани келісім¬нің І бүкіләлемдік конгресін» ұйымдас¬тырса, 2003 жылдан бастап үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізіп отыру арқылы бұл бағыттағы талпыныстарды жаңа белеске жеткізді.

Ендігі мақсат өткеннің өне¬гесін болашақтың болмысына сіңіре отырып, тамырымызды тереңге жіберуде болып отыр. Баба тарихтан бастау алған бастамалар ғана жаңа тарихқа жол тартпақ.

Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
09.06.15 ж.

http://egemen.kz/2015/06/09/65663
* * *



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет