Международный центр культур и религий комитета по делам религий министерства культуры и спорта республики казахстан



бет21/23
Дата06.07.2018
өлшемі454,87 Kb.
#47961
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

ПРЕЗИДЕНТ Н. НАЗАРБАЕВ

ДІНИ КӨШБАСШЫЛАРҒА ӨЗ ІЗБАСАРЛАРЫН

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕШІРІМДІЛІККЕ ШАҚЫРУДЫ ҰСЫНДЫ
Назарбаев діни көшбасшыларға өз ізбасарларын бейбітшілік пен кешірімділікке шақыруды ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев діни көшбасшыларға өз ізбасарларын бейбітшілік пен кешірімділікке шақыруды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің екінші отырысында сөз алған Мемлекет басшысы әлемде ішкі әскери қақтығыстардың көптеп болып жатқанын және тараптардың адамдардың діни қатыстылығын белсенді түрде қолданатынын атап өтті.

«Бізді осындай қақтығыстардың бірі Йемендегі жағдай мұсылмандардың басты қасиетті орны, ислам әлемінің бесігі – Мекке мен Мединеге жақын жерде болғаны алаңдатпай қоймайды. Бірқатар экстемистік топтың акциялары түрлі конфессия ізбасараларының арасында араздық тудырып, Азия мен Африкадағы көптеген қоғамды шағады», – деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.

«Украинаның шығысындағы қалалар мен ауылдарды атқылау кезінде ғибадатханалардың қирағаны туралы хабарламалар үрей тудырады. Екіншіден, жаһандық лаңкестік аса қауіпті сатыға өтті, ол әрекет «Ислам мемлекеті» деген формаға ие болды. Жалған діни көзқарасқа ие содырлар Ирак пен Сириядағы мәдени нысандар мен мыңжылдық өркениетті жоюға ниетті. Олар өзге дінді ұстанушыларды, журналистерді және еріктілерді қалай өлім жазасына кескендері туралы кадрларды Интернет арқылы таратып, тираж жинайды», - деді Назарбаев.

Президент әлемдік әлеуметтік желілердің дін мен діни қайраткерлерге қалай соқтығып жатқандарын көрмеу мүмкін емесін айтты. Оның айтуынша, әлемдегі барлық дін ұстамдылыққа, төзімділікке, соғысты, жанжалды тоқтатуға, бейбітшілікке және адамдар арасындағы татулыққа шақырады.

«Ең төзімді діндердің бірі, әлемдегі өзге діндер сияқты – ислам. Экстремизм мен терроризмнің кез келген формасы үшін исламды зерттеуге талпыну – күпіршілік.

Осындай қиын кезеңде барлық діни қайраткерлерді өз діншілдерін бейбітшілікке, татулыққа, төзімділік пен кешірімділікке екі есе шақыруды ұсынамын. Кез келген халық бірлікті бағалап, сақтай алған жағдайда ғана аман әрі ұлы болып қала береді», – деп сөзін қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.



11.06.2015 ж.

http://jasqazaq.kz/2015/06/10/nazarbaev-dni-kshbasshylara-z-zbasarlaryn-beybtshlk-pen-keshrmdlkke-shayrudy-syndy.html

* * *


НЕКОТОРЫЕ СМИ НЕПРАВИЛЬНО ТОЛКУЮТ ИСТОРИЮ ИСЛАМА – УЧАСТНИК ФОРУМА РЕЛИГИЙ
По словам президента мусульманской организации «Джамиат-аль-Шабаб аль-Ислам», конференция в 2015 году проходит в очень сложное время, полное горячих событий.

Президент мусульманской организации «Джамиат-аль-Шабаб аль-Ислам» Шейх Сальман аль-Хусейни ан Надви озабочен проблемой использования средствами массовой информации истории ислама в корыстных целях, передает корреспондент Kazpravda.kz.

«Сегодня СМИ, к сожалению, используют историю ислама в своих корыстных целях и описывают Коран как книгу насилия, поэтому нужно избегать этого, нужно более точно читать писания Пророка на всех языках мира с тем, чтобы люди – приверженцы других религий – могли ознакомиться с жизнеописанием Пророка и увидели истинные качества Пророка – милость и мягкость. Нам необходимо дать верное представление ислама и Пророка, который показал нам истинный путь перед миром, которым правят сатанинские силы и превращают его в дикий и опасный лес», – призвал он, выступая на секции«Религия и политика: новые тенденции и перспективы», проходящей в рамках V Съезда лидеров мировых и традиционных религий в Астане.

По словам президента мусульманской организации «Джамиат-аль-Шабаб аль-Ислам», Съезд лидеров мировых и традиционных религий в 2015 году проходит в очень сложное время, полное горячих событий: «Как будто мир вновь вернулся к своим первобытным временам: законы джунглей, когда сильный съедает слабого, возникают войны, религии разжигают вражду и злодеи искажают авторитет пророков и посланников, которые в течение всей истории человека были самыми лучшими среди людей».

«Нам нужно взять инициативу в свои руки, чтобы установить безопасность и мир. Поэтому мы высоко оцениваем усилия Нурсултана Назарбаева, его призыв ко всем странам остановить войны и кровопролитие, инициативу к миру и уважению. Вспоминаются слова: «О, люди, мы создали вас мужчиной и женщиной, сделали вас народами и племенами, чтобы вы узнавали друг друга, и самые почитаемые из вас богобоязнены», – обратился выступающий.

Напомним, тематика V Съезда лидеров мировых и традиционных религий и его секционных заседаний дает возможность обсудить актуальные проблемы современности и выработать рекомендации по их решению.


11.06.2015 г.

http://www.kazpravda.kz/rubric/obshchestvo/nekotorie-smi-nepravilno-tolkuut-istoriu-islama--uchastnik-foruma-religii/
* * *

ПОЛУЧАТЬ НАСТАВЛЕНИЯ НАЗАРБАЕВА –

КОРОЛЬ ИОРДАНИИ
Нурсултан Назарбаев встретился с Королем Иордании Абдаллой II, прибывшим для участия в V Съезде лидеров мировых и традиционных религий.

Король Иордании Абдалла II признался, что ему нравятся назидания Президента Казахстана по улучшению мира, сообщает Kazpravda.kz со ссылкой на сайт Акорды.

«Для меня всегда приятно встретиться с Вами и получить Ваши наставления о том, как мы можем сделать мир лучше и спокойнее общими усилиями. На протяжении многих лет я с восхищением наблюдаю за Вашей миротворческой деятельностью в регионе и за тем, как Вы сближаете народы и религии», – сказал Король Иордании.

Абдалла II поблагодарил Нурсултана Назарбаева за приглашение посетить Казахстан, подчеркнув важность укрепления двусторонних связей.

В свою очередь Глава государства обратил внимание, что Иордания является близкой для Казахстана страной.

«Ваш приезд в нашу страну для участия в Съезде лидеров мировых и традиционных религий имеет важное значение. У нас с Вами всегда были доверительные отношения. Казахстан также с большим уважением относится к Вашей стране. Хотел бы подчеркнуть важную роль, которую Вы играете в обеспечении стабильности в регионе, в котором находится Иордания. В этой связи мы всегда готовы Вас поддерживать», – сказал Президент.

В целом, Нурсултан Назарбаев и Абдалла II рассмотрели вопросы двустороннего и регионального сотрудничества, а также обменялись мнениями по актуальным вопросам международной повестки дня

Кроме того, стороны обсудили работу проходящего в Астане Съезда лидеров мировых и традиционных религий.

Напомним, в июне 2014 года Король Иордании посещал Казахстан с рабочим визитом.
11.06.2015 г.

http://www.kazpravda.kz/rubric/prezident1/priyatno-poluchat-nastavleniya-nazarbaeva--korol-iordanii/
* * *

ЕЛБАСЫ ИОРДАНИЯ КОРОЛІ II АБДАЛЛАМЕН КЕЗДЕСТІ
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Нұрсұлтан Назарбаев пен II Абдалла екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін қарастырды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысы талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Иорданияның Қазақстанға жақын ел екеніне назар аударды. «Сіздің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне қатысу үшін біздің елімізге келуіңіз зор мәнге ие. Біз сізбен әрдайым өзара сенімді қарым-қатынаста болдық. Қазақстан сіздің еліңізге үлкен құрметпен қарайды. Сіздің Иордания орналасқан өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отырғаныңызды атап өткім келеді. Сондықтан біз Сізді әрдайым қолдауға әзірміз», – деді Мемлекет басшысы.

II Абдалла екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. «Өзіңізбен кездесіп, ортақ күш-жігеріміз арқылы әлемнің бұдан да жайлы әрі тыныш болуына қалай ықпал ете алатындығымыз туралы Сізден кеңес алу мені әрдайым жылы әсерге бөлейді. Мен көп жылдан бері өңірдегі бітімгершілік, халықтар мен діндерді жақындастыру жолындағы Сіздің қызметіңізге тәнті болып келемін», – деді Иордания Королі.


11.06.2015 ж.

http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/68874-zdesti
* * *
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ

V СЪЕЗІ ЖАЛҒАСУДА
Жыл санап ауқымы кеңейіп келе жатқан құрылтайға 42 елден келген 80-ге жуық делегацияның 500-ден астам өкілі қатысып жатыр. Құрылтай жұмысы бүгін де қызу жүріп жатыр.

Түрлі тақырыпты көксеген секциялық отырыстар қазір басталып кетті. Келелі жиынның бірінде «Дін және саясат: жаңа ағымдар мен перспективалар» мәселесі талқыланады.

Ал екінші отырыс «Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік жолындағы өзара құрмет пен түсіністікке негізделген диалог» тақырыбын қамтиды.

Түстен кейін Бейбітшілік және келісім сарайында жиынның жалпы отырысы өтіп, екі күннің қорытындысы шығарылады. Кеңес соңы мерекелік концертке ұласпақ.

Съездің жабылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Айта кетейік, елімізге келген діндарлар мен халықаралық ұйым өкілдері әр 3 жылда бір рет ұйымдастырылатын ауқымды шараға жоғары баға беруде.

Кеше мамандар таң атқаннан кеш батқанға дейін әлемді мазалаған жаһандық сын-қатерлермен күрес жолдарын пысықтады. Күн тәртібінде қаралған өзекті мәселенің бірі халықаралық экстремизм мен терроризмнің тигізіп отырған зардабы жайында болды. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев аймақтарда қарулы қақтығыстарды тоқтатып, бітімге шақырды.

18 конфессия мен 100-ден астам ұлт өкілінің тату-тәтті күн кешіп ұлтаралық келісімнің үлгісіне айналған Қазақстанды мысал ретінде атап өтті.

Осылайша Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, бейбітшілік пен дінаралық татулыққа негізделген жаңа қоғам құрып жатыр деді Президент. Бұл ретте БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун ынтымағы ұйысқан елімізде діндер көшбасшылары құрылтайын өткізу туралы бастаманы жоғары бағалайтынын жеткізді. Бұдан бөлек, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезін қорытындылайтын декларация қабылданады. Елбасы осы құжатта көрініс табуы тиіс мәселелерге қатысты өз ұсынысын білдірген болатын. Келелі кеңесте көтерілген мәселелерді алдағы уақытта өздеріңізге жедел түрде жеткізетін боламыз. Авторы: Назерке Әбдірахманқызы


11 06 2015 ж.

http://95.56.240.18/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/68817-uda
* * *
ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫМЕН ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЙДЫ
Еліміз Ислам ынтымақтастығы ұйымымен әріптестікті жан-жақты дамытуға мүдделі.

Елордадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында Қазақстанның сыртқы істер министрі аталған құрылымның бас хатшысымен кездесті.

Ияд бен Амин Маданиқұрылтай жұмысына бастан-аяқ қатысып, әлемдік түйткілдерді қалай реттеудің жолдарына қанықты. Айта кетейік, ұйымның бас ассамблеясының сессиясы және тауар сатылымы қауіпсіздігін көздейтін министрлердіңVII конференциясы қазанның 12-сі мен 14-і аралығында өтетін болды.
11.06.2015 ж.

http://95.56.240.18/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/68785-jymymen-riptestik-ny-ajdy
* * *
Р.ҒАЙНУТДИН: ДІН АТЫН ЖАМЫЛҒАН

ЛАҢКЕСТІК ТОПТЫ «ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІ» ДЕП АТАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ ҚАЖЕТ
Дін атын жамылған лаңкестік топты «Ислам мемлекеті» деп атауға тыйым салу қажет. Себебі террористік ұйымның теріс әрекеті дін жолындағы мұсылмандардың атына кір келтіріп жүр. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі аясында өткен брифингте мүфти Равиль Ғайнутдин осылай деді.

Оның айтуынша, әлем халқы жапа шегіп отырған әскери және саяси текетірестердің шешімін іздеу жолында Астанада болып жатқан басқосудың орны бөлек. Равиль Ғайнутдин, РФ Мұсылмандары рухани басқармасының төрағасы: – Мен съезд жұмысына осымен 4-рет қатысып отырмын. Бұл басқосудың салмағы жоғары. Астанада дін көшбасшылары өзара пікір алмасып, жаһандық мәселелердің шешу тетіктерін бірлесіп іздейтін бірыңғай диалог алаңы қалыптасты.

Бұл ретте осындай бастамаға ұйытқы болып, оны іске асырған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Роберт Чейз,»Интерсекшнс Интэрнэйшнл» директоры, құрылтайшы: – Съезд жұмысын әр 3 жылда бір рет өткізуді тоқтатпау керек. Мазмұны терең осындай ауқымды шараға қатысқаныма қуаныштымын. АҚШ – Қазақстан секілді көпэтносты мемлекет. Бұл ретте сіздердің елдеріңізден үйренеріміз көп.
11.06.2015 ж.

http://95.56.240.18/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/68782-a-tyjym-salu-azhet
* * *

СЪЕЗД ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСКЕ ЫҚПАЛ ЕТУДІҢ ПӘРМЕНДІ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛА АЛАДЫ – ДЕЛЕГАТТАР
Съезде Дінаралық және өркениетаралық үнқатысуды ілгерілету үшін не істеу керектігі де әңгіме өзегіне айналды.

Дін-қоғам-адамзат. Бейбітшілік пен достық. Мақсат-айқын,мүдде біреу! Дін көшбасшыларының алғашқы отырысы 2003 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылған болатын.

Содан бері 3 жылда бір рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қазақстан сияқты ынтымақты,ырысты ту еткен елдің дүние жүзіне пайдасы тиюде.
11.06.2015 ж.

http://kaztv.kaztrk.kz/kz/view/alemdik_dastyrli_dinder/page_87879_sezd-din-salasyndahy-alemdik-yrdiske-ykpal-etudin-pa
* * *


ТОНИ ЭББОТ: «ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІ» ҰЙЫМЫ ӨЛІМГЕ ТАБЫНУШЫЛЫҚТЫ УАҒЫЗДАЙДЫ
Австралия премьер-министрі Эббот Азия-Тынық мұхиты елдерін «Ислам мемлекетіне» қарсы күресте бірігуге шақырды. Сидней қаласында өткен аймақтық қауіпсіздік конференциясында ол лаңкестік топтың жаһандық амбициясы кеңінен етек жайғанын айтып, ол топ «өлімге табынушылықты» уағыздайды деп мәлімдеді. Ирак қарулы күштері қазір «Ислам мемлекетінің» боевиктеріне барынша тойтарыс беруге тырысуда.

Бірақ «Ислам мемлекетінің» күштері АҚШ бастаған коалиция әуе соққысына қарамастан, Ирак пен Сириядағы бірқатар елді мекендерді басып алды. Жалпы әлемде қалыптасқан жағдай қазір көптің көңілін күпті қылды.

Қазір Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V-ші съезінде де дәл осы тақырып талқыға салатын салмақты мәселе болып отыр. Съезге жиналған әрбір дін өкілі жетекші елдер арасындағы сенімге селкеу түсіп, салдарынан санкциялық, ақпараттық майдандар белең алғанын растауда. «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының күш алуы өз алдына бір әңгіме.

Түптеп келгенде бұның барлығы өңірлік, жаһандық қауіпсіздікке қауіп-қатерлер төндіруде. Съезге төрағалық еткен ҚР Президенті оларға қарсы күш біріктіруді ұсынды. Сондай-ақ съезге қатысқан БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун: «бүгінде бүкіл әлем діни экстремизмнен және лаңкестіктен зардап шегіп жатқанда, өшпенділікке қарсы тұруға шақырған діни көшбасшылардың қатары көбейгені және үні баршаға жетерліктей болғаны қажет», – деді.

Дәстүрлі діндер лидерлерінің V-ші съезі бүгін өз жұмысын қорытындылайды. Қорытындылап қана қоймай, әлемдегі бейбіт тұрғындардың қырылуына, лаңкестік әрекет пен қатыгездік, әскери қақтығыстар мен экстремизмге өз ретінде тосқауыл болуға септігін тигізетініне барша әлем сенім артады.
11.06.2015 ж.

http://khabar.kz/kz/news/alem/item/25929-toni-ebbot-islam-memleketi-ujymy-ulimge-tabynushylykty-uagyzdajdy
* * *

БҮГІН ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙЫНДА СЪЕЗ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V-ші Съезі жалғасуда. Түске дейін «Дін және саясат: жаңа ағымдар мен перспективалар», «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері арасындағы бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік жолындағы өзара құрмет пен түсіністікке негізделген диалог» атты секциялар бойынша талқылаулар өтті.

Гүлмайра Сансызбаева, тілші: – Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V-ші Съезінде Үндістанның индиология және дінаралық диалогты зерттеу институтының төрағасы Сомайя Самир Шантила Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін жоғары бағалап, бұл әлем үшін ең маңызды, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланатын бірегей алаң екендігін атап өтті.

«Джамит-әл-шабаб әл ислам» мұсылман ұйымының презденті Шейх Сальман әл-Хусейни ан-Надви Ислам толеранттықты ту ететіндігін айтып, әлем халқын мейрімділікке, тыныштыққа үндеді. Сонымен қатар діннің әлеуетін арттыруды ұсынды.

Түстен кейін «Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы» деген тақырыпта жалпы отырыс өтеді деп күтілуде.

Онда ағымдағы әлемдік жағдайларды есепке ала отырып, діни және саяси көшбасшылардың ынтымақтастығын күшейту, халықаралық деңгейдегі дағдарыс жағдайларын талқылау мен еңсеру мәселесі жан-жақты қарастырылады.

Жалпы отырыс қорытындысы бойынша декларация қабылданып, құрылтай мерекелік концертке ұласпақ. Съездің жабылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, келелі кеңес Елордада 2003 жылдан бері өткізіліп келеді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезіне 42 елден келген 80-нен астам делегация қатысып жатыр. Жыл өткен сайын съездің маңыздылығы артуда.

Толығырақ сағат 17.00-де жаңалықтарымыздан көріңіздер.
11.06.2015 ж.

http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/25921-bugin-dasturli-dinder-kushbasshylarynyn-kuryltajynda-sezd-deklaratsijasy-kabyldanady
* * *
АСТАНАДА ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ V СЪЕЗІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі жалғасып жатыр. Бүгін форумның екінші жұмыс күні басталды.

Түске дейін «Дін және саясат: жаңа ағымдар мен перспективалар», «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері арасындағы бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік жолындағы өзара құрмет пен түсіністікке негізделген диалог» атты секциялар бойынша талқылаулар өтеді.

Түстен кейін «Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы» деген тақырыпта жалпы отырыс өтеді деп күтілуде. Онда ағымдағы әлемдік жағдайларды есепке ала отырып, діни және саяси көшбасшылардың ынтымақтастығын күшейту, халықаралық деңгейдегі дағдарыс жағдайларын талқылау мен еңсеру мәселесі жан-жақты қарастырылады.

Ал кешке қарай Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жабылу салтанаты өтпек.

Айта кетейік, екі күнге жалғасатын келелі кеңес жұмысына 42 елден келген 80-нен астам делегация қатысуда. Елбасының бастамасымен қолға алынған Әлемдік және дәстүрлі дінлидерлерінің алғашқы съезі 2003 жылы өткен болатын. Содан бері әр 3 жылда бір рет тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

11.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2785504
* * *
ИСЛАМ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ КЕЙБІР КІТАПТАРДА БҰРМАЛАНҒАН МӘЛІМЕТТЕР БЕРІЛІП КЕЛЕДІ – ШЕЙХ САЛЬМАН ӘЛ-ХУСЕЙНИ АН-НАДВИ
Ислам тарихы туралы кейбір кітаптарда бұрмаланған мәліметтер беріліп келеді.

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі аясындағы «Дін және саясат: жаңа ағымдар мен перспективалар» атты секция отырысында «Джамиат-әл-Шабаб әл-Ислам» Мұсылман ұйымының президенті Шейх Сальман әл-Хусейни ан-Надви мәлім етті.

«Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары өкінішке қарай ислам жайында пайдакүнемдік ақпараттарды таратып, Құранды теріс мазмұндайды. Сондықтан да бұндай пиғылдардан құтылуымыз керек. Атап айтқанда, Пайғамбарымыздың нағыз қасиеттерін, яғни қайырымдылығы мен мейрімділігі жайында айтылған мәліметтерді үлгі етіп таратуымыз керек», - деді ол.Шейхтің сөзіне қарағанда, кейбір тарихи кітаптарда, оның ішінде Мұхаммед Пайғамбардың ғұмырнамасы туралы кітаптарда әскери жорықтарға ерекше назар аударылған. Шын мәнінде Пайғамбар әскери іс-қимылдарды халыққа шабуыл жасалған кезде ғана бастаған және қатер сейілген кезде дереу тоқтатып отырған.

Сальман әл-Хусейни ан-Надви өз сөзінде Мұхаммед Пайғамбар бөтен діндегілерді шеттетпегенін, оларға зиянын тигізбегенін айта келе, алайда қазіргі кезде әлемде Пайғамбардың ілімін бұрмалайтын және барша адамзатқа қатер тудыратын күштер пайда болғанына алаңдаушылық білдірді.



11.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2785540

* * *


ДІН МЕМЛЕКЕТТЕГІ ӘДІЛЕТСІЗ ЗАҢДАРДЫ АТАП КӨРСЕТУІ ТИІС – ПРОФЕССОР АЛЬБЕРТО ЛО ПРЕСТИ
Дін әділеттілік үшін күресте елеусіз қалмауы керек. Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі аясындағы «Дін және саясат: жаңа ағымдар мен перспективалар» атты секция отырысында Италиядан келген дінтанушы, профессор Альберто Ло Прести мәлім етті.

«Мемлекет пен дін арасында құзыреттілік рөлін үйлестіру оларды толығымен бөлуді білдірмейді. Әрине, діннің мемлекетті алмастыруы қажет емес, алайда, ол сонымен қатар әділеттілік үшін күресте елеусіз қалмауы керек», – деді профессор.

Оның пайымынша, мемлекетте қабылданған заңдар әділетсіз болған жағдайда дін осы жайттарды атап көрсетуі тиіс. Мәселен, түсік жасатуға рұқсат беру және басқа да өнегелі емес әрекеттер тұрғысында атап көрсетуі керек.

Айта кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің екінші күнінде «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері арасындағы бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік жолындағы өзара құрмет пен түсіністікке негізделген диалог» және «Дін және саясат: жаңа ағымдар мен перспективалар» атты екі секциялық отырыс өтіп жатыр.

Түстен кейін «Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы» тақырыбында жалпы отырыс өтеді деп күтілуде.
11.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2785559
* * *


ДІНДІ ӨЗ САЯСИ МАҚСАТТАРЫНА ИКЕМДЕП АЛҒАН ТҮРЛІ ТОПТАР ӘЛЕМНІҢ ӘР ЖЕРІНЕН КӨРІНЕ БАСТАДЫ –

ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЯМЕРОВ
Дінді өз саяси мақсаттарына икемдеп алған түрлі топтар әлемнің әрбір жерінен көріне бастады.

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезі аясындағы «Бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары арасындағы өзара құрмет пен түсінік негізіндегі сұхбат» атты сессияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Маямеров айтты.

«Қадірлі қауым, егемен еліміздің татулықты ту еткен Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің дін қайраткерлерінің басын қосып, асқақ Астанамызды бейбітшілік пен бірліктің символына айналдырды.

Бүгінгі дәстүрлі дін көшбасшыларының кезекті құрылтайы да осынау ізгі мақсаттарға үндейді. Үш жыл сайын өтетін дәстүрлі құрылтай еліміздегі 70 пайыз мұсылманның басын біріктіретін, екі жарым мың мешітті бір орталыққа бағындырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысына да серпін беретіні сөзсіз», – деді ол.

Ержан қажы Маямеровтің атап өтуінше, қазіргі кезеңде әлемдік қауымдастық экономикалық дағдарысты, саяси ұлтаралық, дінаралық шиеленістерді бастан кешуде. Әсіресе, адамзат жаңа ғасырда бұрын-соңды болмаған діни алауыздықтар, дау-жанжалдар, ұлтаралық қақтығыстармен бетпе-бет келді.

«Дінді саясиландыру арқылы жастар санасын теріс арнаға бұру үрдісінің куәгері болдық. Дінді өз саяси мақсаттарына икемдеп алған түрлі топтар әлемнің әрбір жерінен көріне бастады. Бүлікшілердің бүкіл әрекеті сөз жоқ, дәстүрлі дінімізге деген анық қарсы әрекет, адамшылыққа да жат амал.

Халқымызда «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген нақыл бар. Ортақ мақсатқа жету үшін бәріміз бірігіп, бір-бірімізге көмекші болуымыз керек», – деді бас мүфти.
11.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2785560
* * *

ӨЗАРА КЕЛІСІМ МЕН ЖАРАСЫМДЫЛЫҚҚА ИСЛАМ ДІНІНІҢ

ҚОСАР ҮЛЕСІ КӨП - ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ
Өзара келісім мен жарасымдылыққа Ислам дінінің қосар үлесі көп.

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезі аясындағы «Бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары арасындағы өзара құрмет пен түсінік негізіндегі сұхбат» атты сессияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Маямеров айтты.

«Дін – бүкіл әлемде адамдардың рухани дүниетанымын байыта отырып, жер бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру игілігіне өз үлесін қосатын қуатты күш», – деді ол.

Сондықтан Ержан қажының атап өтуінше, сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымаққа және мемелкетіміздің дамуына жұмсауымыз қажет. Ал өзара келісім мен жарасымдылыққа ислам дінінің қосар үлесі көп.

«Алла тағала Құран Кәрімде: «Ізгі істерге, тақуалыққа көмектесіңдер, күнә жасауға, дұшпандыққа жәрдемші болмаңдар», деп бұйырады. Біз халықтарды бірлікке, изігілікке, қайырымдылыққа шақыруда діни тұлғалардың айрықша рөлін ескеріп, имамдардың әлеуетін, қабілеті мен тәжірибесін арттыруға баса назар аударып келеміз», – деді Ержан қажы Маямеров.
11.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2785564, http://bnews.kz/kk/news/post/271796/
* * *

ХАЛЫҚТЫҢ ИМАНЫ МЕН РУХАНИЯТЫН ДАМЫТПАЙ, ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨРКЕНДЕУІ МҮМКІН ЕМЕС –

ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЯМЕРОВ
Халықтың иманы мен руханиятын дамытпай, елдің экономикалық өркендеуі мүмкін емес.

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезі аясындағы «Бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары арасындағы өзара құрмет пен түсінік негізіндегі сұхбат» атты сессияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Маямеров айтты.

«Аллаға шүкір, мемлекетімізде дінге сенушілердің діни қажеттіліктерін орындау үшін барлық жағдайлар жасалды. Орта Азия бойынша құлшылық үйлерінің саны жағынан біздің ел бірінші орында. Дәстүрлі діндердің ғибадатханалары тең дәрежеде қызмет етуде», - деді Ержан қажы Маямеров.

Сонымен қатар бас мүфти өз сөзінде ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында халқымыздың рухани өміріне, мәселен, отбасылық құндылықтарды арттыру, жат ағымнан алыс болу, бірлікті сақтау, қайырымдылық жасау, мейірімді болып, кешірім жолын ұстану секілді сауапты амалдарға да мән беретіндігін баса айтты.

«Біздің негізгі бағытымыз діни-рухани сала болғандықтан, еліміздің рухани дамуы жолында аянбай еңбек етіп келеміз. Өйткені халықтың иманы мен руханиятын дамытпай, елдің экономикалық өркендеуі мүмкін емес деп есептеймін», – деді ол.
11.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2785582
* * *
ДІНСІЗ АДАМ БОЛҒАНЫМЕН, ДІНСІЗ ҚОҒАМ БОЛМАҒАН – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС МҮФТИІ
Тарихта дінсіз адам болғанымен, дінсіз қоғам болмаған.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кешеден бері өтіп жатқан V съезі барысында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының басшысы, еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров дін сөзінің ауқымды мағынасына жан-жақты тоқтала келіп, осындай ойын айтты, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Біз бүгін тек Еуразия құрлығы үшін емес, бүкіл әлем үшін маңызды жағдайларды сөз еткелі отырмыз.

Еңселі елордамыздағы бүгінгі келелі кездесуде Сіздердің тараптарыңыздан айтылар парасатты пайымдар мен мазмұнды баяндамалар, түйінді тұжырымдар дінаралық татулық пен келісімді тағы да нығайта түседі деген сенімдемін.

Баяндаманың басында дін туралы түсінікке тоқтала кетуге рұқсат етіңіздер», – деген Бас мүфти тарихта дінсіз адам болғанымен, дінсіз қоғам болмағанын айтты.

«Дін сөзінің аясы кең, ұғымы ұлы. Ол – Құдайға құлдық ұрып, тек құлшылықтан бас көтермеу дегенді білдірмейді.

Дін – өмір сүрудің үздік үлгісі, екі дүние бақытына жетелейтін ұлы жол.

Дін – адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке ұйытатын құдіретті күш. «Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын» дейді ақын Абай атамыз. Міне, дін дегеніміз – адамдық қасиетті қалыптастыратын теңдессіз тәрбие мектебі.

Дін сөзінің араб тіліндегі мағынасы «сыйлық», «үкім», «есеп», «жаза», «шариғат», «мойынсыну», «бағыну», «құлшылық», «заң», «жол» дегенді білдіреді.

Дінді адамды Алланың даналыққа құрылған таңғажайып жаратылысынан ғибрат алуға, өмірдегі мақсаты мен міндетін айқындап беретін Құдайға құлшылық етуге тәрбиелейтін ұлы жол.

Ислам адамға екі дүниенің қуанышы мен сыйына, бақыты мен берекетіне жетейлін тура жолды көрсетеді.

Адамның бүкіл өмірін, амалын - ізгілікке, қайырымдылыққа бағыттайды. Тарихта дінсіз яки имансыз адам болғанымен, дінсіз қоғам болмаған. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж», – деді Е.Маямеров.


11.06.2015 ж.

http://bnews.kz/kk/news/post/271788/, http://bnews.kz/kk/news/post/271788/
* * *
АҚШ-ТАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАТ

V СЪЕЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ДЖОН КЕРРИДІҢ

ҮНДЕУІН ОҚЫДЫ
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің V съезінде АҚШ-тан келген делегат – АҚШ-тың дін және арнайы мәселелер жөніндегі мемлекеттік департаментінің арнайы өкілі доктор Джон Кейси басқосуда Мемлекеттік хатшы Джон Керридің үндеуін жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«АҚШ Үкіметі осы конгрестің бейбітшілік, қауіпсіздік және өзара үндестікке қатысты көзқарасын қолдайды.

АҚШ Үкіметі өзара қарым-қатынас жағдайындағы мемлекеттік, дін көшбасшылары және азаматтық қоғам арасындағы ашық диалог осы мақсаттарды жүзеге асыруға ықпал ететініне сенімді», – деп Мемлекеттік хатшының сөзін жеткізді Д.Кейси.

АҚШ мемлекеттік департаментінің арнайы өкілі Қазақстан Үкіметіне аталған съезді өткізгені үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол «біздің жершарымыздағы дінаралық диалогтың артып жатқанын көргеніне қуанышты» екенін жеткізді.

Еске сала кетсек, Астанада Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің V съезінің екінші күні өтуде. Секциялық отырыс барысында делегаттар бірнеше тақырыптар бойынша талқылаулар жүргізуде. Негізінен, дін мен саясаттың жаңа қарқыны мен келешегі жөніндегі мәселелер қозғалып жатыр.
11.06.2015 ж.

http://bnews.kz/kk/news/post/271811/
* * *
ОРТА АЗИЯ БОЙЫНША

ҚҰЛШЫЛЫҚ ҮЙЛЕРІНІҢ САНЫ ЖАҒЫНАН ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ОРЫНДА – БАС МҮФТИ
Орта Азия бойынша құлшылық үйлерінің саны жағынан біздің ел бірінші орында. Дәстүрлі діндердің ғибадатханалары тең дәрежеде қызмет етуде.

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында ұйымдастырылған «Бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары арасындағы өзара құрмет пен түсінік негізіндегі сұхбат» атты сессия барысында еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Құрметті дін өкілдері, Аллаға шүкір мемлекетімізде дінге сенушілердің қажеттіліктерін орындау үшін барлық жағдай жасалды.

Орта Азия бойынша құлшылық үйлерінің саны жағынан біздің ел бірінші орында. Дәстүрлі діндердің ғибадатханалары тең дәрежеде қызмет етуде.

Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында халқымыздың рухани өміріне, мәселен, отбасы құндылығын арттыру, жат ағымнан алыс болу, бірлікті сақтау, қайырымдылық жасау, мейірімді болып, кешірім жолын ұстану секілді сауапты амалдарға да мән береді.

Біздің негізгі бағытымыз діни-рухани сала болғандықтан еліміздің рухани дамуы жолында аянбай еңбек етіп келеміз»,-деді Бас мүфти.

Ержан қажы Маямеров атап өткендей, «халықтың иманы мен руханиятын дамытпай, елдің экономикалық өркендеуі мүмкін емес».
11.06.2015 ж.

http://bnews.kz/kk/news/post/271809/
* * *
И.АДАМАКИС: ТЕРРОРИЗМНІҢ ДІНГЕ ТҮБЕГЕЙЛІ

ҚАТЫСЫ ЖОҚ
Астана. 11 маусым. Baq.kz – Астана қаласында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің V съезіне қатысушы Франция метрополиті Имануил Адамакис 2015 жылдың 7-9 қаңтары күндері Парижде орын алған террористік шабуылдың салдарынан қайтыс болғандарды еске алуға қатысты өткен шеру жөнінде пікірін білдірді.

– 11 қаңтар күні 1 миллионға жуық адам Париж көшелерімен шеруге шыққанда біз жанымызда келе жатқан адамның мұсылман ба, христиан ба, иудаист па, индус па оған қараған жоқпыз.

Біз бұл жерде барлық қоғамға төніп тұрған қауіпті ескеріп, барлығымыз бірге алға жылдық. Өйткені, террористік шабуылдар Франция үшін ғана емес, әлем үшін қауіпті мәселе еді. Террористер бұл әрекетімен дінге зиян келтірді, оның ішінде исламға. Бірақ олар өздері ислам дінін ұстанушылар емес еді. Сондықтан, біз оған мұсылмандарды кінәламауымыз керек. Өйткені, ислам өзі бейбітшіліктің діні болып табылады. Сол үшін дінді сол қалыпында қабылдап, дінді өзінің мақсаттарында қолданғысы келетін адамдардың бар екендігін түсінуіміз керек. Мен БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунмен сөйлескенімде, ол дін үшін қылмыс жасау, дінге қарсы қылмыс жасаумен бірдей деген болатын. Ол шындық, сондықтан біз бұл мәселеге аса байқампаздықпен қарауымыз тиіс. Оның түбі қайтадан білімге келіп тіреледі.

Балаларды кішкентайынан біз кімбіз, біздің бауырларымыздың кім екенін дұрыс түсіндіріп,қандай да бір оқиға орын алса оны жасаған адамның дінін жария етіп, балаға жек көрінішті етпеу керек. Терроризмнің дінге түбегейлі қатысы жоқ, – деді.


11.06.2015 ж.

http://baq.kz/kk/news/66600

ДІН САЯСИ МАҚСАТТАРДАН АУЛАҚ БОЛЫП, РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ КЕРЕК
Астана қаласында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V съезінің «Дін және саясат:жаңа ағымдар мен перспективалар» атты тақырыбына арналған секциялық отырысы кезінде баяндама жасаған Мысыр Араб Республикасы Вакуфтер министрінің орынбасары Мұхаммад Азаддин Абсаттар терроризммен күресу үшін дінді өзінің мақсатында пайдалану керектігін айтты.

«Терроризммен күресу үшін дінді саяси мақсатқа қолданудан аулақ болып, әлемдік діндер лидерлері айтқан адамзаттық құндылықтарға негіздеуіміз тиіс. Біз барлық жұмыстарымызды саяси мақсаттарға жұмылдырмастан, бейбітшілікке ұмтылуға бағыттауымыз керек.

Дінді қақтығыстарды жоятын құрал ретінде пайдаланып, ауызбіршіліктен айырылмағанымыз дұрыс деп есептеймін.

Негізінде, қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктердің себебін дінмен байланыстыруға болмайды. Өйткені дін әлімсақтан бейбітшілік пен бірлікті дәріптеп, руханият үшін қызмет етуге бағытталған», - деді Мұхаммад Азаддин Абсаттар.


11.06.2015 ж.

http://baq.kz/kk/news/66595
* * *
ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕ

ДІН МЕН СЕНІМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ САҚТАЛУЫ ТИІС

ИСПАНИЯ ЭКС-СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ


Жаһандану дәуірінде дін мен сенімнің ерекшеліктері сақталуы тиіс.

Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі барысында «Дін мен саясат: жаңа тенденция мен перспективалар» атты секцияда Испания экс-сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос осылай мәлімдеді.

«Саясат пен дін - бұл тарих. Біздің тарихымызда саясат пен діннің динамикасы ауқымды, драматикалық жарқын сәттерді тудырғанын да білеміз. Дегенмен, осының бәрі тарих ретінде ғана қалып отыр. Бүгін біз сол тарих сабақтарын еске ала отырып, перспективада бейбітшілікті қамтамасыз етудің жолдарын қарастыруға тиіспіз», – деді М.А.Моратинос.

Экс-министрдің айтуынша, жаһандану дәуірінде бірегейлік сақталуы керек, дін мен сенім – бұлар бірегейлік элементі.

«Біз, саясат адамдары бейбітшілік мақсатында көп нәрседе жетістікке жеткен емеспіз.

Дегенмен, осыдан 5-10 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырсақ, қазір біршама оң тенденциялар баршылық. Дегенмен, осы бағыттағы жұмыс табандап қалмауы керек. Сол себепті мен Астанадағы конференция төтенше маңызды деп санаймын. Бұл форумның секцияларында түрлі идеялар ортаға салынды, қаперде болуы тиіс нақты ұсыныстар айтылды», – дей келе экс-министр съезд жұмысы бойынша бірқатар ұсыныстарын да алға тартты.

«Біріншіден, біздің барлығымыз бірауыздан бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық үшін жұмыс істеудеміз. Мен кешелі бері бүкіл әлемдегі бейбітшіліктің қамтылуына ұмтылатын пікірлерді, пайымдарды естіп отырмын.

Екіншіден, сөйлеушілердің барлығы, мейлі, олар католик, христиан, ислам дінін ұстанушылар болсын, терроризм мен экстремизмді сынап жатыр. Үшіншіден, дінді саяси мақсатта пайдалануды сынадық.

Төртіншіден, біз диалог принциптеріне, толеранттылыққа қатысты бірқатар қағидаттарды қолдап отырмыз.

Мақсатымызға жету жолында біз, мінеки, ең алдымен осы бағытты тереңдетуге тиіспіз», - деді Моратинос.


11.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2785586
* * *

ДІНДІ ЖАМЫЛЫП ЖАСАЛҒАН ӘРЕКЕТТЕРМЕН ИСЛАМҒА ҚАРСЫ СОҒЫС ЖҮРІП ЖАТЫР

АРАБ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ЛИГАСЫ


Діни ұстанымдарды теріс пайдаланудың сорақы фактілері белең алып барады.

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі аясындағы «Дін және саясат: жаңа ағымдар мен перспективалар» атты секция отырысында Араб мемлекеттері лигасының Халықаралық және өркениетаралық диалог жөніндегі департаментінің директоры Самиа Бибарс мәлім етті.

«Көптеген елдерде идеологиялық және саяси себептер үшін діннің бұрмаланып көрсетілуі нәтижесінде өшпенділік пен экстремизмге алып келуде. Яғни, осы елдерде экстремистер дінді жамылып өз әрекеттерін жасауда.

Бүгінде Ливия, Сирия және Иракта ислам дінін жамылып жасалып жатқан іс-қимылдар арқылы, шын мәнінде исламға қарсы соғыс жүріп жатқандығын байқап отырмыз.

Осы орайда діни ұстанымдарды теріс пайдаланудың сорақы фактілерін айқын көріп отырмыз», – деді С.Бибарс.

Бұл тұрғыда ол діни лидерлер өз ықпалын қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағыттауы тиіс екенін айта келе, «қазіргі уақытта экстремизммен күресу үшін саясаткерлер мен діни лидерлер өздерінің күш-жігерін біріктіруі қажет. Сондықтан да, әлемде дінаралық диалог ауқымды түрде талқылануы керек», – деді.


11.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2785609
* * *
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫ СЪЕЗІ ЖҰМЫСЫНА САЯСАТКЕРЛЕРДІ КЕҢІНЕН ТАРТУ ҚАЖЕТ

Ш.КЕЙСИ


Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі жұмысына саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлерді кеңінен тарту қажет.

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрі діндер көшбасшыларының 5-ші съезі аясындағы «Бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары арасындағы өзара құрмет пен түсінік негізіндегі сұхбат» атты сессияда АҚШ Мемлекеттік департаментінің басқарма басшысы Шон Кейси айтты.

«Үш жылдан кейін бас қосатын келесі жиынымызда біздің сұхбат алаңымызды кеңейте түсуді ұсынамын. Біз сұхбатымызға мемлекеттік органдардың өкілдерін барынша кеңінен тарту қажет», - деді ол.

Ш.Кейсидің атап өтуінше, әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне дін өкілдерінің саяси серіктестері де қатысып, қызу пікірталастарға араласқаны жөн.

«Яғни, үш жылдан кейінгі жүздесуіміз барысында съезд жұмысына мемлекеттік органдардың, саяси ұйымдардың өкілдері де белсене қатысатындығына үміт артамын. Олар біздермен кең ауқымды әрі жемісті сұхбат құруына тілектеспін», – деді американдық сарапшы.
11.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2785626
* * *
ЕЛБАСЫ ИОРДАНИЯ КОРОЛІМЕН КЕЗДЕСТІ
Елбасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысуға келген Иордания Королі II Абдалламен кездесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен II Абдалла екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін қарастырды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысы талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Иорданияның Қазақстанға жақын ел екеніне назар аударды.

«Сіздің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне қатысу үшін біздің елімізге келуіңіз зор мәнге ие. Біз сізбен әрдайым өзара сенімді қарым-қатынаста болдық. Қазақстан сіздің еліңізге үлкен құрметпен қарайды. Сіздің Иордания орналасқан өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отырғаныңызды атап өткім келеді. Сондықтан біз Сізді әрдайым қолдауға әзірміз», – деді Мемлекет басшысы.

II Абдалла екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

«Өзіңізбен кездесіп, ортақ күш-жігеріміз арқылы әлемнің бұдан да жайлы әрі тыныш болуына қалай ықпал ете алатындығымыз туралы Сізден кеңес алу мені әрдайым жылы әсерге бөлейді.

Мен көп жылдан бері өңірдегі бітімгершілік, халықтар мен діндерді жақындастыру жолындағы Сіздің қызметіңізге тәнті болып келемін», – деді Иордания Королі.


11.06.2015 ж.

http://bnews.kz/kk/news/post/271833
* * *
ДІНДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРҒА АЛЫП КЕЛМЕУІ КЕРЕК – ДАОСИЗМ ӨКІЛІ
Жер бетіндегі түрлі діндер арасындағы айырмашылық қақтығыстарға алып келмеуі керек.

Бұл жөнінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезінде Қытай даосистер қауымдастығы төрағасының орынбасары, Бүкілқытайлық халықтық-саяси консультация кеңесі комитетінің мүшесі Тан Чэнцин мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Даосизм – Қытайдың байырғы дәстүрлі діні. Даосизмде шегі жоқ ұлы Дао жолына табынады. Дао – жер мен көктің ұштасуы, барлық тірінің өмір сүру себебі және әлемдегі барлық дүниенің ережелері мен қағидалары.

Қытай даосизмінің көшбасшылары қоғам алдындағы өз жауапкершілігін әркез жадында ұстайды және осы бағыттағы түрлі шаралардың өткізілуіне белсенді түрде қатысады», – дейді даосизм өкілі.

Ол әлемдегі алуан түрлі бағытты ұстанатын діндер мен мәдениеттер бір-біріне кедергісіз өмір сүруі керек екенін айтты.

«Әлемдегі әр діннің өз кереметі бар, әр конфессияда ортақ сұлулық бар. Сондай-ақ түрлі діндер арасында көптеген аспектілер бойынша өте көп айырмашылықтардың да бар екенін мойындаймыз.

Алайда, бұл айырмашылықтар ешқандай келіспеушілік пен қақтығысқа алып келмеуі керек. Біз, дәл осы айырмашылықтар біздің әлемді түрлі етіп, сан алуан мәдениеттердің өмір сүруіне ықпал етіп жатқанын түсінуіміз керек.

Біз сонда ғана бір-бірімізді сыйлап, бейбіт әлемде өмір сүре аламыз.

Біз түрлі діндер, құндылықтар жүйесі және өмір сүру қалпы арасындағы өзара сыйластыққа қол жеткізу мүмкін екеніне сенеміз», – деп қорытты Тан Чэнцин.
11.06.2015 ж.

http://bnews.kz/kk/news/post/271817/

* * *
АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ ИСЛАМ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ АБДУЛАЗИЗ ОСМАН АТ-ТУЭЙДЖРИМЕН КЕЗДЕСТІ


Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры Абдулазиз Осман ат-Туэйджри Қазақстанға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезі аясында келген.

Ол Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына «Алматы ислам мәдениетінің астанасы» атты сертификатты табыстады.

Айта кетейік, 2015 жылдың ақпан айында Алматы қаласы «Ислам мәдениетінің астанасы» деп танылды. Оның аясында көптеген мәдени, тарихи-танымдық іс шаралар өтеді деп жоспарланған.
11.06.2015 ж.

http://kaztv.kaztrk.kz/kz/view/alemdik_dastyrli_dinder/page_88229_arystanbek-mukhamediuly-islam-uiymynyn-bas-direktory-a
* * *
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ V СЪЕЗІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Астанаға әлемнің әр түкпірінен жиналған дінбасылар ойларын бір арнаға тоғыстырып, «Астана» деклорациясын мақұлдады. Астанада 2003 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан дін көшбасшыларының съезінің өзіндік тарихы қалыптасып үлгерді. Рухани лидерлер ортаға тастаған ұсыныстар, салмақты ойлар, құнды пікірлер ұрпаққа аманат етуге болатын құндылық.

Сондықтан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің қорытынды отырысында Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында арнайы музей ұйымдастыруды ұсынды.

Бұл рухани орда съезд тарихынан сыр шертіп қана қоймай, діндер мен халықтардың достығын, бірлігін паш етпек. Шараның мәртебелі меймандары «Астана» деклорациясын құптады. Бұл құжатта дін көшбасшыларының ұсыныстары топтастырылған және ортақ ойлар көрініс тапқан.

Олар жер-жаһанда қақтығыстың, лаңкестіктің болмауын қалайды, әлемге солай деп үндеу тастайды. Бейбіт жолды таңдайды. Сол ниетпен көкке көгершіндер де жіберілді


11.06.2015 ж.

http://kaztv.kaztrk.kz/kz/view/alemdik_dastyrli_dinder/page_88226_alemdik-zhane-dastyrli-dinder-koshbasshylarynyn-v-sezi-

___________________________

ІІІ БӨЛІМ


Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет