Международный гуманитарно-технический



бет13/37
Дата22.06.2023
өлшемі2,73 Mb.
#179096
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
konspekt lektsiya-2021-2022

Бақылау сұрақтары

  1. Операциялық жүйелердің түрлерін ата?

  2. Операциялық жүйелердің айырмашылықтары мен ерекшеліктерін ата



Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
1.Искакова, К.А. Бағдарламалау технологиясы [Мәтін]: Оқу құралы / К.А. Искакова.- Алматы: Нур-Принт, 2018.- 216 б.
2.Кемельбекова, Ж. СИ бағдарламалау тілі [Мәтін]: Оқу құралы / Ж. Кемельбекова, Г. Абишова.- Шымкент, 2018.- 176б.
3. Медешова, А.Б. Бағдарламалау [Мәтін]: Оқу құралы / А.Б. Медешова, Ғ.Г. Мұхамбетова.- Алматы: Бастау, 2017.- 368б.
4. Стауструп Б. Программалау 1-том. СС++ тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі. Оқулық-Алм, 2016-688, (ҚР БЖҒМ «Оқулық» орталығы бекіткен)
Қосымша әдебиеттер
1. Жүнісбеков, Ж.С. Программалау есептерін шығару практикумы Шымкент -2018ж
2. Балғанова, М.С. Программалау есептерін шығару практикумы Шымкент-2018
Лекция 5. Компьютердің бағдарламалық құралдары


Жоспары:. Бағдарламалаудың интеграцияланған жүйелері.


Адам-оператор мен компьютерлік жүйе арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын пайдаланушылық интерфейстерді жобалау.


Соңғы жылдары адам-компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аяқталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану принциптерін негіздеуге мүмкіндік береді. Мысалға, интерактивті Web-қосымшаларды жобалауда, жасаушыларға бірнеше интерфейстерді таңдауға тура келеді:
- пайдаланушының клиенттік бағдарламамен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;
- клиенттік машинамен сервер машина арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейспен;
- сервердің шеттік бағдарламамен немесе басқа сервермен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі; Мысалға, WEB-қосымшаны құрған кезде, бірінші интерфейс WUI (Web user interface) компонентін таңдау және негіздеумен іске асырылады. Ал екіншісі серверге сұраныс жіберу әдісін таңдаумен, үшіншісі CGI-ді (Common Gateway interface) пайдаланумен немесе SQL-сұраныстарды қолданумен іске асырылады.
Компьютерлік жүйелер интерфейсі түсініктемесінің бірнеше анықтамасы бар, солардың бірнешеуін айтайық. Қатынас интерфейсі қандайда бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭЕМ арасында сенімді қатынасты қамтамассыз ететін, аппаратты-бағдарламалық, ақпаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу протоколдарының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-ң кез келген периферийлік құрылғысының әр түрлі мінездемелер жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында және орталық процессор арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Олар электрлік және уақыттық параметрлер, басқару сигналдар жинағы, деректер алмасу протоколы және қосылудың конструктивті артықшылықтары. Осылайша, қосымшамен жұмыс істеп отырған пайдаланушы немен түйіседі, ол оның интерфейсі. Ойланбай жасалған интерфейс оның артықшылықтарын жоққа шығаруы мүмкін. Айтылғандардың барлығы локальді қосымшалар мен пайдаланушының тораптағы жұмысын қамтамассыз ететін қосымшаларға да қатысты. Интерфейс проблемасының маңыздылығы жөнінде келесі фактілерді айтуға болады. Американың Ұлттық Стандарттар Институтында (ANSI) осы бағыт бойынша арнайы кеңесшілер тобы – Адам–Компьютер интерфейсінің стандарттары бойынша комитеті (The Human-Computer Interface Standard Committee) бар. Мұндай ұйымдар тек АҚШ-та ғана емес, басқа да елдерде де бар. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін Халықаралық зерттеу топтары да бар, мысалы, телеграфия мен телефония бойынша халықаралық кеңес беру комитет (International Telegraph and Telephone Consultation Committee). Олар өз кезегінде интерфейстің интерактивті элементтерінің ерекшеліктерін зерттейді. Осы ұйымдардың немесе жұмыс тобының көбісімен кезінде пайдаланушылық интерфейстер стандарттары бойынша құжаттарының жобалары дайындалған және оларды жобалау мен іске асыру принциптері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет