Международный универс



бет1/29
Дата11.04.2024
өлшемі343 Kb.
#200745
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Программа КЭ Биология каз





АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




МЕЖДУНАРОДНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ АСТАНА




«БЕКІТЕМІН»
Бірінші вице-президент
____________ А.Б. Мырзагалиева « » 20___ ж.
КЕШЕНДІ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ


6В01502 Биология
шифр, ББ атауы
білім беру бағдарламасының студенттері үшін

оқыту нысаны іштей


Астана, 20____


Кешенді емтихан бағдарламасы «Өсімдіктер систематикасы», «Өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясы», «Өсімдіктер физиологиясы», «Жасуша биологиясы», «Омыртқасыздар зоологиясы»», «Омыртқалылар зоологиясы», «Биологияны оқыту әдістемесі» пәндерінің оқу бағдарламалары негізінде әзірленді.


Құрастырғандар:


___________________ ЖҒЖМ доценті, б.ғ.к. Адамжанова Ж.А.


___________________ ЖҒЖМ доценті, б.ғ.д. Нурушев М.Ж.
___________________ ЖҒЖМ доценті, б.ғ.к. Сатыбалдиева Г.К.
___________________ аға оқытушы, PhD Жумагул М.Ж.
___________________ аға оқытушы, магистр Такирова М.Б.
___________________оқытушы, магистр Тустубаева Ш.Т.
___________________ доцент, а.-ш.ғ.к. Джаксылыкова А.К.
___________________ оқытушы, магистр Ниязбек А.С.
Бағдарлама ЖҒЖМ кеңесінде қаралды және №___ хаттама « » 20 ж. мақұлданды.
ЖҒЖМ деканы _______________ Сейткан А.С., т.ғ.к., PhD
1. Жалпы ережелер
Қорытынды аттестаттау бітіру курсында өткізіледі және білім алушылардың МЖМБС сәйкес ББ көзделген оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің және оқу қызметінің өзге де түрлерінің көлемін игеру дәрежесін айқындауға бағытталған.
Бакалавриат бағдарламалары бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың МЖМБС талаптарына сәйкес оқытудың теориялық курсы мен кәсіптік практиканың қажетті көлемін игеруі болып табылады.
Қорытынды аттестаттау 12 академиялық кредитті құрайды және дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе кешенді емтиханды дайындау және тапсыру нысанында өткізіледі.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу білім алушылардың тізімдік құрамы бойынша жоғары мектеп деканының өкімімен қорытынды аттестаттау басталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын ресімделеді және аттестаттау комиссиясына (бұдан әрі – «АК») ұсынылады.
Белгіленген мерзімнен кейін білім алушыларды мемлекеттік аттестаттауға жіберу туралы қосымша өкімдер шығаруға жол берілмейді.
Кешенді емтихан ауызша өткізіледі.
Университетте білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу үшін АК құрылады, олар төрағадан, комиссия мүшелерінен және техникалық хатшыдан тұрады.
Билеттері бар конвертті емтихан басталар алдында АК төрағасы немесе төрағасының орынбасары білім алушылар мен АК мүшелерінің қатысуымен ашады.
Емтихан аяқталғаннан кейін билеттер жарамсыз болып саналады және АСБ-ге қайтарылады. Кешенді емтихан тапсыру кезінде аудиторияда оннан аспайтын білім алушылардың болуына жол беріледі.
Әрбір білім алушы емтихан билетін ерікті түрде алу арқылы бір рет өз бетінше таңдайды. Билет нөмірін АК хатшысы тиісті хаттамада тіркейді. Емтихан билетіне жауап беруге дайындалуға білім алушыға 20 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Дайындық кезінде білім алушы кешенді емтихан бағдарламасын, сондай-ақ АК рұқсатымен анықтамалық әдебиеттерді пайдалануға құқылы.
Қорытынды аттестатталатын білім алушылар мен тұлғаларға аттестаттау сынақтарын өткізу кезінде өзімен бірге байланыс құралдарын алып жүруге және пайдалануға тыйым салынады. Жауапқа дайындық кезінде өзге ақпараттық материалдарды, оның ішінде электрондық құрылғылар арқылы пайдаланатын білім алушылар кешенді емтиханнан шығарылады. Хаттамада «Студент кешенді емтиханды бағамен тапсырғанын мойындау» деген сөздерден кейін «Қанағаттанарлықсыз. Студент кешенді емтиханнан көшіргені үшін шығарылды» деген жазба енгізіледі.
Білім алушының жауабы аяқталғаннан кейін АК төрағасы мен мүшелері қосымша сұрақтар қоя алады. Техникалық хатшы хаттамаға билет сұрақтарын, комиссия мүшелерінің қосымша сұрақтарын, сондай-ақ АК ұсынымдарын енгізеді.
Аттестаттау қорытындылары бойынша бағалау туралы, сондай-ақ жоғары білім туралы дәреже беру және диплом беру туралы шешімдерді АК жабық отырыста отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Дауыс саны тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Егер АК бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірімен сәйкес келмесе, ол хаттамаға өз пікірін жазады және жеке өзі қол қояды.
Хаттамаларға отырысқа қатысқан АК төрағасы мен мүшелері қол қояды.
Ауызша өткізілетін аттестаттау сынағының нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.
Қорытынды аттестаттау нәтижелерімен келіспеген білім алушы апелляцияға емтихан өткізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Апелляцияны өткізу үшін университет президентінің бұйрығымен АК құрамына қатыспайтын және біліктілігі ББ бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляция апелляциялық комиссияның отырысында апелляция берілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей қаралады, оған апелляцияға өтініш берген АК төрағасы мен білім алушы шақырылады.
Кешенді емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляцияны қарау кезінде апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін шығарады:
- апелляцияны қабылдамау және кешенді емтихан нәтижесін сақтау туралы;
- апелляцияны қанағаттандыру және кешенді емтиханның басқа нәтижесін ұсыну туралы.
Апелляциялық комиссияның шешімі кешенді емтиханның бұрын қойылған нәтижесін жою және жаңасын ұсыну үшін негіз болып табылады.
Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша «FX» немесе «F» сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған білім алушы президенттің бұйрығымен «ББ талаптарын орындамаған» және «диплом жұмысын (жобасын) қорғамаған» немесе «кешенді емтихан тапсырмаған» ретінде университеттен шығарылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет