Мүктәрізділер бөлімі немесе Бриофиттер (Bryophyta)
Мүктәрізділер бөлімінің жалпы сипаттамасы. Мүктәрізділердің жіктелуі. Морфологиялық және анатомиялық құрылысы, көбеюі, өсу экологиясы. Мүктәрізділердің әртүрлілігі: Кәдімгі маршанция (Marchantia polymorpha), Көкек зығыры (Polytrichum commune), Сфагнум (Sphagnum).
Жабық тұқымдылар бөлімі (Magnoliophyta)
Жабық тұқымдылар бөлімінің жалпы сипаттамасы. Стролобилярлық теориясы. Жабық тұқымдылар бөлімінің қысқаша тарихы. Жабық тұқымдылардың жіктелуі. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер. Жабық тұқымдылармен жалаңаш тұқымдылар бөлімдерінің айырмашылығы.
Раушангүлділер тұқымдасы. (Rosaceae)
Раушангүлділер тұқымдасының жалпы сипаттамасы. Раушангүлділер тұқымдасының тұқымдас тармақтары. Морфологиялық сипаттамасы. ҚР аумағында өсетін өкілдері және тұқымдастың халық шаруашылығындағы маңызы.
Алқа тұқымдасы (Solanaceae)
Алқа тұқымдасының жалпы сипаттамасы. Тұқымдасқа жататын түрлердің жіктелуі. Тұқымдастың морфологиялық ерекшеліктері. ҚР аумағында өсетін өкілдері және тұқымдастың халық шаруашылығындағы маңызы.
Күрделігүлділер тұқымдасы (Compоsitae немесе Asterаceae)
Күрделігүлділер тұқымдасының жалпы сипаттамасы.. Түтікше тәрізділер тұқымдас тармағы. Тілшегүлділер тұқымдас тармағы. Морфологиялық ерекшеліктері. Географиялы таралуы, Қазақстан флорасының басты өкілдері, адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы.
Крестгүлділер тұқымдасы (Brassicаceae)
Крестгүлділер тұқымдасының жалпы сипаттамасы. Крестгүлділер тұқымдасының тұқымдас тармақтары. Морфологиялық сипаттамасы. ҚР аумағында өсетін өкілдері және тұқымдастың халық шаруашылығындағы
3.3 «Өсімдіктер физиологиясы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Метаболизм және ондағы ферменттердің рөлі
Анаболизм және катаболизм. Экзергоникалық және эндергоникалық реакциялар туралы түсінік. Ферменттердің химиялық табиғаты. Ферменттердің каталитикалық әсер ету механизмі. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің активаторлары мен ингибиторлары. Ферменттердің жіктелуі. Ферменттердің алты класының әрқайсысының қысқаша сипаттамасы. АТФ қалыптастыру және пайдалану жолдары. Ферменттік жүйелер туралы түсінік, органеллалардың функционалды мамандануы: ядролар, хлоропластар, митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |