Международный универстет астана


Тақырып: Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері



бет32/57
Дата10.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#131332
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
Байланысты:
umkd-sillabus kaz oit

Тақырып: Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері
Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктерін зерделеу.
Тапсырма:
1 Модульдік оқыту технологиясының мәнін талдау
2 Модульдік оқыту технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау
Қысқаша теориялық мәліметтер
Оқытудың модульдік технологиясы - бұл кәсіби қызметтің функционалдық бірліктерін жоспарлы-кезеңмен меңгеру негізінде білім алушылардың дербестігін жоғары деңгейде сақтай отырып оқу үдерісін ұйымдастыру мен басқару формалары мен тәсілдерінің жиынтығын білдіретін дидактикалық жүйе.
Модульдік технологиясы оқушылардың оқу мотивациясын күшейтіп, шығармашылық ізденістерге жетелейді, бұл технология жеке оқушының білім сапасын анықтауға бағытталады. Оқушыға берілетін білімді алдын-ала модульге бөліп алып, үйрету өзінің тиімді нәтижесін береді. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай АҚШ, Германия, Англия сияқты елдердің оқу үдерісіне еніп, қолданыла бастады. Білім алушының мүмкіндігіне қарай модульдік оқытуда мәтіннің мазмұны бөліктерге бөліп беріледі. Демек, модуль – іріленген мазмұнды дидатикалық бірлік деп саналады.
Энциклопедиялық сөздіктерде модуль (лат.) «өлшем», «шама», «мөлшер» деген ұғымды білдіреді деп көрсетілген. Ғалымдар мен зерттеушілердің (Г.Қ.Нұрғалиева, А.А.Гучинский, Г.С.Кудебаева, Ю.У.Байсалов, Ю.К.Балашов, Н.Д.Никандров, т.б.) пікірлерін, анықтамаларын сараптай келе, модульдің өзіндік ерекшелігін төмендегідей түйіндеуімізге болады. Атап айтқанда, модуль арқылы білім алушылардың өздік ізденісіне жол ашылады, олар әр бөліктер бойынша ойланады, қосымша материалды пайдаланады, тұжырым, қорытынды жасайды. Бөлінген мәтіндермен жұмыс жасай отырып, оларды толықтырады, қысқартады, мазмұнға сай өзгертулер жасайды. Сөйтіп, олар оқу материалының дербес бөлік екеніне көз жеткізіп, дәстүрлі оқыту мен модуль арқылы оқытудың ерекшеліктерін танып біледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет