Международный универстет астана


Педагогикалық технологиялардың жіктелуі



бет15/57
Дата10.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#131332
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Байланысты:
umkd-sillabus kaz oit

2 Педагогикалық технологиялардың жіктелуі
Педагогикалық технологиялардың жіктеулері (классификациялары) олардың көп түрлілігі мен көптеген аспектілерін, сонымен қатар «педагогикалық технология» түсінігіне авторлардың сан алуан анықтама беруін көрсетеді. Педагогикалық технологиялардың жіктеулері Г.К.Селевконың еңбектерінде толықтай келтірілген, дегенмен автордың технология ретінде барлық педагогикалық жүйелерді қарастырған әрекеттері айтарлықтай даулы. Сонымен қатар қолда бар технологиялардың кез келген жіктеулері айтарлықтай шартты болып табылады, себебі таңдалған негіздемелерге байланысты әр түрлі жіктерге жатқызуға болады.

  1. Қолдану деңгейі бойынша:

  • жалпы педагогикалық;

  • жеке әдістемелік;

  • локальдық (модульдік) технологиялар.

  1. Философиялық негіз бойынша:

  • материалистік және идеалистік;

  • диалектикалық және метафизикалық;

  • ғылыми және діни;

  • гуманистік және антигуманистік.

  1. Психологиялық дамуының алғашқы факторлары бойынша:

  • биогендік;

  • социогендік;

  • психодендік;

  • идеалистік.

  1. Тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша:

  • ассоциативті-рефлекторлық;

  • интериоризаторлық;

  • дамытушылық.

  1. Тұлғалық құрылымға бағытталуы бойынша:

  • ақпараттық (пән бойынша білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру);

  • операциондық;

  • эмоционалды-көркемдік және эмоционалды-адамгершілік;

  • өзін-өзі дамыту технологиясы;

  • эвристикалық (шығармашылық қабілетін дамыту);

  • қолданбалы.

  1. Құрылымы және мазмұны бойынша:

  • оқыту және тәрбиелеу;

  • діни;

  • жалпы білім беру және кәсіптік-бағдар;

  • технологиялық және комплекстік.

  1. Таным әрекетін басқару және ұйымдастыру бойынша:

  • классикалық-дәрістік;

  • оқытудың техникалық құралдарының көмегімен оқыту;

  • кітап бойынша оқыту;

  • «кенесші» жүйесі;

  • «репетитор» жүйесі.

  1. Балаға жақындауы бойынша:

  • әмірлік;

  • ынтымақтастық технологиясы;

  • тұлғалы-бағыттық.

  1. Әдістердің артықшылығы бойынша:

  • бағдарламалық оқыту;

  • түсіндірмелі-көрнекілік;

  • дамыта оқыту;

  • ойындық;

  • проблемалық іздденушілік.

  1. Дәстүрлі жүйеде модернизация бойынша:

  • балалар әрекетін белсендіру негізінде (В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары негізінде оқыту технологиясы, Е.И.Пассованың коммуникативтік оқытуы және т.б.);

  • Педагогикалық технологияны ұйымдастырудың және басқарудың тиімділігі негізінде (В.В.Фирсов, Н.П.Тузикттің дифференциалды оқыту технологиясы, А.С.Границкая, Унт және т.б. оқытудың жеке технологиясы);

  • Педагогикалық технология оқу материалын дидактикалық қайта құру және жетілдіру негізінде (М.В.Воловичтің ақыл-ой әрекетттін қалыптасттыру теориясын жүзеге асыру технологиясы);

  • Альтернативтік (Р.Штейнердің вольдорфық педагогикасы, С.Френстің еркін еңбек технологиясы);

  • Авторлық мектептер жүйесіндегі технологиялар: А.Н.Тубельский «Школа самоуправления», И.Ф.Гончаров «Русская школа», М.Балабан «Школа-парк»;

  • Қарым-қатынас гуманизациясы және демократизациясы негізінде (Я.А.Коменскийдің дәстүрлі класс-сабақ жүйесі).

  1. Оқушылардың категориясы бойынша:

  • массалық технология;

  • қиын балалармен жұмыс технологиясы;

  • дарындылармен жұмыс технологиясы;

  • орнын толтыру (компенсирующая).

Бұлардың ішінде ең көп тарағаны қазіргі заманғы оқыту технологияларының барлығын олардың мақсатты бағыттарына қарай екі үлкен топқа бөлу болып табылады. Олар: пәндік-бағдарлық технологиялар және жеке-бағдарлық технологиялар.
Жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар – әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру, оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.

1

1.3. ДӘРІС 3: ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
1 Дамыта оқыту технологиясының мәні
2 Оқытудың дамыту технологиясын қолданудағы жұмыстардың негізгі бағыттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет