Международный универстет астана


Дәріс сабағының қысқаша мазмұны



бет38/57
Дата10.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#131332
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
Байланысты:
umkd-sillabus kaz oit

Дәріс сабағының қысқаша мазмұны:
1 Проблемалық оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы
Проблема (грек тіліндеp roblema-есеп, тапсырма) – бұлдайын жауабы жоқ, сондықтан оқу және зерттеуді талапететін теориялық және практикалық сұрақ болып табылады.
Проблемалық оқыту технологиясының негізгі айырмашылығы оқушының дайын мәліметтерді қолданудан сол мәселелерді қажет ететін, ізденуші адамға айналуында.
Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б. ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.
Оқытушы проблемалық мәселені қою арқылы оқытушыларды проблемалық жағдайға алып келеді. Бұл жерде бұрынғы меңгерілген білім мен жаңадан пайда болған мәселе арасында қарама-қайшылық пайда болады да, оқушы оқытушының көмегімен осы мәселеге байланысты пайда болатын құбылыс немесе процеске талдау жасау арқылы оны түсінуге, игеруге тырысады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау қабілетінің белсенділігші артады. Сондықтан да проблемелы оқытудың дүниетанымдық маңызы зор. Өйткені, ол құбылыстар мен процестердің бір-бірімен байланысын көре білуге үйретеді, жеке тұлғада диалектикалық ойлау қабілетінің қалыптасуына әсер етеді. Солай дегенмен де, проблемалы оқыту білім беру мен тәрбиелеудің барлық мәселелерін шешіп бере алмайды. Оқу жүйесінде білім беру мен тәрбиелеудің әр түрлі әдістері мен қалыптары болуға тиіс. Проблемелы оқыту әдісін біртұтас дамыта оқыту жүйесінің қажетті бір бөлімі есебінде қарастырған жөн және оны проблемалық жағдайды жасаудың әр түрлі арнайы әдістері мен тәсілдерін кең қолдана отырып, сонымен бірге оқушылардың есте сақтағыштық, шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып дамыту қажет.
Проблемалы оқытудың теориялық мәселелерін М.И.Махмудов, А.М.Матюшкин, И.Я.Лернер, Ю.Н.Бабанский және т.б. ауқымды зерттеген еді. Проблемалы оқытуға арнап жазылған жұмыстардың саны біршама баршылық. Бірақ, соңғы кезде, елімізде бұл әдісті оқу процесінде қолданудың жағдайы қанағаттарлықтай болмай отыр. Бұған негізгі себептердің бірі әдебиетте проблемалы оқыту жайында біртұтас оң пікірдің болмауында және оның мән жайын жақсы білетін оқытушылардың аздығында.
Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтап алға басқан кезеңінде проблемалы оқытуды игеріп, оқу-тәрбие жұмыстарында қолданбаса болмайды. Проблемалы оқытуды игеруге бағышталған біз ұйымдастырған ізденіс жұмыстары проблемалы оқыту сабағының дәстүрлі аралас сабаққа қарағанда біршама артықшылықтары барлығына көз жеткізеді.
Проблемалық оқыту технологиясына көптеген ғалымдар әр түрлі анықтама береді. В.Оконь проблемалық оқыту «Проблемалық жағдай тудыру, проблема көтеру, қойылған мәселелерді шешуде оқушыларға қажетті көмек көрсету, ол шешімдердің дұрыстығын оқушылардың дәлелдеуі, оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелендіру және бекіту үрдісіне басшылық жасау сияқты іс-әрекеттердің жиынтығы» деп есептесе, Д.В.Вилькеев ғылыми ізденуге негізделген оқыту проблемалық оқыту бола алады деп есептейді. Ғалым И.Я.Лернер проблемалық оқытуды қарастыра отырып, проблемалық оқытудың маңызы «Оқушы оқытушы жетекшілігімен жаңа танымдық және тәжірибелік мәселелердің шешімін табуға қатысыуында»,- деген ой түйіндейді. В.Кудрявцев бойынша, проблемалық оқыту дегеніміз теориялық зерттеулер нәтижесін тәжірибеде қолдану және талдау.
Проблемалық оқытудың негізі – проблемалық жағдай туғызу.
Проблемалық жағдай бұл танымдық немесе практикалық есептің шешуін бірден табуға бөгет болатын анық немесе анық емес интеллектуалды қиындықты түсінген субъектінің психологиялық жағдайы. Пайда болған қиындықтан шығу үшін жаңа білім немесе жаңа әрекет тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Проблемалық жағдайдапайда болған жаңа білімге деген субъективтік қажеттілік жеке тұлғада, оқуға деген танымдық белсенділігін тудырады.
Проблемалық жағдайдың бірнеше түр ібар. Бірінші түрінде оқушылар проблеманы шешуге қажетті білім жүйесін таңдауда оның көптігінен қателікке ұрынады. Екінші түрінде білімнің жеткіліксіздігінен проблеманы шешудің мүмкіндігі жоқ екендігін сезінеді. Проблемалық жағдайдың үшінші түрінде оқушы білімді практикамен ұштастыруға кезігеді. Төртінші түрінде теориялық білімнің жетіспеушілігінен практикалық қарама – қайшылыққа тапболады. Сабақ өту барысында әртүрлі проблемалық жағдайлар тууы мүмкін. Мәселен, оқытушы тақырыптың өзінен–ақ сұрақ-жауап алу арқылы оқушыларды қызықтыра түсе алады. Проблемалық жағдайда тақырып мазмұнын түсіндіріп тұрғандада жасауға болады. Проблемалық оқыту айрықша құрылымға ие. Оның ең бастысы – оқушының проблемасын шешуде оқытушының басшылығымен немесе өзбетінше жұмысын жасауы болыпта былады.
П.И.Пидкасистый проблемалық жағдай туғызу мен оны шешудің бес кезеңен былай деп көрсетеді:
1. Проблемалық жағдай туғызу.
2. Проблеманы шешу жолдарын іздестіру және оған өз ой тұжырымын беру.
3. Қиындық тудырған мәселеге талдау жасау, себебін іздестіру және оны шешудің ғылыми болжамын беру.
4. Білімін жетілдіру арқылы берген ғылыми болжамын дәлелдеу.
5. Проблемалық жағдайды толық шешу, оған көз жеткізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет