Международный универстет астана


ДӘРІС 10: КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет44/57
Дата10.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#131332
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Байланысты:
umkd-sillabus kaz oit

2.4. ДӘРІС 10: КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1 Компьютерлік оқыту технологиясының даму тарихы
2 Компьютерлік технологиялардың дидактикалық мүмкіншіліктері
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны:
1 Компьютерлік оқыту технологиясының даму тарихы
Білім берудің ақпараттандыру үдерісі кәсіптік білім беру оқытушыларына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Оқытудың компьютерлік технологиясы - бұл компьютердің көмегімен, жүзеге асырылатын, оқушыларға қажетті ақпаратты дайындау процесі.
Компьютер теориясының пайда болуын американдық ғалым К.Шеннонның 1948 жылы «Байланыстың математикалық теориясы» атты іргелі еңбегінің жарыққа шығуымен байланыстырады. Дегенмен, компьютер теориясына оның жігін бұзбай, басқа да ғалымдардың еңбектерінде алынған нәтижелер енді. Мысалы, 1928 жылы ең алғаш ақпараттың сан өлшемін ұсынған Р.Хартлидің, 1946 жылы бөгеуілді ортада сигналдарды қабылдаудың тиімді әдістерін ұсынған академик В.А.Котельниковтың, компьютер теориясынын математикалық негізі болып табылатын тербелістердің статистикалық теориясына үлкен үлес қосқан академик А.Н.Колмогоровтың нәтижелері кірді.
Келесі жылдарда компьютер теориясы шетел ғалымдарының В.Макмилланың, А.Файнстейннің, Д.Габордың, Р.М.Фаноның, Ф.М.Вудвордтың, С.Гольдманның және т.б., кеңес ғалымдарының А.Н.Колмогоровтың, В.И.Сифоровтың, Р.Л.Добрушиннің және т.б. еңбектеріңде әрі қарай дами түсті.
Бүгінгі күні республика көлемінде білім беруді ақпараттандыру мәселесімен айналысып жатқан бірқатар ғалымдардың ғылыми мектептері бар. Олар:

  • Профессор Б.Б.Баймұхановтың еңбектерінде оқыту үрдісінде компьютерлік технологияларды еңгізу мәселелері қарастырылды, осының негізінде оқыту үрдісінде әртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың әдістемесі жасалған;

  • Профессор Е.Ы.Бидайбековтың еңбектерінде студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға әдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және информатик мамандарды дайындау мәселелерімен айналысқан;

  • Профессор Ж.А.Қараевтың еңбектерінде ақпараттық-қатынастық технологияны жалпы орта мектептің оқу үрдісінде пайдалану, орта және жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту мәселелері қарастырылған;

  • Профессор Г.Қ.Нұрғалиеваның еңбектерінде білім беруді ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды дайындаудың педагогикалық негіздері мен түрлері оқыту мақсатындағы бағдарламалық құралдарды жасау мәселелері қарастырылған. Білімді ақпараттандырудың педагогикалық тұжырымдамасын Д.М.Жүсіпалиева, Ш.Т.Абишева, Ш.Х.Құрманалина, Г.Б.Ахметова және т.б. өз еңбектерінде анықтаған.

Б.Баймұханов, Б.Д.Сыдықов өздерінің «Компьютерлік оқу әдістемелік кешенді құрудың негізгі дидактикалық принциптері» деп аталатын еңбектерінде былай дейді: заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім берудегі дараландыру проблемаларын шешуде жаңа мүмкіндіктер ашады.
Н.Е.Исабек зерттеу жұмысында студенттерді компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау жүйесін жасау және оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындаған.
Осы ғылыми еңбектердің ішінде орта мектептерде компьютерлік технологияны қолдану және электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы білім сапасын, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелеріне байланысты бірқатар еңбектерге тоқталайық.
Ж.Қараевтың пікірінше, орта мектептерде оқыту үрдісінде компьютерді пайдаланғанда түрлі-түсті реңдегі кестелерді, диаграммаларды, қозғалыстағы денелерді сипаттауға, үрдісті имитациялауға, тіпті оның ағымын математикалық модельдеу арқылы дәл әрі көрнекі сипаттауға болады. Демек, компьютерді пайдаланып, оқытудың мазмұнын анықтауға, дәстүрлі техникалық құралдардың шамасы келе бермейтін кейбір нәтижелерге жетуге болады.
Э.А.Абдыкаримова «Компьютерлік моделдеудің негізінде мектеп физикасын оқытудың әдістемесі» атты кандидаттық диссертация жұмысында компьютерлік модельдеудің алатын орны мен рөлін анықтап, «Атомдық физика» және «Атом ядросының физикасы» тарауларындағы құбылыстар мен үрдістердің компьютерлік модельдерін жасаған.
Р.Б.Бекмолдаева жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын компьютерлік технологияны қолданып оқыту арқылы оқушыларды математикалық анализдің ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен, біліктермен, дағдылармен қаруландыру жүзеге асатынын дәлелдеген.
Р.С.Шуақбаева «Жоғары сынып оқушыларын көпжақтарға берілген есептерді компьютер көмегімен шығаруға үйрету әдістемесі» атты диссертациялық жұмысында егер көпжақтарға берілген есептерді шығаруға үйрету барысында компьютердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістемесі жасалынса, онда оқушыларды есептер шығаруға үйретудің сапасы артады, өйткені, бұл жағдайда оқушылардың кеңістікті елестету қабілеттері мен дағдысы қалыптасып, көпжақтар элементтерінің арасындағы байланыстарды өз дәрежесінде сапалы игеретінін анықтады.
Б.Т.Абыканова «Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары» атты диссертациялық жұмысында егер оқушылардың танымдық іс-әрекетіне компьютерлік технологияның педагогикалық мүкіндіктері тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық белсенділігі артып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамитынын, сөйтіп білім сапасының артатынын анықтаған.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен мүмкіншіліктерді ашады. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет