Международный универстет астана


Кәсіби оқытуда кейс-технологиясын қолдану әдістемесі



бет43/57
Дата10.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#131332
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Байланысты:
umkd-sillabus kaz oit

2 Кәсіби оқытуда кейс-технологиясын қолдану әдістемесі
Кейс-әдістемесін қолданып жүргізілген оқу үдерісі ауқымды үдеріс болып табылады. Оны алгоритмдеу қиын болады. Жағдайды талдауға арналған сабақтар әр түрлі өтеді, сонымен қоса әр сабақта оқытушының да атқаратын рөлі өзгеріп отырады.
Сабақта кейс-әдісін қолдану алгоритімін екі негізгі кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең- даярлау, оның құрамы:
- оқушыларды кейстің мәтінімен таныстыру;
- кейсті талқылауды ұйымдастыру, пікір талас.
Екінші кезең – талдау, ол үш бөліктен құралады:
- пікір таласты басқару;
- пікір таласқа қатысушыларды бағалалау;
- пікір таластың қорытындысын шығару.
Оқу үдерісіне кейс-әдісін енгізу оқушыларды кейс мәтінімен танысуынан басталады (2-3 күн бұрын). Дайындыққа бөлінген уақыты кейстің көлемімен күрделігіне қарай анықталады. Егерде көлемі шағын болса оқу үдерісі кезінде ұсынылып, оқушыларға таныстырылады. Бұл жағдайда ең маңыздысы кейстің негізінде жататын теориялық курс мазмұны оқушылар тарапынан оқылып және талданылған болу қажет.
Кейстің мәтінімен таныстырылғаннан соң «Кейсті талқылау мен пікір таласты ұйымдастыру» кезеңі болады. Пікір таласты ұйымдастыру келесі жағдайларды қарастырады:
1.оқушылардың алдыңда оқу сұрағын тұжырымдау;
2. оқушылардың зейінің кейсті талқылауға акценттеу;
3.Оларды пікір таласқа тарту.
Осы кезде кейс сұрақтары алдың ала дайындалып, кейстің өзімен бірге ұсынылады. Сабақ басында оқытушы кейстің тиісті мазмұнының анықтайды, оқушыларды кейс сұрақтарымен таныстырады.
Кейс-әдісін пайдаланып сабақ өткізудің екінші кезеңі үш фазадан тұрады, оның біріншісі пікір таласты басқару.
Пікір таласты басқару қарастырады:
1. Пікір таласқа қатыспай тыс қалушыларды ынталандыру, пікір таласқа тарту;
2.Әсіре белсенді қызу қатысушыларды ұстамдылыққа шақыру.
Басқарудың тұлғалық қырынан басқа, оның проблемалық қырын жеке бөліп шығаруға болады, ол жеке мәселелерді айқындау және оған пікір таласқа қатысушылардың зейінің аудару.
Оқытушының басқару әрекетінің маңызды қырының бірі – ол қатысушылардың көңіл күйлерін басқару. Бұл жердегі басты мақсат қатысушылардың эмоцияналды талқылауын демдеу, сомен қатар конфликтті болдырмау.
Пікір таластың нәтижесін шығару міндетті түрде оқытушымен жүргізіледі, сабақ соңында ол қатысушылар пікір талас барысында қандай шешімге келгенін, мақсатқа жеткені туралы хабарлайды.
Кейс-әдісін оқу үдерісіне қолдануда оқытушының рөлі кейс тақырыбының күрделілігіне қарай өзгереді.
Сабақта кейс-әдісін қолдану кезінде оқытушының іс-әрекеті екі фазадан құралады:
Біріншісі: ол оқытушының күрделі шығармашылық іс-әрекетті, кейстің өзін, оны талдауға арналған сұрақтарды жасауға бағытталған. Бұл аудиториядан тыс жүзеге асырылады және өзіне оқытушының ғылыми-зерттеушілік әдістемелік және құрастырушылық іс-әрекеттерін енгізеді
Екіншісі: оқытушының аудиториядағы іс-әрекеті, онда ол кіріспе және қорытынды сөзбен шығып, шағын топтарды және пікір таласты ұйымдастырады, аудиторияда іскерлік жағдайды демдеп, жағдайларды талдауға оқушылардың қосқан үлесін бағалайды. Бұл кезеңде кейбір күрделі мәселе орын алуы мүмкін, атап айтқанда әсіре белсенді қатысушыларды кідірту мен белсендігі төмен оқушыларды пікір таласқа ынтыландыру.
Кейс-әдісін оқу үдерісіне қолдануда төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;
- шығармашылық қабілетін дамыту;
- креативті ойлау қабілетін жетілдіру;
- қарым-қатынастық қабілеттерін дамыту;
- оқытылатын пәнге қызығушылығын арттыру.
Кейс әдісі оқушылармен қарым-қатынас жасау тәжірибесі, ол тапсырмалар жүйесі арқылы оқушылардың эмоционалдық күйзелісіне әсер етіп, оны позитивті күйге бағыттайды. Психологиялық қолайлы орта, дидактикалық жағдай жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі, ол тұлғалық өзгерістер динамикасына, оқушылардың тұлғалық құрылымында жаңа өзгерістер болуына әсер етеді, осының бәрі тұлғалық құзыреттілікті анықтайды.



2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет