Компьютерлік ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық - педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды іске асырудың жүйелі
ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
мұғалімдердің компьютерлік технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін компьютерлік технологияларды пайдалануға үйрету;
мектептің материалдық–техникалық базасын нығайту.
Оқу үрдісінде компьютерді оқып - үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі компьютерлік технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, компьютерлік технологилар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында компьютерлік технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Ғылыми педагогикалық - психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде компьютерлік технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді компьютерлік білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар құрайды. Енді оқытудың компьютерлік технологияларының мәнін ашып көрсетейік.
1) Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Компьютерлік сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерді білуді көздейді.
2) Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпаратттық - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады.
3) Моделдеу. Моделдеу пікірі оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен байланысын анықтап, адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді, компьютерлік графика адамның айтар ойын белгілі бір графикалық жүйеге келтіріп, адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі. Бұл моделдеу әдістемесі оқу бағдарламасының сапасын бағалау жолымен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың кұралы болып табылады.
Білім беру үрдісін жаңа бағытта жүрігізу үшін жаңа ақпараттандыру технологиясын ғылыми тұрғыда пайдаланып, оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақта қолдану пән мұғалімдеріне жүктеледі. Мұғалімдер сабақта ауызша өз мәніңде меңгертілуі қиын ұғымдарды ауызша не тақтаға жазып түсіндіргенінен гөрі компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, бұрынғыға қарағанда әрбір жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы артады.
Оқыту жүйесінде компьютерлік өнімдерін енгізу және практикалық қолдануы оқу сазының деңгейін, оқушылардың оқу-танымдық қызметінің тиімділігін арттырады.
Компьютерлік технологиялардың негізінде қалыптасқан білім беру құралдарының жаңа түрлерінің мүмкіншіліктері және олардың бүгінгі тандағы педагогика ғылымы саласында жүзеге асырылуының түрлі жолдары бар. Атап айтқанда:
- білім беретін бағдарламалық құралдар, ал олардың әдістемелік қызметі төмендегідей болып келеді: игерілген білім мөлшерінен хабардар ету, оқушылардың білім алу немесе тәжірибелік қызмет тәжірибелері мен өзіндік қабілеттерін қалыптастыру және кері байланыстар арқылы айқындалған оқу материалдарын игерудің қажетті дәрежесін қамтамасыз ете білу;
- оқу материалдарын игерудің дәрежесін бақылауға (өзін-өзі бақылауға) арналған бағдарламалар;
- оқушылардың хабарларды белгілі бір жүйеге келтіру қабілеті мен тәжірибесін қалыптастыруға арналған ақпараттық-ізденістік бағдарламалар жүйесі мен ақпараттық-анықтамалық бағдарламалы құралдар;
- құрылымдық және функционалдық сипаттамаларын оқып-білу нақтылығының белгілі бір аспектісін қамтитын имитациялық бағдарламалық құралдар (жүйелер);
- объектінің, құбылыстардың, процестің немесе белгілі бір жағдайдың (нақты және «виртуалды») үлгілерін жасауға арналған модельдік бағдарламалық құралдар;
- оқу материалдарын көрнекілік жағынан беруді қамтамасыз ететін көрсетілетін (демонстрациялық) оқу құралдары;
- түрлі оку жағдайларына (мысалы, оқушылардың дүрыс шешім қабылдай білу немесе іс-әрекеттің тиімді стратегиясын таңдай білу; қабілеттерін қалыптастыру мақсатында) арналған ойын түріндегі бағдарламалық кұралдар,
- демалыс кезінде қолданыс табатын бағдарламалық құралдар.
Оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:
- Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;
- Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;
- Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;
- Автоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту жүйелерін. тестілеу жүйелері мен мультимедианы қолдануға негізделген, танымдық қызметті дамытады;
- Ойындық әдіс, компьютерлік, іскерлік ойындарды, әксперттік жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.
- Білім беруде ақпараттық технолоғияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды:
- Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;
- Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;
- Басқа пән окытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;
- Нақты аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларьгна оқу жоспары мен бағдарламалар мазмүндарының сәйкес келуі.
Оқушыларға сапалы кәсіби білім беруге байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалап іске асырады. Осылайша компьютерлік технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.