оңтҮстік амеРикалыҚ ҚызанаҚ кҮйесінің ҚазаҚстанДағы
таРалуы
Ш.Ш. Бекенова, а.ш.ғ.к.
Нұр-Сұлтан қ., С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Тәуелсіздік алғаннан бастап республика аумағына өзге елдерден әкелінетін, жерімізде
жоқ зиянкестерден, аурулардан, арамшөптерден қорғау өзекті мәселелердің біріне айнал-
ды. Қазақстанға карантинді нысандардың ену және олардың таралу мүмкіндігі өте жоғары.
Бүгінгі таңда елімізге сырттан тасымалданатын ауылшаруашылығы өсімдік өнімдерінің
көлемі айтарлықтай артуда. Соның салдарынан Қазақстан аумағына бұрын болмаған не-
месе аздаған ошақтары бар қауіпті зиянкестер, аурулар, арамшөптер тұқымдарының
шет елдерден ену қаупі де анағұрлым ұлғайды. Әсіресе, біздің еліміз қазіргі уақытта
көптеген шет елдермен сауда-саттықты жандан-дырған [1].
2018 жылы Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі таралған карантинді
зиянкестердің 6 түрі бойынша мониторингтік жұмыстар жүргізілді: Американдық ақ
көбелек, Шығыстың жеміс жемірі, Қауын шыбыны, Калифорниялық қалқаншалы сымыр,
Жұпсыз жібек көбелегі, Комсток сымыры, Қара сүгеннің түрлері, Оңтүстік америкалық
қызанақ күйесі.
Мониторинг барысында республиканың аумақтарында оңтүстік америкалық қызанақ
күйесінің жаңа ошақтары анықталды.
Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі Tuta absoluta Meyr. Зиянкестің шыққан отаны
Орталық Америка болып табылады. Соңғы онжылда Европада және Испания фермерлері
2006 жылы өз жерлерінде кездескені туралы айтқан. Ресейдің Краснодар, Адыгей, Даге-
стан аудандарында. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе об-
лыстарында тіркелген.
Жұмыртқалары майда, цилиндр сияқты ақ-сары, ақшыл түсті, ұзындығы 0,3-0,5 мм
және ені 0,2-0,25 м. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрты алдымен басында қара дақтары
бар жасыл, өсе келе қызғылт түсті , арқасының бірінші сегментінде қара ұзынша сызығы
пайда болады. Үлкен жастағы жұлдызқұрттың ұзындығы 9 мм жетеді. Қуыршағы
ақшыл-қоңыр, ұзындығы 6 мм–дей. Көбелегі қоңыр күміс түсті, алдыңғы қанатында
қара нүктелері бар. Денесінің ұзындығы 6-7 мм, қанатын жайғанда10-12 мм. Тұмсығы
қысқа, ерін жиектерінен көрінбейді. Ерін жиектері ақшыл, мұртшалары қара ашық-
қоңыр тікенді жіптектес. Басы қоңыр алдыңғы төсіне қарай түсі қоюланады. Алдыңғы
қанаттары қоңыр, қара нүктелері бар сарғыш және ақ тарғылдылығымен, сарғыш-қоңыр
жиектелген немесе (жиырылатын жері) сары. Артқы қанаттары қою қоңыр, төменгі жағы
өңсізденген. Ішінің төменгі жағы ақшыл түсті. Аталықтары аналықтарынан шамалы
қоңырлау.
Көбелектері кешкі уақытта күн отырғанда және таң ата белсенді болып келеді, олар
қоректенбейді, сонда да 10 күнге дейін өмір сүре алады. Жұмыртқа салуды үшінші
күннен бастайды. Жұмыртқасын жапырақтың астына, жемістерге және сабақтарға
(көбіне жоғарғы бөлігіне), бір-бірлеп немесе аздаған топтен салады. Аналығының
өсімталдылығы – 200-300 жұмыртқа[2].
4 – 6-шы күні жұлдызқұрттары пайда болады. Жұлдызқұрттары 4 жаспен дамып, 12-15
күн өмір сүреді. 1-ші жастағы жұлдызқұрттар жапырақты миналап, клесі жасқа жеткенде
сабақтарға, жеміс түбіне еніп, түйіндер мен жасыл жемісті залалдайды. Жұлдызқұрттар
бір жастан келесі жасқа түлеу барысында минасыз жапырақтар мен жемістерде байқауға
болады. Жұлдызқұрттары қорек болмаған жағдайда факультативті диапауза кете алады.
Жұлдызқұрттар жапырақ бетінде, жиырылған жапырақтарда немесе «миналарда» (жібек
пілләда) немесе топырақта қуыршақтанады. Жаңа ұрпақ көбелектері екі апта шамасын-
да шығады. Зиянкес имаго немесе жұмыртқа кезеңінде, бірақ көп жағдайда терең емес
25
топырақта қуыршағы қыстайды. Жыл бойы 10-15 ұрпақ береді.
Күйенің негізгі қорегі томат болып табылады, ол далалық жағдайдағы томат
егістігіне де, көжетжайға да залалын келтіреді. Өнімділікті 25 тен 100% дейін жояды.
Көбелектер күндіз топырақта тығылып жатады, оны өсімдікті қаққанда байқауға бола-
ды. Жұлдызқұрттары томат көшеттерін отырғызғаннан, өнімді жинағанға дейін залал-
дайды. Өсімдіктің фотосинтезін төмендетеді. Жапырақтар қурап, жемістері товарлық
бағалылығын жоғалтады [3,4].
2018 жылы анықтау мониторингтік жұмыстары республика бойынша барлық облыс
аумақтарында ашық және жабық жылыжайларда өтті. Зерттелген көлем 2891 гектар,
залалданған 125,72 гектар, оның ішінде 119,04 гектар жаңа ошақ анықталып тіркелді.
Залалданған көлемдер тек жылыжайлар бойынша есептелді (1-кесте).
Ақтөбе облысында 2019 жылы жоспарланған 300 гектарға облыс бойынша барлық
аудандарда 15 сәуірде басталды да, қыркүйек айының басында аяқталды. Залалданған
3,0 гектар ошағы Ақтөбе қаласында орналасқан жылыжайлар (қызанақ отырызылған)
және ашық егістікте анықталып тіркелді. Залалданған жылыжай көлемі 1,2 гектар, ашық
егіс 1,8 гектар болды. Қызанақтың өсіп өну кезеңінде феромондық ұстағыштар қойылып,
қызанақ күйесі бар екені расталып, келесі жылға химиялық өңдеуге 3,5 гектар жоспар-
ланды.
Алматы облысы бойынша мониторингтік тексеру жұмыстары қызанақ күйесіне облыс
бойынша 488 гектар тексерілді. Барлығы 38 жылыжай тексерілді. Тексеру жұмыстары
сәуір айының 2-сі күнінен қыркүйек айының 6- на дейін жүргізілді. Еңбекшіқазақ ауда-
нында Қырбалтабай ауылдық округінде орналасқан «Иссык жеміс жидек зауыты» ЖШС-
да 100 гектар қызанақ алқабынан, 28-ші маусым күні Жамбыл ауданы Шолаққарғалы
а/о-не қарасты «Қасымбек» ШҚ-да 0,5 гектар, «Ерлан» ШҚ- 0,5 гектар, Жамбыл а/о – де
«Нуркал» ШҚ - 0,25 гектардан екі жылыжайдағы (0,5 гектар) қызанақ дақылында табыл-
ды. Алматы облыстық карантиндік зертханасының фитосанитарлық сараптамасының
қорытындысы бойынша Сарқант ауданы, Қойлық ауылдық округіне қарасты «Дедиков
Н» ШҚ-да 1 гектар қызанақ алқабынан және Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округіне
қарасты «Нам» ШҚ-да 3 гектар қызанақ алқабынан карантиндік зиянкес қызанақ
күйесімен залалданған жаңа ошақтар анықталды. 2019 жылға өңдеу көлемі 105,5 гектар
болжамдалды.
Түркістан облысы аумағында қызанақ күйесін мониторнигтік зерттеу жұмыстары
жалпы көлемі 685 гектарға жүргізілсе, оның ішінде жылыжай көлемі – 285,275 гек-
тар, қоныстанғаны – 7,82 гектар (245 га жылыжай зерттелген, 12 га залалданған, оның
ішінде 8 га жаңа ошақ), ашық егістік алқап – 399,725 гектар, қоныстанғаны – 7,4 гектар
(қоныстанған 7 га жаңа, 0,4 ескі ошақтар). Мониторнигтік жұмыстар 14 аудан және 2
қалада жүргізіліп, қазіргі кезде Келес, Сарыағаш, Төлеби және Ордабасы аудандарында
зиянкес анықталып отыр [5].
Қызанақ күйесінің жылыжай кешендерінде және ашық егістік алқаптарда көптеп
таралуына бірнеше себептер туғызады. Олар, қызанақ күйесіне қарсы күресу іс-
шараларының жүйелі жүргізілмеуі, жылыжай кешендерін тиісті түрде жабдықтамауы
салдарынан-майда көзді торлар орнатылмауы, ашық-шашық ұстауы, айналасындағы
арамшөптерден және өсімдік қалдықтарынан тазартпауынан, тасмалдау тараларын за-
лалсыздырмауынан, қызанақ күйесі залалдаған өсімдік жапырақтары мен жемістерін
жұлып алып көміп тастамау салдары, химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізбеу
және кейбір шаруашылықтардың қолданып жатқан препараттардың сапасы төмен болу-
ынан және т.б.
2018 жылға оңтүстік америкалық қызанақ күйесіне қарсы химиялық өңдеу көлемі
119,04 гектар ашық аумаққа жоспарланған.
1-кесте - Оңтүстік америкалық қызанақ күйесінің таралуының 2018 жылғы мәліметі,
га
26
№
р/с
Облыс (қала) атауы
Зерттелгені
Залалданғаны
Жылыжайлар саны
жоспар
нақты
барлығы
о.і. жаңа
ошақ
зерт-
телгені
о.і. залал-
данғаны
1
Ақмола
10
10
2
Ақтөбе
300
300
3,0
0,7
5
2
3
Алматы
488
488
105,5
105,5
38
4
4
Атырау
100
100
2,0
2
2
5
Ш.Қазақстан
10
10
6
Жамбыл
800
800
2
7
Б.Қазақстан
100
100
3
8
Қарағанды
90
90
12
9
Қостанай
17
17
1
10
Қызылорда
195
195
8
11
Манғыстау
8
8
3
12
Павлодар
10
10
13
С.Қазақстан
5
5
14
Түркістан
685
685
15,22
10,84
245
12
15
Алматы қ-сы
5
5
16
Нұр-Сұлтан қ-сы
3
3
17
Шымкент қ-сы
65
65
27
Барлығы:
2891
2891
125,72
119,04
346
18
Достарыңызбен бөлісу: |