Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет35/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

список использованных источников
1. Глинушкин А.П. Эффективность применения средств защиты в технологиях возде-
лывания яровой мягкой пшеницы //Известия Оренбургского государственного аграрного 
университета. – vol. 1. – № 21. – 2009, С. 25-27
2. Коробов В.А. Защита мягкой яровой пшеницы от комплекса специализированных 
вредителей в Западной Сибири и Северном Казахстане: автореф…докт. с./х. наук. – Но-
восибирск, 200. – 38 с. 
3. Kemper, R., Rinke, N., Gerhards, R., Böhm, H. Weed suppression and crop yield 


77
performance in sole and intercrops of common vetch and spring wheat depending on seed 
density ratio in organic farming [Article@Unkrautunterdrückung und ertragsleistung in reinsaat 
und gemengen von saatwicken mit sommerweizen in abhängigkeit vom saatstärkenverhältnis 
im ökologischen landbau] (2020) Journal fur Kulturpflanzen, 72 (1), РР. 12-24.
4. Чулкина В.А., Торопова Е.Ю., Чулкин Ю.И., Стецов Г.Я. Агротехнический ме-
тод защиты растений /Под ред. А.Н. Каштанова. – Новосибирск: ООО «Издательство 
ЮКЭА», 2000. – 336 с.
5. Захаренко В.А., Захаренко А.В. Борьба с сорняками //Защита и карантин растений, 
2004. – №4. – С.83-85 
солтҮстік ҚазаҚстанның ҚҰРғаҚ Далалы аймаҚ ЖағДайынДа 
Қытай селекциясының пеРспективті майбҰРшаҚ соРттаРын 
зеРттеу Жəне бағалау
Ә. Абдыгали, магистрант
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Барлық дәнді бұршақ дақылдары тұқымдары мен вегетативті массасындағы ақуыздың 
жоғары мөлшері есебінен жоғары азықтық және малазықтық құндылыққа ие. Ақуыздың 
ең жоғары мөлшерімен майбұршақ пен бөрібұршақ ерекшеленеді. Оның мөлшері өсіру 
жағдайларына байланысты әр түр арасында ғана емес, бір дақыл ішінде де өзгереді. 
Бұршақ дақылдарының дәндеріндегі ақуыздың биологиялық құндылығы өте жоғары. 
Егерсүт ақуызының биологиялық құндылығын 100 деп алсақ, көптеген дәнді бұршақ 
дақылдарының биологиялық құндылығы 75 – 85, ал майбұршақтың құндылығы 100-ге 
жақын болады [1].
Халықты азық – түлікпен, атап айтқанда тағамдық ақуызбен қамту мәселесі қазіргі 
таңда өзектілігін сақтап отыр. Азықтық және ауылшаруашылық ұйым мамандары (FAO) 
ойынша, 2050 жылға дейін ауқымды аштықты алдын алу мен азықтық қауіпсіздікке 
кепілдік беру үшіндүние жүзіндегі ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру мөлшері 2 есе-
ге арту керек. Ол уақытқа дейін жер шарындағы халық санышамамен 9,1 дейін артады 
[2].
Ақуыз жетіспеушілігін көпшілік таңдаған жолмен жою, яғни оның сапасыздығын 
жою және азық-түліктің тағамдық құндылығын жоғарылатудың жолы болып ақуыздың 
жаңа көздерін пайдалану болып табылады. Барлық ауылшаруашылық дақылдардың 
ішіндегі ақуыздың жалпы массасы жөнінен майбұршақ (62,7 млн т) бидайдан кейінгі (71 
млн т) екінші орында. Алайда бидай ақуызы тағамдық мақсатта 74 % пайдаланылады, ал 
майбұршақ ақуызы ФАО бағалауы бойынша 10 % артық емес, сондықтан да тағамдық 
жер шарындағы негізгі көзі болып майбұршақ танылған [3].
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымымының документтерінде белгіленгендей 
майбұршақ ақуызы жануар ақуызымен тең келетіндей бірегей аминқышқыл құрамымен 
ерекшеленеді [3].Майбұршақты тағамға пайдалану дүние жүзіндегі алдыңғы мем-
лекеттерде үлкен темппен өсіп келе жатыр және жылына 5-8 % құрайды. Жыл сайын 
майбұршақ тұқымдарының өнімінен 85 % екі негізгі өнім алуға жұмсалады: майбұршақ 
майы мен күнжара. Осыған байланысты майбұршақ ақуызымен халықты қамту мәселесі 
өзекті болып отыр.
2016 жылы еліміздегі майбұршақ егістіктері 106 мың гектар құрады, олардың 98 
мыңы Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік – шығыс аймағы жағдайында шоғырланған [4]. 
Солтүстік Қазақстанның құрғақ – далалы аймақ жағдайында қытай селекциясының 
перспективті бұршақ сорттарына экологиялық баға беру үшін 2019 жылы зерттеу 
жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтқанда зерттеу Ақмола облысы Целиноград ау-


78
даны жағдайында өтті. Аудан климаты тым континенттік жазы ыстық, қысы суық. 
Зерттеу жүргізілген жылы ауа температурасы көпжылдық орташа температурамен 
салыстырғанда біршама жоғары, ылғалдану мөлшері аз болды.Тәжірибеге бақылау 
нұсқасы ретінде стандарт сорт Бара және қытай селекциясының 39 сорты, барлығы 40 
сорт алынды. Бір сорт 3 қайталымнан себілді. Тәжірибе аланының ауданы 400 м2. Зерт-
теу барысында сорттардың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы, аурулар мен зиянкестерге 
төзімділігі, жапырылуға, шашылуға төзімділігі анықталды. Жинаудан кейін қосымша 
кептіруден өткен тұқымдардың технологиялық сапа көрсеткіштері – ақуыз мөлшері мен 
май мөлшері анықталды. Зерттеуге алынған сорттар арасында бұл көрсеткіштер 1-кесте-
де көрсетілген. 
1-кесте - Майбұршақ сорттарының сапалық көрсеткіштері, 2019 жыл

Сорт атауы
Ақуыз мөлшері, %
Май мөлшері, %
1
Бара
38,23
22,3
2
Beidou 47
37,49
19,96
3
Beidou 14
38,30
20,84
4
Longken 333
37,73
19,94
5
Beidou 41
37,63
20,94
6
Heihe 43
37,64
20,35
7
Kendou 68
38,51
18,74
8
Kenjiandou 28
40,95
20,60
9
Beidou 19
38,62
19,38
10
Longken 336
39,83
19,66
11
Heihe 38
37,02
19,04
12
Beidou 52
37,48
21,28
13
Jinyaan 55
39,00
20,55
14
Beidou 53
36,68
20,7
15
Kenfend 20
36,59
20,23
16
Dongnong 63
35,57
20,76
17
Heihe 58
35,47
20,8
18
Heihe 59
35,05
21,2
19
Heihe 33
34,45
17,8
20
Heihe 35
40,58
17,3
21
Heihe 44
37,53
17,7
22
Heihe 49
41,85
16,6
23
Beidou 26
39,46
17,6
24
Beidou 36
39,40
17,4
25
Beidou 43
33,33
21,4
26
Beidou 51
35,29
22,5
27
Huajiong 2
33,80
20,7
28
Suiyang 1
37,82
19,8
Мабұршақ тұқымындағы ақуыз мөлшері 33-тен 45%-ға дейін, май мөлшері 20-
дан 25,7% аралығында ауытқиды[1]. Ақуыз мөлшері бойынша көрсеткіштер 33,33%– 
41,85%аралығында болды. Ең жоғары мөлшері - Heihe 49 сортында 41,85% ал ең төмен 
көрсеткіш Beidou 43 – 33,33%құрады. Стандарт сорт Бара - 38,23%. Азық – түліктік 
майлардың ішінде өндірісі бойынша бірінші орынды майбұршақ майы иеленеді. Зерт-


79
теуге алынған сорттар арасында май мөлшері 16,6% - 22,5% аралығында ауытқыды. 
Майдың максималды мөлшері - Beidou 51 сортында 22,5% құрады, ал стандарт сорт Ба-
рада – 22,3%. Минимум мөлшері сортында Heihe 49 – 16,6% болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет