Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет38/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. A suitable rotational conservation tillage system ameliorates soil physical properties 
and wheat yield: An 11-year in-situ study in a semi-arid agroecosystem, Yu, Q.a,b, Wang, H.a,b, 
Key Laboratory of Crop Physi-ecology and Tillage Science in Northwestern Loess Plateau, 
China, Volume 199, May 2020, Номер статьи 104600
2. Басибеков Б.С. Влияние азотных удобрений на качество урожая озимой пшеницы 
на орошаемых землях Казахстана. Доклад Конференции факультета агрохимии и почво-
ведения. - Алма-Ата, 1973.-С.-76-78.
3. Кореньков Д.А. Превращение азотных удобрений в почве при внесении их под 
различные сельскохозяйственные культуры // Агрохимия.1973.- №3- С.3. 
4. Минеев В.Г. Химизация земледелия и природная среда.. - М., 1992. 271 с.


86
ҚаРағанДы облысы нҰРа ауДаны щеРбаков ауылДыҚ 
окРугы «ҚайнаР» Жшс-нің ҰзаҚ уаҚыт ауылшаРуашылыҚта 
ҚолДанылған кҮңгіРт ҚаРа-ҚоңыР топыРағының ҚҰнаРлылыҚ 
кӨРсеткіштеРінің ӨзгеРуі
А. Амангелді, магистрант
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың басты шарты және ауыл шаруашылығы 
өндірісін кеңейту көзі – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын 
сақтау, қалпына келтіру және ұтымды пайдалану. Ауыл шаруашылығы алқаптары 
жерлерінің құнарлылығы мен өнімділігінің жай-күйін болжау және есепке алу үшін 
оның уақыт пен кеңістікте топырақтың жай-күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерінің 
мониторингі тұрақты түрде жүзеге асырылады [1].
Бүгінгі таңда әлем елдері бойынша топырақтың әлеуеттік құнарлылығын сақтау және 
жоғарылату – мемлекеттік және халықаралық деңгейлерде талқыланып отырған басты 
мәселенің бірі.
Дамушы елдердегі ұсақ фермерлер жағдайында жер өңдеу мен жерді пайдаланудың 
ұзақ мерзімді жүйелерінің топырақ қасиеттеріне және қоректік заттардың қорларына 
әсері туралы шектеулі мәліметтер бар[2].
Қазіргі кезде Қазақстанның құрғақ дала аймағының жер ресурстарын шаруашылық 
басқару әдістерін түбегейлі қайта құру қажеттілігі туындады. Қазақтың ұсақ 
шоқыларының орталық бөлігі биоклиматтық жағдайлардың алуантүрлілігімен және жер 
бедерінің күрделі құрылымымен, соған байланысты топырақ жамылғысының және оның 
генетикалық қасиеттерінің біртекті болмауымен сипатталады. Дала аймағы органикалық 
заттар динамикасының ерекшелігі антропогендік әсерге төтеп беруі әлсіз табиғи орта бо-
лып саналады. Топырақтың табиғи құнарлылығын жоғалту қаупі дала аймағының құрғақ 
климаты жағдайында бұзылған экожүйенің қайта қалпына келуі өте баяу жүруіне байла-
нысты [3].
Топырақты ұзақ уақыт ауыл шаруашылық пайдалану морфологиялық белгілері мен 
физикалық-химиялық қасиеттерінің, топырақ кескінің жоғарғы бөлігінің қарашіріндіқуаты 
мен қоректік режимінің өзгеруін тудырады. Әртүрлі қарқындылықтағы агроценоздарда 
топырақты ұзақ уақыт пайдалану топырақ кескінінің жоғарғы бөлігіндегі қарашірінді 
қорының өзгеруі мен қабаттарға әртүрлі таралуына ғана емес, сонымен қатар фосфор 
мен алмаспалы калийдің жылжымалы формаларыныңмөлшерінің өзгеруіне де алып 
келеді [4].
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты: Қарағанды облысы Нұра ауданы Щерба-
ков ауылдық округы «Қайнар» ЖШС-нің ұзақ уақыт ауыл шаруашылықта қолданылған 
күңгірт қара-қоңыр топырағының құнарлылық көрсеткіштерінің өзгеруін зерттеу. 
Тассуат (Щербаков) ауылдық округінің аумағы күңгірт қара қоңыр топырақ астындағы 
құрғақ дала аймағында орналасқан және Орталық Қазақстан провинциясына жатады.
Жыртылған жерлердің басым топырағы күңгірт қара қоңыр топырақты және гумус 
қабатының қуаты, гумус құрамы, қоректену элементтері, тұздану дәрежесі, механикалық 
құрамы бойынша ерекшеленетін олардың карбонатты аналогтары болып табылады.
Ауданның топырақ жамылғысының өзіндік ерекшеліктері бар. Жұқа қабатты
қарашірігі аз, қиыршық тасты, құрамында суға тез еритін тұздары көп болғандықтан, 
сортаңды келеді. Топырақ қиыршық тасты болғандықтан, бойында ылғалды ұзақ ұстап 
түра алмайды. Ол жер астына сіңеді, не тез буланып кетеді. Сондықтан қарашірік жасай-
тын шіру процесінің жүргізуіне қажетті ылғал жетіспейді. Булану көп болғандықтан, тұз 
топырақтың жоғары қабатында (горизонтына) көтеріледі де, сорға айналады [5].


87
Жартылай станционарлы экологиялық алаң (ЖСЭА) құру үшін Қарағанды облы-
сы Нұра ауданының ауылдық округтеріндегі басым топырақтарды анықтау бойынша 
мәліметтер негізге алынды. №24 ЖСЭА учаскесінің шаршы пішінді 1 га ауданына «кон-
верт» әдісі бойынша тереңдігі 1,0 метр болатын 5 негізгі кескін қазылды. Кескіннен 
үлгілерді алу генетикалық қабаттарда ленталық әдіспен, ал жыртылатын қабатта 10 см 
аралықпен жүргізілді. Алынған топырақ үлгілерінталдау жұмыстары жалпыға бірдей 
қабылданған мемлекеттік стандартқа сай жүргізілді.
Топырақ кескінінің морфологиялық құрылымына толығырақ сипаттама беру үшін 
«конверттің» ортасынан алынған №1 кескіннің сипаттамасын ұсынамын: Алқап – тәлімі 
егістік. Тұз қышқылында қайнауы 30 см-ден басталады.
Орташа қуатты кебірленген сортаңданған күңгірт қара-қоңыр топырақтар құрғақ дала 
аймағының зональды топырақ типіне жатады. Бұл топырақтар құрғақ құрлықтық кли-
мат жағдайында қалыптасады. Жер асты сулары тереңде (6 метрден тереңде) орналасып, 
аталмыш топырақтардың даму үрдісіне әсерін тигізбейді. 
«Ажырт» қабатындағы қарашіріндінің орташа мөлшері 3,19%, «В1» қабатында 1,46%, 
ал «В2» қабатындағы қарашіріндінің орташа мөлшері 0,74%-ды құрайды. Қарашіріндінің 
мөлшері аз, оның мөлшері кескін бойымен төменгі қабаттарға қарай азаюы, сәйкесінше 
қоректік элементтер – азот, фосфор, калийдің де мөлшерлерінің біртіндеп азаюы 
байқалады.
Осы аумақтың орташа қуатты кебірленген сортаңданған күңгірт қара-қоңыр 
топырақтары механикалық құрамы бойынша ауыр саздақты болып келеді, «Ажырт» 
қабатындағы физикалық балшықтың мөлшері – 58,26%. >3мм фракциялардың мөлшері 
бойынша «Ажырт» қабаты қаңқасыз (қаңқалы фракциялардың мөлшері 3,00%-дан төмен) 
болып келеді. 
10% тұз қышқылында осы топырақтар үстіңгі қабатынан бастап қайнайды.
«Ажырт» қарашірінді қабатының топырақ ерітіндісінің реакциясы (рН мөлшері – 
6,10). «В1» қабатында Топырақ кескіні бойынша төменгі қабаттарға қарай ерітінді 
реакциясының сілтілігі арта түседі. 
Жеңіл еритін тұздар мен гипс топырақ кесікінінде «В2» қабатында, кейде «ВС» 
қабатында кездеседі. «В2» қабатындағы тұздар мөлшері 0,118-0,196%, тұздану типі – 
сульфатты-хлоридті, натрийлі, тұздану дәрежесі – әлсіз, топырақтар сортаңданған, 
яғни тұздар 80 см тереңдікте кездеседі, кейбір кескіндерде тұздар 30-80 см тереңдікте 
кездеседі.
«Ажырт» қабатының көлемді салмағы 0,88г/см3 құрайды, «В1» қабатының көлемдік 
салмағы 1,02г/см3, «В2» қабатында осы көрсеткіш – 1,14г/см3 тең.
Қоңырқай-сұр, ылғалды, ауыр саздақты, кесекті, 
әлсіз тығыздалған, кеуекті, тамырлары көп, келесі 
қабатқа ауысуы анық.
Сұр-қоңыр, ылғалды, ауыр саздақты, кесекті, 
тығыздалған, кеуекті, аз тамырлары , келесі қабатқа ау-
ысуы анық емес.
Қоңыр, ылғалды, жеңіл саздақты, кесекті, 
тығыздалған, әлсіз кеуекті, тұз қышқылы әсерінен қатты 
қайнайды, сирек тамырлары, келесі қабатқа ауысуы 
анық емес.
Қоңыр, ылғалды, жеңіл саздақты, кесекті, тығыз, 
тамырлары аз, қатты қайнайды, дақтар түрінде карбо-
наттар кездеседі, келесі қабатқа ауысуы біртіндеп
Ашық қоңыр, ылғалды, жеңіл саздақты, құрылымсыз, 
тығыз,қатты қайнайды. 


88
ЖСЭА №24 топырақтары жерлердің жарамдылығы бойынша I категорияға жата-
ды (егістікке жарамды жерлер), 8-класс – әлсіз кәрізделген, қысқа уақыт ылғалданған 
саздақты және құмбалшықты карбонатты. Аридті жағдайларда сортаңданумен қатар 
әлсіз тұздану да кездеседі [6]. 
1 - кесте – жерді мониторингілеудің жылдар бойынша көрсеткіштері, ЖСЭА№ 24. 
Бақыланатын көрсеткіштер
Деректеркөзі
Келесі салыстырмалы деректер
2009
2013
2019
Қарашірінді қабатының қуаттылы, Аж+В1, 
см
34
34
34
Қарашіріндімөлшері, Аж/қабат 0 - 30см, %
3,40
3,10
3,36
Жалпы азот, Аж/қабат 0 - 30см, %
0,234
0,200
Жалпы фосфор, Аж/қабат 0 - 30см, %
0,10
0,120
Жылжымалы фосфор, Аж/қабат, мг 100г
0,98
3,14
2,36
Жылжымалы калий, Аж/қабат, мг 100г
36,93
43,97
44,39
Сіңірілген натрий В1, мг-экв/100г
4,32
1,24
2,36
Көмірқышқылы карбонаты, Аж/қабат,%
2,68
1,65
Суда еритін тұздардың таралуының жоғарғы 
шекарасы, см
24
54
55
Жоғарғы тұзды қабаттың тұздылық химиясы
Хлорлы-сульфатты
сульфатты-хлор-
лы
сульфатты-карбо-
натты
Ұзақ жылдар бойы бақылаудың нәтижесінде ЖСЭА №24 топырағындағы 
қарашіріндінің 2009, 2013 және 2019 жылдар аралығындағы ең жоғары мөлшері 2009 
жыл, яғни ауыр саздақты орташа қуатты кебірленген сортаңданған күңгірт қара-қоңыр 
топырақтың қарашірінді мөлшері 2009 жылы 3,40% мәнге ие болды. Ал 2013 жылы бұл 
көрсеткіш 3,10%-ды құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 0,3%-ға төмендеді. 2019 жылы 
2013 жылға қарағанда 0,26%-ға жоғарылап, 3,36%-ды құрады. Жоғарыда көрсетілген 
мәліметтер бойынша қарашірінді мөлшері айтарлықтай өзгешеліктер байқалмайды. Ұзақ 
жылдар бойы бақылаудың нәтижесінде ЖСЭА №24 топырағындағы жылжымалы фос-
фор мөлшері 100 г топырақта 2009 жылы 0,98 мг, жылжымалы калий 36,93 мг құраса, 
2013 жылы сійкесінше 3,14 мг, 43,97 мг шамасына тең болды. Ал 2019 жылғы талдау 
нәтижесінде 2,36 мг, 44,39 мг құрады. Кесте мәліметтеріне сәйкес, жоғарға қабаттың 
тұздылық химиясы 2009 жылы хлорлы-сульфатты болса, 2013 жылы сульфатты-хлорлы 
типке ауысып, 2019 жылы сульфатты-карбонатты болып өзгерген.
Қорытынды. Жартылай станционарлы экологиялық алаң (ЖСЭА) құру үшін 
Қарағанды облысы Нұра ауданының ауылдық округтеріндегі басым топырақтарды 
анықтау бойынша мәліметтер негізге алынды.
ЖСЭА №24 топырақтары жерлердің жарамдылығы бойынша I категорияға жата-
ды (егістікке жарамды жерлер), 8-класс – әлсіз кәрізделген, қысқа уақыт ылғалданған 
саздақты және құмбалшықты карбонатты. Аридті жағдайларда сортаңданумен қатар 
әлсіз тұздану да кездеседі
Егістік алқаптар ретінде пайдалану үшін күрделі емес тұздануға және дефляцияға 
қарсы іс-шараларды қажет етеді. 
Осылайша №24 ЖСЭА орташа қуатты кебірленген сортаңданған күңгірт қара-
қоңыр топырақтарының құнарлылығы жеткіліксіз мөлшерде. Бұл топырақтардың 
кескінінде токсинді тұздар бар, яғни суда еритін тұздардың токсинділігі құрғақшылық 
жылдары топырақта ылғал қоры жеткіліксіз болған жағдайда пайда болады, демек осы 
топырақтардағы барлық іс-шаралар ең алдымен қар және жаңбыр суларын топырақ 
бойында ұстауға арналуы тиіс. Сонымен бірге тұзға шыдамды дақылдарды (арпа, 
түйежоңышқа, қияқ) таңдау да үлкен маңызға ие [6].
Сонымен бірге ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру және 
топырақтардың құнарлылығын арттыру үшін органикалық және минералды 


89
тыңайтқыштар енгізілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет